21
ноябрь
2023
«Бала құқығы – асыл қазына»
Ә.Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектебінде 21 қараша күні Дүниежүзілік балалар қорғау күні балаларға арналған өмір атты республикалық онкүндіктің аясында 5-11 сыныптар арасында «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Эссе жұмыстары тақырыпты түсінуі, эссенің жазылу құрылымдарының сақталуы, мәтін логикасы мен ой толғау сауаттылығы, жұмыстың орындалу сауаттылығы, сыни ойлау, ой тұжырымдау шеберлігі критерийлері бойынша бағаланды. 8 А сынып білім алушысы Даумшар М., 8 Ә сынып білім алушысы Жарасбай С., 6 Б сынып білім алушылары Омар М. мен Асқар І. жазба жұмыстары таңдалып, оқушылар марапатталды. Ұйымдастырушылар: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Таскараева А., Аденова В.К.