Бала қауіпсіздігі -басты назарда!
Бала қауіпсіздігі -басты назарда!
Қыс мезгілі кезіндегі іс- шаралар жоспарына сәйкес білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қадағалау мақсатында:
Қыс мезгілі кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша барлық ата- аналар мен білім алушыларға сынып жетекшілері ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауданнан келген тапсырмаға байланысты қауіпсіздік шаралары, жолда жүру, мұз тайғақ бойынша білім алушылармен ескерту жұмыстары жүргізілді.
Көк тайғақ апаттарынан өз- өзінді қорғаудың ең бір дұрыс тәсілі көшелерде жол жүру ережесін сақтау болып табылады, соның ішінде: автобустың артынан айналып өту; балаларды өз жаныңнан жібермеу; бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолдан өтпеу; жолдан өткен кезде ең алдымен солға, содан соң оңға қарау; жолдан өтуге дайындалып тұрғанда жол шетінде тұрмау. Мұз үстіне жалғыз шықпаңыз! Мұздың қалыңдығын аяғыңызбен тексермеңіз! Қауіпті кезде ұқыпты абай болыңыз! Қар астында жұқа мұз болуы мүмкін. Абай болыңыздар!