«Мектепке жол-жақсылық жаса!»
«Мектепке жол-жақсылық жаса!»
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 23.07.2024 жылы №435-Ө бұйрығына сәйкес 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жаса!» ұранымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты – әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету. Осы мақсатта Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта мектебінде 1 тамыздан бастап қайырымдылық акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, айлық жоспары құрылып, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Баршаңызды мектебіміздің акциясының белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!