23
январь
2024
Үздік оқырман
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында 2-4 сынып білім алушылары арасында «Үздік оқырман» байқауы ұйымдастырылды. Білім алушылар «Кім білгір?», «Сәйкесін тап», «Кім зерек?» және «Менің сүйікті шығармам» атты 4 бөлім бойынша білімдерін ортаға салды.Жеңімпаз болған білім алушылар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.