27
август
2025
Білім келешегі - адал азамат
Білім келешегі - адал азамат
2025 жылғы 27 тамыз күні ағылшын тілі мұғалімдерінің қатысуымен пән әдістеме бірлестігінің отырысы өтті. Отырыс барысында өткен оқу жылының қорытындысы талқыланып, жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктер сараланды. Әдістеме бірлестігінің жетекшісі Исмайлова А.Б. «2025-2026 оқу жылында білім процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері" әдістемелік нұсқау хатымен таныстырып өтті. Оқу бағдарламасындағы жаңартулар мен ерекшеліктерді атап өтті. Пән мұғалімдері жылдық жоспарларын бекітуге ұсынды."Адал азамат" бағдарламасы аясында құндылықтарды сабақ процесіне кіргізу жолдары туралы айтылды. Жаңа оқу жылына әр педагогтің алдына жаңа міндеттемелер қойылды.

