Балалар жылы
Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялануына байланысты, жыл бойына алуан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шаралардың басым бөлігі, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ерекше білімді қажет ететін балаларды демеуге, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға, шығармашылық талаптарын дамытуға бағытталды.
Осыған орай, Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде «Балалар жылын» қорытындылауға арналған «Дарынды балалар-мақтанышымыз» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында мектепішілік,
аудандық,
облыстық іс шараларға белсене қатысқан білім алушыларды марапаттау рәсіміде орындалды. Сонымен қатар,
білім, өнер, спорт саласында жоғары жетістіктерге жеткен білім алушыларға арнайы демеушілер тарапынан сый -құрмет табысталды. Тынымсыз еңбектің жолында журген әріптестерімізге арнайы мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар жарияланды .
Іс-шараға демеушілік жасаған мектебіміздің жомарт түлегі, Боршеков Ербол Жолдыбайұлына алғыс білдіреміз.