27
сентябрь
2024
"Бала қауіпсіздігі- қоғам келешегі!" ата - аналар жиналысы өтті
2024 жылдың 26 қыркүйегінде Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.Жоғарыдағы күн тәртібі бойынша мектеп әкімшілігі жалпы түсіндіру, талдау жұмыстарын толық ата-аналарға жеткізді. Қасым Жомарт Тоқаевтың Жаңа жолдауының маңыздылығы, елдің болашағы үшін беріліп жатқан тапсырмалардың өзекті екені айтылды. Міндетті мектеп формасынының талаптарының сақталуы, әкімшілік тарапынан шара қолданатыны ескертілді. Ата-аналардың бірінші міндеттерінің бірі - баланың талапқа сай киініп келуі.Интернет желісі арқылы балалар ойындары -балаларға қауіп төндіру, өмірлеріне зиян келтіру, психологиялық денсаулығың бұзылуына әкелуде. Осы жағдайда ата-аналарға ескертулер айтылды. Шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг, балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар, баланы қайғылы жағдайларға итермермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар, әлеуметтік желілердегі алаяқтар. Осы тақырыптарға кеңінен тоқталып, мектеп психологы,тәрбие орынбасары, құқықтық тәрбие орынбасары түсіндіру жұмыстарын жүргізді.