Әлемді
эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде
балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және тұлғалы үйлесімді дамыту,
өзін-өзі сахна әлемі арқылы қалыптастыру мақсатында жеткіншектер «Үміт» сарайында өткізілген театр байқауына қатысты.
«Рухани
жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Театрдың ғажайып әлемі» тақырыбында
өткізілген театр байқауында 2 орынға ие
болған №11 жалпы білім беретін мектептің оқушылары технология пәнінің мұғалімі Онгарова
Күлянда Кульясовнаның, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Джамансартова Зоя
Омуркуловнаның қолынан шыққан ертегі кейіпкерлерін сахнада сомдап берді. Орыс
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алимбекова Гульшат Бейсенбаевнаның ұйымдастыруымен
орыс тілінде «Теремок» ертегісін сахналады. Мектеп оқушылары Әшімқұл Толғанай,
Құрамыс Ұлар, Ғабди Саида, Рахманқұлов Әлішер, Мирабильдаева Аружан, Смирнов
Роман өздеріне берілген рөлдерді жақсы сомдап,
өнерлерін көрсете білді.