21
сентябрь
2023
жас маманға тәлімгерлік жұмыс
Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі ,педагог-зерттеуші: Акбаева К.Б. жас маманға тәлімгерлік бағыт-бағдар беру мақсатында түсіндіру жұмысын жүргізді. Тәлімгерлік бағыттың мақсаты: Тәжірибелік көмек көрсету, жас маманға білімін жетілдіру мәселелері бойынша теориялық және практикалық бағыт-бағдар беру.Түсіндіру жұмысы барысында тәлімгер жас маманға күнтізбелік- тақырыптық жоспарды жасауды, күнделікті сабақ жоспарының құрылымы мен мазмұнын құруды үйретті.