"Қыздармен жұмыс "
Ә.Хасенов атындағы #11ЖОББ мектебінде психологиялық қызметтің негізінде тоқсан сайын жоспарға сәйкес 2022 жылдың 14 желтоқсан күні 8-9-10-11 cынып білім алушы жасөспірім қыздарға арналған сауалнама жүргізілді.
Мақсаты: Қыз балалардың көңіл - күйлерін анықтау.
Нәтижесінде: Қыз балалардан 11 сұрақтан тұратын сауалнама алынды. Оқушылардан отбасында кіммен тұрасың деген сұраққа ата-анаммен тұрамын 100% көрсетті. Сізді ата- анаңыз тыңдай ма?- деген сұраққа 100% ата-анам мені тыңдайды деп жазған. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болу керек? деген сұраққа қыздар: адамгершілік, инабаттылық, әсемдік болу керек деп жауап берді. Сен киіну мәдениетіне мән бересің бе? иә мүмкіндігінше-100%. Мектептегі оқу жетістіктерің қандай?: өте жақсы-42%, жақсы-32%, орташа-24 %. Сыныптағы құрбыларыңмен қарым-қатынасың қандай? деген сұраққа өте жақсы-95%, кейде түсініспеушілік болып тұрады-5 %. Сауалнамаға 65 оқушы қыздар қатысты. Сауалнаманы талдау барысында қыз балалардың көңіл- күйі анықтау кезінде қыздардың мінезінде ауытқушылықтар байқалмады.