03
сентябрь
2024
МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН
Бүгін кез келген бала мен бүлдіршіннің өмірі үшін маңызды күн. Әсіресе, мектеп табалдырығын енді аттаған бала мен ата-ана үшін орны ерекше ,ең ұлы мереке екені даусыз.
Осындай атаулы мереке Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-11 сынып білімалушыларына «Менің Отаным -Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттары өз деңгейінде өткізіліп, оқушылар туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін жеткізе білді.
Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы ой-өрістерін кеңейту. Халқымыздың әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, әдебиеті мен мәдениетіне деген танымдық қызығушылықтарын ояту. Туған жерін сыйлауға, бағалай білуге Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы.
Аптаның дәйексөзі: "Білім -қымбат қазына, қанағат тұтпа азына" (Мұзафар Әлімбаев)
