Қазақтың Хантәңірі
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Қазақтың Хантәңірі» тақырыбында кітап оқу сағаты ұйымдастырылды.Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары болды. Ол «Ильич», «Армысыңдар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің» атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Ақынның 45 жылдық ғұмырында аударма саласында да еңбегі зор болды. Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін тәржімалаған ақынның кітаптары өмірден өткеннен кейін он мыңдаған данамен басылып шығып жатты. Ақын қай тақырыпты жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзден аулақ болды. Күні бүгінге дейін ақынның шығармашылығына деген қазақтың құрметі айрықша.
Мақсаты: ХХ ғасырдың ұлы ақыны Мққағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстыру. Ойшыл, зиялы, ірі тұлға екенін оқушыларға жеткізу.