9-11 сынып білім алушылары» Еңбек жемісі» атты ата-аналардың жұмыс
Әмеди Хасенов атындағы №11жалпы орта білі беретін мектебінде кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай 2023 жылдың қараша айында 9-11 сынып білім алушылары» Еңбек жемісі» атты ата-аналардың жұмыс орнына мектебіміздің медициналық бөлмесіне саяхат жасалды. Саяхаттың мақсаты: білім алушыларды дәрігер мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру. Саяхат барысында медбике Исакова Жансая білім алушылармен сұхбаттасып, білім алушыларға болашақ мамандығын таңдауда – өмір жолындағы ең маңызды шешімдердің бірі екендігін айтты. Сондықтан болашақ мамандықты таңдауға өте, өте байыппен қарау керек. Дәрігер мамандығы – өте абыройлы да жауапты іс, өйткені адамның денсаулығы, кейде өмірі дәрігерге байланысты. Адамдар дәрігердің кез келген жағдайда міндетті түрде көмектесетініне сенеді дәрігердің арқасында науқас міндетті түрде жақсарады. Бірақ шынымен нағыз дәрігер болу үшін жақсы оқу керек, дәрігер ретінде не істеу керектігін қаншалықты жақсы білетініне байланысты болады. Дәрі дәрмекті дұрыс тағайындамау, адам өміріне немқұрайлы қарау, адамдардың дәрігерлердің көмегіне деген сенімін де жояды. Дәрігер мамандығы адамгершілігі мол, өйткені өзгеге көмектесу – ақ ниетті, жаны таза адамның ісі. Болашақ мамандықты таңдаған соң, дәл осындай адам болуға тырысу керек. Білім алушылар сұрақтар қойып, сұрақтарына нақты жауап ала алды.