6-8 сынып білім алушыларымен диагностикалау жұмысы туралы 6 – 8 сынып білім алушыларымен Айзенктің «Психикалық күйдің өзіндік бағасы» тесті жүргізілді.
Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-8 сынып білімалушыларынының тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мақсатындажүргізілген диагностикалау жұмыстың
АНЫҚТАМАСЫ
Қатысқан білім алушылар саны – 145 білім алушы
Қатыспаған білім алушылар саны- 1 білім алушы үйде оқытылады.
6 сыныптар – 60 оқушы, қатыспады – 1 оқушы
7 сыныптар – 35
8 сыныптар - 50
Жауапты: мектеп психологы Ж.Б. Мухамеджанова
Мақсаты: білім алушының психикалық күйін өзін-өзі бағалауын (фрустрация, агрессия, қобалжу, ригидтік) анықтау.
6-8 сынып білім алушыларымен -Психикалық күйін өзін-өзі бағалау әдісі (Г.Айзенк бойынша)
Қорытынды: 6-8 сынып білім алушылары арасында Психикалық күйін өзін-өзі бағалау әдісі (Г.Айзенк бойынша) тесті жүргізілді. Қатысқан білім алушылар саны – 145. Бұл сауалнама зерттелушінің психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қобалжу, фрустрация, агрессия және ригидтілік деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді .Әр білім алушыға парақта шығарылған дайын тест берілді және сұрақтарына «иә – 2 балл», «мүмкін солай – 1 балл», «жоқ – 0 балл» таңдай отырып жауап беру керек екені айтылды. Әр білім алушы өздерінің жауап парақтарына жауаптарын жазып әр шкала бойынша жауаптар саны бөлек есептелінді атап айтқанда келесі шкалалар бойынша нәтижелер шығарылды.
1 | Қобалжу шкаласы | 1, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29, 33, 37 |
2 | Фрустрация шкаласы | 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30, 34, 38 |
3 | Агрессия шкаласы | 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31, 35, 39 |
4 | Ригидтік шкаласы | 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40 |
Жекедаралық қобалжу – индивидтің үрейді уайымдауға бейімділігі.
Фрустрация – шынайы немесе қиялдағы кедергілер салдарынан пайда болатын, мақсатқа жетуге кедергі болатын психикалық күй.
Агрессия- күш көрсете оытырып лидерлікке ұмтылу.
Ригидтілік – жоспарланған істі өзгертуге қиындық.
Оқушылармен жүргізілген тестті қорытындылай келе оқушылардың бойынан мазасыздық деңгей анықталмады. Анықталған регидтілік деңгейі бойынша оқушылардың алдына мақсат қоя білетіндігі және жоспарланған істерін орындай алатындығы анықталды.