05
сентябрь
2025
«Оқуға құштар ұрпақ » атты дөңгелек үстел
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББ мектеп кітапханасында 5-қыркүйек –Қазақстан халқы тілдер күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Оқуға құштар ұрпақ» тақырыбында 7-сынып білім алушылары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын дәріптеу. Зиялылар көсемі, көркем сөздің зергері, ағартушы ұстаз, тілші ғалым,ақын,ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы, ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы білім алушылар өз пікірлерін ортаға салды.

