02
февраль
2024
Сәлемдесу мәдениеті
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Сәлемдесу мәдениеті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге 5-7 сынып білім алушылары қатысты. Алдымен психологиялық дайындық жасалды. Білім алушылар сәлемдесудің түрлерін атады. Іс- шара мынадай бөлімдерден тұрды:
- Ескірмейтін есті сөз
- Мақалдың мәнін ашу
- Сәлем берудегі әдептілік пен әдепсіздік
- Мақал-мәтелдің жалғасын табу
- Сиқырлы сөздер
Мақсаты: Білім алушыларға сәлемдесудің түрлерін, қалай сәлем беру керектігін үйрету. Сәлемдесудің бала тәрбиесіндегі алатын орнын анықтау. Сәлемдесуде дауыс ырғағын, жүріс - тұрысты реттеуге дағдыландыру. Сәлемдесу мәдениетіне, ізеттілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.