20
январь
2023
«Білімге құмарлық - кітаптан»
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Білімге құмарлық - кітаптан» атты аудандық кітап оқу сайысы ұйымдастырылды. Байқау екі кезеңнен тұрды.
- Шерхан Мұртазаның « Ай мен Айша» романы бойынша тестілеу 50 сұраққа жауап беру. 3сұрақтан құралған билетке жауап беру және 150 сөзден тұратын эссе жазу.
- Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша тестілеу, 50 сұраққа жауап беру.3 сұрақтан құралған билетке жауап беру және 150 сөзден тұратын эссе жазу.
Байқауға 10 «А» сынып білім алушысы Қашарбай Ақнұр қатысып, жүлделі III - орынды жеңіп алды. Аудандық білім бөлімі басшысының мақтау қағазы мен бағалы силығына ие болды. Мектеп кітапханашысы да алғыс хатпен марапатталды.
Мақсаты: Мектеп білім алушыларын кітап оқуға баулу, кітап оқитын ортаны қалыптастыруға ықпал ету, Балалар арасында кітап оқуды насихаттау, еркін ойлауына, көркем әдеби тілде сөйлеуіне, ой – өрісін дамытуға ықпал ету. Кітапхана жұмысын жандандыру. Кітапханаға оқырмандарды тарту.