«Алғыс білдіру ең асыл сөз»
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында 1-Наурыз «Алғыс айту» күні «Алғыс білдіру ең асыл сөз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылардың жанұяға, ата-анаға,үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынас, ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы нақыл сөздер қойылды. Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. «Жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар» –деп білім алушыларға түсіндірме жұмыстары жасалды.