Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлымен мектеп директорларымен кездесуі
Ақпан айының 23-ші жұлдызында Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлымен республикалық мектеп директорларының семинарына қатыстым.
Кездесу барысында орта білім берудің өзекті мәселелері мен озық тәжірибені таратуға арналған «Заманауи мектепті басқару: трендтер мен болашақ» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Жоғары деңгейде өткізілген осынау іс-шарада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жайлы орта құру, цифрландыру, тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыру, инклюзивті білім беру және т.б. мәселелер туралы тың ақпарат алдым.
Кездесуде TEDx форматында республикалық кадрлық резерв арқылы директорлық лауазымға конкурссыз тағайындалған әріптесіміз ой бөлісті.
Кездесуге барлығы 800-ге жуық мектеп, білім бөлімдері мен басқармаларының басшылары қатысты. Семинарда менеджердің басқару құзыреттері, кадрлық әлеуетті дамыту, НҚА қабылдайтын және білім беру саласындағы маңызды басымдықтар бойынша тәжірибе алмасып, көкейдегі сұрақтарға жауап алдым.