Критериалды бағалау –білім сапасының негізі»
27 ақпан күні «Критериалды бағалау –білім сапасының негізі» тақырыбында химия, биология, бастауыш пән бірлестігі мұғалімдері Абланбекова Т.Айнақұлова Ғ.Шоненова Г. ұйымдастыруымен мұғалімдердің бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрудағы қиындықтарымен бөлісе отырып,ашық әңгімеге тарту, бағыт-бағдар беру, идеяларымен бөлісу, тәжірибе алмасу мақсатында коучинг өткізілді. Коучинг өткізу барысында «Әсем – әдемі»тренингі, «Айналмалы бекет» әдісі ,А.Құнанбаевтың ұлағатты сөздерінің жалғасын тауып мұғалімдер топқа бөлінді. Әр топ бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруда нені білуі қажет екендері туралы айтылды.Коучинге барлық ұстаздар өте белсене қатысып, коучингтен алған әсерлерін «Шульман үш ілімі» бойынша өз ойларын ортаға салып кері байланыс жасады. Мұғалімдер осы коучинг сессияда коучинг әдісінің ерекшеліктерін, алдағы уақытта осы коучинг сессияны пайдалану мүмкіндіктері туралы жазады. Мұғалімдердің теориялық білімдерін қанша мұғалімнің меңгергенін бақыладым.


