Сынып жетекшілер семинары өтті
Сынып жетекшілер семинары өтті.
Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні мектебімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- М.А. Конырбаева 1-11 сынып жетекшілеріне семинар өткізді. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- А. Сексенбаев бала қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу және оны болдырмау бағытында сынып жетекшілер тарапынан жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, бақылауды күшейту туралы баяндама жасады. Қауіпсіз шараларын күшейту және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министірінің 2021 жылдың 25 мамырдағы №235 бұйрығын орындау мақсатында, мектепке әкелуге тыйым салынған, оларды пайдалану үшін шектелген бұйымдар мен заттардың тізбесін бекіту туралы бұйрығымен таныстырды. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» «БЕСТЕРЕК» жобасы аясында әлеуметтік педагог пен педагог - психологтың және сынып жетекшілердің бірлесіп алгоритм бойынша жұмыс жүргізу туралы мектеп психологы Ж. Мухамеджанова кабинеттік талдау жүргізу барысында талданатын критерийлерге тоқталып, тізімдердің сапалы толтырылуы туралы түсіндірді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде далалық зерттеу қорытындылары жиынтық кестеге енгізіліп, «қызыл», «жасыл», «сары» қауіп деңгейі бойынша тәуекел тобына іріктелетіні туралы ақпарат берді.