ББЖМ да кездесетін тапсырмаларды шешудің тиімді жолдары
Ә.Хасенов атындағы №11 ЖОББМ ББЖМ ға дайындық жұмыстарының онкүндігіне арналған іс- шаралар аясында 4,9- сынып пән мұғалімдерімен «ББЖМ да кездесетін тапсырмаларды шешудің тиімді жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: ББЖМ да кездесетін тапсырмаларды шешудің тиімді жолдарын қарастыру, білім алушылардың ББЖМ ға дайындығын жетілдіру. Дөңгелек үстел барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:Жумагулов Б сөз алып, жауапты мұғалімдерге білім алушылардың ББЖМ ға дайындығын үнемі бақылап отыруға ұсыныс білдірді. Сонымен қатар мектеп тренерлері Солтанаева Б, Кенжебекова А ББЖМ ға арналған тапсырма әзірлеудің бірнеше үлгілерін көрсетті. Дөңгелек үстелде көтерілеген ББЖМ ға дайындық жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.