«Тұлғалық қарым- қатынас» тақырыбында тренинг өткізілді
«Тұлғалық қарым- қатынас» тақырыбында 11 сыныптармен тренинг өткізілді
Мақсаты: Адам өміріндегі қарым-қатынас мәдениетінің мәнін ашу.Өзін-өзі тану, түсіну, ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу білігін дамыту, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
– Рефлексия үрдісін күшейту, жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір-бірін түсінуге, мәдени сөйлеу білігін дамыту, өзін – өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда, болашақта мамандықтарына сәйкес өзара жағымды қарым – қатынас мәдениетінің әлеуетін арттыру.
– Тренинг жаттығулары арқылы бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа, шындыққа, тәрбиелікке, өзін және өзгелерді құрметтеуге, түсіне алуға, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
– Болашақ өмірдегі және әр түрлі оқу-тәрбиелік жұмыстарда кездесетін жағдаяттан шыға білу, басқамен қарым-қатынас мәдениетін сақтау дағдыларын меңгерту.
– Әрбір қатысушының дербестігін, топ болып өзара қарым-қатынас жасау процесінде жеке қарым-қатынас мәдениетінің стилін сезіндіру.
