04
октябрь
2024
"Дублер күні"
Мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылғы 12 қыркүйек №03-4342 хатына сәйкес Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиетін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында мұғалімдер күніне орай 2024 жылдың 4қазан күні "ДУБЛЕР КҮНІ" яғни оқушылардың өзін-өзі басқару күні өтті.
Дублер күнінің мақсаты - мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
"ДУБЛЕР КҮНІН" өткізу мақсатында мектепте 11 сынып оқушыларымен 10 сынып оқушыларынан бастамашыл топ құрылды.
Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін 10,11 сынып оқушылары атқарды.
Мектеп директоры: Сейтказиев Рахат Зауытұлы – Жетпіс Арназ Азаматұлы
Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Жумагулов Бақытжан Омарұлы – Дәнебай Жанболат Жандосұлы
Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Калмаханбетова Эльмира Жаханқызы – Сағымқұл Сабина Мадиқызы
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Конырбаева Мадина Амангелдіқызы – Есберген Аруна Бағланқызы
Құқықтық ісі жөніндегі орынбасары: Сексенбаев Асқар Мұхтарұлы – Марсбекұлы Ердәуіт
Мектеп психологы: Мұхамеджанова Жанерке Бағдатқызы – Медербек Қаламқас
