2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ 1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
ҚҰРМЕТТІ, АТА-АНАЛАР !
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ 1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
1 СӘУІР МЕН 1 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
Білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалар бірінші сыныпқа қабылданады.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
Ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің өтініші;
Жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
денсаулық жағдайы туралы анықтама №026/у есеп нысаны және 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама;
баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуреті
Құжаттарды қабылдау екі тәсілде жүреді:
"электронды үкімет" веб-порталы;
қағаз түрінде.
Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі
Мекен жайы: Акермен ауылы, Төле би көшесі, №37
Тел: 2-64-38