Кәмелетке толмағандардың суицидтік (аутодеструктивті) мінез – құлқының алдын алу ата-аналармен кездесу
Кәмелетке толмағандардың суицидтік (аутодеструктивті) мінез – құлқының алдын алу ата-аналармен кездесу
№11 ЖОББ мектебінде ата - аналармен өткізілген жиналыстың
Хаттамасы
15 қыркүйек 2023 ж Ақермен ауылы
Қатысқан ата – ана саны: 65
Жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар назарына мектеп формасы және жаңа оқу жылында мектептің ата аналар қоғамдық кеңесі қызметінің міндеттері айқындалды.
Жиналыста қаралған мәселелер:
1. 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
/мектеп директоры Р. З. Сейтқазиев/
2. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет – тәуелділік қалыптасуының алдын алу шаралары
/ДҚТЖО: Сексенбаев А. мектеп инспекторы: Б. Дәуренбеков/
3. Кәмелетке толмағандардың суицидтік (аутодеструктивті) мінез – құлқының алдын алу
/мектеп психологы Ж.Б. Мухамеджанова/
4. Ата – аналар қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту
/мектеп директоры: Р. З. Сейтқазиев/
3 мәселе бойынша мектеп педагог-психологы Ж. Б. Мухамеджанова ата – аналармен «Бала мен ата – ана қарым – қатынасы» тақрыбында сұрақнама жүргізіп, ата – аналар «иә», «жоқ» жауаптары арқылы жауап беріп, өздерінің балаларына деген қарым – қатынасы анықталды.
Балаңызбен қарым-қатынастың суретін көруге және көрсетуге көмектесетін бірнеше сұрақтарға жауап берейік.
1. Балаңыздың дүниеге келуі қалаулы болды ма?
2. Сіз оны күнде сүйесіз бе, тәтті сөздер айтасыз ба, әзілдесесіз бе?
3. Сіз онымен әр кеш сайын шын жүректен сөйлесіп, оның күнін талқылайсыз ба?
4. Сіз онымен аптасына бір рет бос уақытыңызды өткізесіз бе (кинотеатрға, концертке, театрға, туыстарға баруға, шаңғы тебуге және т.б.)?
5.Онымен отбасылық проблемаларды,жағдайларды,жоспарларды талқылайсыз ба?
6.Онымен оның бейнесін, сәнін, киіну тәсілін талқылайсыз ба?
7. Сен оның достарын білесің бе (немен айналысады, қайда тұрады)?
8. Сіз оның ермегі, хоббиі, іс-әрекетінен хабардарсыз ба?
9. Оның махаббатын, жанашырлығын білесің бе?
10. Оның жаулары, арамзалары, жаулары туралы білесің бе?
11. Оның мектептегі ең жақсы көретін пәні қандай екенін білесіз бе?
12. Оның мектептегі ең жақсы көретін мұғалімі кім екенін білесің бе?
13. Оның мектептегі ең жақсы көрмейтін мұғалімі кім екенін білесіз бе?
14. Татуласуға, әңгімелесуге бірінші болып барасыз ба?
15. Балаңызды балағаттайсыз ба, кемсітесіз бе? Егер сіз барлық сұрақтарға «ИӘ» деп жауап берсеңіз, онда сіз дұрыс ата-аналық жолдасыз, жағдайды бақылауда ұстай аласыз. «ЖОҚ» деп көбірек жауап берген болсаңыз онда сізге дереу өзгеруіңіз керек, өз балаңызға мейлінше көңіл бөліңіз.
Сонымен қатар мектеп психологы Мухамеджанова Ж. Б. жыл сайын Суицид жағдайына бейім тұлғаның мінез-құлықтық ерекшеліктері:
Өзін өлтіру туралы табанды немесе қайталанған ойлар;
Жабығулы көңіл күй, асқа тәбеттің және өмірлік белсенділігінің жиі жоғалуы, ұйқысының қашуы;
Көп жағдайда есірткі немесе спирттік ішімдікке тәуелді болуы;
Оқшаулануы, өзін ешкімге керегі жоқ сезінуі;
Үмітсіздік, дәрменсіздік сезімі. Осы уақытта өзіне - өзі қол жұмсау тілегі алғашқы, күшті сезімі болуы мүмкін.
Еш үмітсіз сезімнен және өзін өлтіру туралы ойының әсерінен басқа адамдармен қарым - қатынас жасай білмеуі;
Жеткіншектің өзіне - өзі қол жұмсауының себептері:
Депрессиялық көңіл күй. Жеткіншектің жанының жараланғыштығы, психикалық ауруларға шалдығуы да әсерін тигізеді.
Отбасындағы шиленіскен қарым - қатынастар әсерін тигізеді;
Оқудағы қиындықтар (мұғаліммен ортақ тіл табыса алмауы да әсерін тигізеді);
Ол әдетте сәтсіздіктің белгісі, басқа адамдармен қарым - қатынасындағы сәтсіздіктер, жақын адамынан айырылу;
Қоғамдық орындардағы эмоционалдық, психикалық көңіл күйге назар аудармай, ауыр дөрекі сөздермен кемсіту, ар - ождан, намысқа тию;
Дене бітімінде физиологиялық кемшіліктер (адамның өзіне - өзі қанағаттанбауы).
