«Оқу үдерісінде оқу, математикалық, жаратылыстану- ғылыми сауаттылықты қалыптастыру бойынша тапсырмалардың түрлері» » Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72632) 2-64-38
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-64-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Оқу үдерісінде оқу, математикалық, жаратылыстану- ғылыми сауаттылықты қалыптастыру бойынша тапсырмалардың түрлері»
20
декабрь
2023

«Оқу үдерісінде оқу, математикалық, жаратылыстану- ғылыми сауаттылықты қалыптастыру бойынша тапсырмалардың түрлері»

«Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» тақырыбындағы онкүндік жоспарының аясында 20.12.2023 ж. күні «Оқу үдерісінде оқу, математикалық, жаратылыстану- ғылыми сауаттылықты қалыптастыру бойынша тапсырмалардың түрлері» тақырыбында жаратылыстану пәндер бойынша семинар өткізілді. Жауапты биология пән мұғалімі Жумагулова Б.О., физика пән мұғалімі Нурланова А.Д., қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Таскараева А.Б. Мақсаты: практикалық тапсырмалар беру арқылы оқытудың жаңа тәсілдерін сабақта тиімді пайдалануына ықпал жасау, ұстаздардың білім деңгейлері мен тәжірибелері артып, жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалануды үйрету. Семинарды бастамас бұрын, ұстаздар жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Айна» ойынын жүргізді. Ұстаздар түрлі-түсті қағаздар арқылы 3 топқа бөлінді: «Жеті күн», «Жеті ата», «Жеті сан». Келесі жұмыс барысында «Сұрақ - жауап» әдісі жүргізілді: «Жеті күн» тобының тапсырмасы: оқушылардың функционалдық сауаттылығы деген не? Оны дамыту жолдары, «Жеті ата» тобының тапсырмасы: жай (элементарлық) сауаттылық пен фунционалдық сауаттылықтың айырмашылығы неде? «Жеті сан» тобының тапсырмасы: PISA халықаралық зерттеуінің оқушылардың  сауаттылығын дамытудағы рөлі. (Өз бойындағы ақпаратты,ойларды  жинақтап, жазып, суреттеп көрсету). Функционалдық сауаттылық туралы мұғалімдерге видео арқылы ақпарат берілді.Топтық жұмыс: постермен жұмыс.1. «Жеті күн» тобының тапсырмасы: сары май туралы мәтін беріледі.Сары майды үстелге арнайы май салатын ыдыста қойған дұрыс. 1-сұрақ: сары майдың құрамына қандай заттар кіреді? А. Түрлі органикалық қышқылдардың күрделі эфирлері.D. Сары майдың құрамына А, Д, В витаминдері және ақуыздар, тағы басқа органикалық заттар. 2-сұрақ: сары май – тез бұзылатын азық, оны сақтау жолдары туралы не білесіздер? Өз ойларыңызды тұжырымдаңыздар. 2. «Жеті ата» тобының тапсырмасы: сары майдың пайдалы қасиеттері мен зияны. 3. «Жеті сан» тобының тапсырмасы: сары майдың пайдалы қасиеттері туралы ғалымдардың дәлелдері шыққанға дейін, біздің ата-бабаларымыз сары майды әртүрлі ауруларды емдеуге қолданған. 1-сұрақ. Сіздің отбасыңызда сары майды қандай ауруларды емдеу үшін қолданады? Сары маймен емдеудің қандай жолдарын білесіз? 2-сұрақ: үй жағдайында сиыр сүтінен сары май алудың жолын ойластырыңыз. Осы тапсырмаларға бағалау критериилері қойылды:тілдің жатықтылығы, түсініктілігі, логикалық бірізділік, тақырыпты аша білуі, уақытпен санаса білуі.Ұстаздар кері байланысты келесі тапсырмалармен жасады: тапсырманы орындау барысында топқа қосқан үлесім, өзіме, әріптестеріме берген сындарлы ұсыныстарым, бүгінгі күнге дейінгі кәсіби әрекеттеріме  жасаған қорытындым. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив