«Өз өміріңді аяла» тақырыбында кездесу
Әмеди Хасенов атындағы №11жалпы орта білім беретін мектебінде 2 желтоқсан күні 2024 жылғы 25 қараша-10желтоқсан аралығында» Гендерлік зорлық –зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» халықаралық науқанның іс-шаралар жоспары аясында. Қоғамдағы өзекті проблемалардың бірі-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Өз өміріңді аяла» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде зорлық-зомбылық түрлерімен танысып, түсінген мағлұматтарын ортаға салып айтты.Отбасында болатын зорлық түрлерін видеоролик арқылы көрсете отырып, талқыланды. Зорлық – зомбалықтың алдын алу үшін не істеуге болады? – деген сауалға, оз ойларын айтып өтті. Көбісінің ойы, тәрбие отбасынан даритынын, яғни ата-ана балаға дұрыс тәрбие берілмей, көңіл бөлмесе, отбасында қатыгездікте өссе, болашақта қатыгез адам болып өсетінін. Сондай адамдар зорлық-зомбылыққа баратынын, мысалдар келтіре отырып ойларын жеткізді.
Кәсіптік бағдар беру педагогі: Қилыбаева.Г .Т.