28
февраль
2024
Оқуға құштар мектеп
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» республикалық челленджі ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханасында «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында кітап көрмесі жасалынды. Челленджге 6 «Б» сынып білім алушысы Мақаш Әзімхан қатысты. Челленджді №6 Кеңес ЖОББ мектебінен қабыл алып, Аспара №2 ЖОББ мектебіне жолдады.
Мақсаты: Білім алушылар өздері таңдаған кітабынан үзінді оқып, басқа қатысушылармен ой бөлісу. Мектеп білім алушыларын кітап оқуға шақыру.Сөздік қорын молайту. Кітапханаға оқырмандарды тарту.