Әдістемелік бірлестік жұмысының нәтижесі
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік бірлестік жетекшілерімен отырыс өткізілді. Отырысқа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, бірлестік жетекшілері қатысты. Мектеп директоры Алипбаева А.И. бірлестік жетекшілерінің, бірлестіктегі мұғалімдердің жұмысының мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде алатын орны туралы, оларға жүктелген жауапкершілік туралы айтып өтті.
Отырыс барысында бірлестік жетекшілері І жарты жылдықта атқарылған жұмыстары туралы, атап айтқанда, мұғалімдердің курстан, аттестаттаудан өтуі, мұғалімдер мен оқушылардың байқауларға қатысуы, іс-тәжірибесімен бөлісуі, шығармашылық жұмыстары туралы есеп берді. Әр бірлестік бойынша І жартыжылдықтың қорытындысы шығарылып, ІІ жартыжылдықта атқарылатын іс-шаралар жоспары жүйеленді
В средней общеобразовательной школе №11 имени Амеди Хасенова состоялось заседание с руководителями методических объединений. В заседании приняли участие заместители директора по учебной работе, руководители объединений. Директор школы Алипбаева А. И. рассказала о месте работы руководителей объединений, учителей в объединении в учебно-воспитательном процессе в школе, о возложенной на них ответственности.
В ходе заседания руководители объединения отчитались о проделанной работе за I полугодие, в частности, о прохождении курсов, аттестации учителей, участии учителей и учащихся в конкурсах, проведении декады, обмене опытом, о творческих работах. По каждому объединению подведены итоги I полугодия, систематизирован план мероприятий на II полугогодие.