«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбы бойынша тәрбие сағаты
Әмеди Хасенов атындағы № 11 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 «А» сыныбында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбы бойынша тәрбие сағаты өтті. Білім алушылар пайдалы және зиянды тағамдарды топтастырды, «Тамақтану ережесін» құрастырды, асқа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндірді. Білім алушылар зиянды тағамдардан аулақ болуды, тамақтанар алдында тазалық сақтау керектігін, уақытылы және дұрыс тамақтану жайында ойларымен бөлісе алды.