Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін оқу материалын меңгерудің тиімді жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды. Жаһандану дәуіріндегі мұғалімнің ең басты міндеті – оқушылардың өз білімін келешек өмірде қолдана білу дағдысын дамыту болып отыр. Мектептегі әріптестердің осы міндеттерді іске асыруда қолданылатын әдістерді меңгеруіне бағыт беру мақсатында 2024 жылдың 8 қараша күні «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» тақырыбында коучинг өткізілді.
Функционалдық сауатты тұлға тәрбиелеу үшін білім беруде нені өзгертуіміз қажет деген сауалға жауаптарын үш топ тірек сызбалармен көрсетті. Тақырып туралы өздері білетін, түсінген ақпараттарын постерге түсірді. Постер қорғаған кезде әр топ өз идеяларын жеткізіп отырды, негізгі ойды айқындады.

Қатысушылардың білсем деген ынтасы, қызығушылығы басым болды.