"Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділері мен әрекеттесуі"
«Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» тақырыбындағы онкүндік жоспарының аясында 14.12.2023 ж. күні химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Исмайлова Р.Т. 9 "Ә" сыныбының білім алушыларымен "Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділері мен әрекеттесуі" тақырыбында зертханалық тәжірибе арқылы шебер-сынып көрсетті.
Сабақ барысында «Төрт сөйлем - пікір, дәлел, мысал, қорытынды», «Конверт сұрақ», «Маған көрсет» әдістері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыратын тапсырмаларды орындатты, сонымен қатар "Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуін" виртуалды зертхана көмегімен көрсетті. Виртуалды зертханаларды пайдалану арқылы оқушылардың химиялық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызып, тәжірибелік білім мен дағдыларының терең қалыптасуына септігін тигізді.