ХАБАРЛАНДЫРУ!!! АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
ҚҰРМЕТТІ, АТА-АНАЛАР !
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ 1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 1 СӘУІР МЕН 1 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
Білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалар бірінші сыныпқа қабылданады.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
1. Ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің өтініші;
2. Жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
3. Денсаулық жағдайы туралы анықтама №026/у есеп нысаны және 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама;
4. Баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуреті
Құжаттарды қабылдау екі тәсілде жүреді:
1. "Электронды үкімет" веб-порталы;
2. Қағаз түрінде.
Қабылдау уақыты: 9.00-18.00-ге дейін, түскі үзіліс: 13.00-14.00-ге дейін
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінің мекен жайы:
Ақермен ауылы, Төле би көшесі №37
телефон: 87263226438
ұялы телефон: 87716770151