Бізді ақылды ететін кітап- дана
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында « Төрт тоқсан –төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның тұжырымдамасы аясында «Бізді ақылды ететін кітап- дана» үлгілік тақырыбында кітаптар керуені ұйымдастырылды. Керуенге 3- сынып білім алушылары қатысты. Мектептің кіре берісіне аталған тақырыпта кітап көрмесі жасалынды. Кітапханашы білім алушыларға кітапханадағы құнды шығармаларды, жас оқырмандар үшін қылықты да қызықты ертегілер мен түрлі- түсті көздің жауын алатын кітаптарды таныстырып, балалардың қызығушылығын арттырды. Білім алушылар өздері оқыған кітаптары туралы ойларын ортаға салды. Жаттаған өлеңдерін оқыды.
Мақсаты: Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапханаға оқырмандарды тарту.