«Мектепке жол-жақсылық жаса!»
«Мектепке жол-жақсылық жаса!»
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 28.07.2025 жылы №358 бұйрығына сәйкес 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты – әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету. Осы мақсатта Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта мектебінде 1 тамыздан бастап қайырымдылық акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, айлық жоспары құрылып, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Баршаңызды мектебіміздің акциясының белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!