Тәуекелге баратын жасөспірімдер:
«Қиын» жасөспірімдер:
1. Ата-ананың қарауынсыз қалған балалар
2. Мүгедек балалар
3. Физиологиялық және психикалық даму кемістігі бар балалар
4. Зорлық-зомбылық көрген балалар
Өзін-өзі бағалауы төмен балалар:
1. Тез ренжігіш
2. Депрессияға жеңіл түсетін балалар
Көріп отырғанымыздай, суицидтік әрекеттер тамыры терең кеткен әр түрлі әлеуметтік жағдайлардан, үлкендер баламен дұрыс қарым-қатынас орната алмағандықтан болатыны белгілі. Сондықтан психологтар осындай қауіпті балалар мен жекелей жұмыс, олардың ата-аналары мен де жекелей жұмыс жүргізуі керек.
Жасөспірімдердің өз - өзіне қол жұмсауы жөніндегі мәселе бойынша ата - аналарға кеңес:
1. Отбасы арасындағы ұрыс - керіске балаларды араластырмау
2. Өз балаларыңызға өмірге деген талпынысын, мақсатын құруға көмектесу
3. Қиыншылықтарды жеңуге көмектесу
4. Жасөспірімдердің талпынысына, өмірді бастауына қолғабыс тигізу
5. Ешқандай жағдайда, қол күшін пайдаланып жаза қолданбау
6. Өз балаларыңызды жақсы көріп, көбірек көңіл бөлу
7. Баланың құқығы мен міндетін дұрыс құрастыру: үйде, мектепте, көшеде. Бұл жерде тек қатыгездік емес, түсіністік керек.
8. Егер балаңыз тату, түсіністікте өмір сүрсін десеңіз, оның кемшіліктерін бетіне айта бермеңіз, кіналамаңыз.
Психолог мамандарға жүгінуден қорықпаңыздар. Психологқа жүгіну ол жерге есепке алыну немесе өмір-бақи таңба болып қалады дегенді білдірмейді. Өз-өзіне қол жұмсайтындардың көбі қарапайым, ақыл-есі дұрыс, дені сау, шығармашылық тұрғыда дарынды жеке тұлғалар, алайда олар шешімі қиын жағдайларға тап болуы мүмкін.Сол себепті баланы жалғыздықтан құтқарудың бірден-бір жолы – баланы сүйіспеншілікке бөлеу!
Егер әрбір балаға жастайынан жақсы тәлім-тәрбие беріп, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек, қайғылы жағдайларға тап болмасымыз кәміл. Баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт-бағдар беруіміз қажет. Бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жан дүниесін түсінуі қажет.
Белгілі бір нақты себептермен баласын рухани және эмоциялық тепе-теңдікпен қамтамасыз ете алмаған отбасы, оның суицидтік әрекет жасауына түрткі болып табылатынын атап өткен жөн. Мазасызданған баламен қалай әңгімелесу керектігі жайлы төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алған жөн.
Бәсекеден және жылдамдықты есептейтін қандай да бір жұмыс түрлерін таңдамау қажет;
Баланы айналадағы адамдармен салыстырмаңыз;
Баланың есімін айту арқылы назарын аударту;
Сенімді жүріс-тұрыс үлгілерін көрсет, барлық жағдайда балаға үлгі бол;
Баланы тәрбиелеуде бірізді болу;
Балаға шама келгенше аз ескерту жасау;
Қажет жағдайда ғана жазалауды пайдалану;
Жазалану кезінде баланың абыройын түсірмеу;
Баланың өзін-өзі бағалауын жоғарылату,не үшін екенін білетіндей жиі мадақтаңыз;
Кейбір кездерде әр түрлі оқиғаларға бала жүрегімен беріледі, өзінше қайғырады, содан барып түрліше мінез көрсететін кездері болады. Жасөспірімнің бұндай әрекеттерге баруына мына жағдайлар әсер етеді:
Ата-анасының ажырасуынан; үлкендердің өз уайымдары өздерінде болуы, ата-анаға өзін керексіз сезінуі, осы уақытта бала кез келген нәрсені жақын қабылдайды.
Жақын адамын жоғалту; бала өзіне жақын адамды жоғалтқандықтан мінезі өзгеріп, уайымы пайда болады.
Балаға қатал қарау, оның ойымен есептеспеу; ұрсу, соғу, жәбірлеу, намысына тиетін сөздер айту, басқа балалармен салыстырып төмендету, кемсіту.
Құрметті ата-аналар! Қазіргі кезде баламызға көп көңіл бөліп,олардың жан дүнесін түсінуді кезек күттірмейтін мәселе деп қабылдауымыз керек.Отбастарыңыз аман болсын!
ҚорытындыСуицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым қатыынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуіміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп үлкен нәтижеге жетеріміз хақ. Сонымен қатар, қолдау көрсететін түрлі мекемелер де жеткілікті. Солардың көмегіне жүгініп, өмірімізге қажетті нәр ала білсек, бұл проблеманы еңсере алатынымыз күмәнсіз.