ПЕДАГОГИКАЛЫҚ САНДЫҚ КІТАПХАНА » Страница 4 » Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72632) 2-64-38
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-64-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тарихи таным тағылымы...
14
октябрь
2024
Тарихи таным тағылымы...
     Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында 14-қазан күні «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында «Тарихи таным тағылымы» тақырыбында кітаптар көрмесі және  4-сынып білім алушылары арасында жылдамдыққа оқу сағаты ұйымдастырылды. 
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
08
октябрь
2024
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
     Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында 08-қазан күні «Төрт тоқсан- төрт өнер» ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» тақырыбында 5- сынып білім алушылары арасында викториналық сайыс ұйымдастырылды.  Сайыс төрт бөлімнен тұрды : «Авторлар әдісі» «Қызықты ширату» «Зерделінің ойы озық» «Ертегі кейіпкерлері» Іс-шара қызықты өтті. Білім алушылар өте белсенді атсалысты. Жеңімпаз топ және ойынға белсене қатысқан білім алушылар мақтау қағаздарымен
Тек еңбекте үлкен  адам бар!
27
сентябрь
2024
Тек еңбекте үлкен адам бар!
    Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында 27-қыркүйек еңбек күні мерекесіне орай «Тек еңбекте үлкен адам бар!» атты еңбек ардагерлеріне арналған көрме ұйымдастырылды.  Көрмеге еңбек туралы қанатты сөздер, мақал- мәтелдер, Жамбыл облысының, Меркі өңірінің еңбек ардагерлері туралы мағлұматтар мен олардың фото суреттері қойылды. Білім алушыларды олармен таныстырып, еңбектері туралы айтылды. Білім алушылар еңбек туралы мақал-мәтелдер айтты.
« Кел, балалар оқылық!
25
сентябрь
2024
« Кел, балалар оқылық!
   Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы» жобалары аясында  2-сынып білім алушыларымен кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Кітапханашы мен сынып жетекшісі білім алушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы туралы түсіндірді. Кітапхана ережелерімен таныстырды.
« Кітаптар арқылы ашылған сырлы әлем
13
сентябрь
2024
« Кітаптар арқылы ашылған сырлы әлем
  Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында «Төрт тоқсан- төрт өнер» ұлттық  мәдени ағартушылық жобасы аясында «Ақындар айтысы сайысы бөлімі бойынша «Кітаптар арқылы ашылған сырлы әлем» атты кітаптар керуені ұйымдастырылды. Кітапханашы мен сынып жетекшілері білім алушыларға жаңа келген кітаптарды оқып, насихаттап, кітапқа және кітапханаға деген қызығушылықтарын жоғарылатты.
Оқыңыз, жаңа кітаптар!
05
сентябрь
2024
Оқыңыз, жаңа кітаптар!
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 07.08.2024 ж 22-1-22-/5357-И хаты негізінде   кітапханашы Утебаеваның ұйымдастыруымен кітап қоры реттеліп, 20 тамызға дейін білім алушыларға оқулықтарды таратуды түгелдей аяқталуы керек деген нұсқауды басшылыққа ала отырып, оқулықтар білім алушыларға толық таратылды. Кітапхана қорына қосылған жаңа буын оқулықтар мен көркем әдебиеттерді ұстаздар мен білім алушыларға таныстыру мақсатында көрме ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханасы -білім және мәдениет ошағы
24
июнь
2024
Мектеп кітапханасы -білім және мәдениет ошағы
Ә.Хасенов атындағы 11ЖОББМ кітапханасының 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстарна сараптама жүргізілді.
Зұлмат жылдар зардабы
31
май
2024
Зұлмат жылдар зардабы
Ә.Хасенов атындағы 11ЖОББ мектеп кітапханасында 31- мамыр - Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін күніне орай " Зұлмат жылдар зардабы" атты көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Жазықсыз құрбан болған азаматтардың есімдерін ұмытпай, мәңгі есте сақтап,жас ұрпақты бейбіт өмірді бағалай білуге тәрбиелеу. Ұйымдастырушы: Утебаева Ж.
Кітаптар емханасы
23
май
2024
Кітаптар емханасы
Ә.Хасенов атындағы 11ЖОББ мектебінде оқу жылының аяқталуына орай "Кітаптар емханасы" тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.Іс-шара барысында оқулықтарды қалпына келтіру үшін еріктілерді жұмылдырып, оқулық мұқабаларының, беттерінің жарамсыз болып қалған жерлерін өңдеп, қалпына келтіріп, сапасын тексеру жұмыстары ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушыларды еңбекке баулу, кітапты таза, ұқыпты ұстауға үйрету.Жауапкершіліктерін арттыру. Ұйымдастырушы: кітапханашы Утебаева Ж.
«Ұлттық рухтың қайнары»
06
май
2024
«Ұлттық рухтың қайнары»
Әмеди   Хасенов   атындағы   №11  ЖОББ   мектеп   кітапханасында  « Оқуға   құштар   мектеп »  жобасы   аясында  7- мамыр   Отан   қорғаушылар   күні   мерекесіне   орай  « Ұлттық   рухтың   қайнары »  атты   кітап   көрмесі   ұйымдастырылды . Мақсаты :   Білім   алушыларды   елін ,  жерін ,  Отанын   сүюге ,  қадірлеуге   үйрету .   Отанын   қорғай   білетін ,  патриот   ер   азаматтардан   болуға   баулу .  Оқырмандарды   кітап   оқуға   баулу .  Кітапханаға оқырмандарды тарту.