«ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ!»
«ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ!» атты салтанатты жиын.
Жасұландықтар – еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын өршіл де, қайсар жас ұрпақ. Мектебімізде осындай жасұландықтар көп, солардың қатарын толықтыру үшін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектеп тәлімгері Д. Құрманбековна және мектепішілік "Жас Ұлан" ұйымның ұйымдастыруы
мен «Мен тәуелсіз елдің ұланымын» атты «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Ұйымға 5 «А», 5"Ә" 5«Б» сыныбы қабылданды. Мектеп директорының уакытша міндетін атқарушы Конырбаева Мадина Амангельдиевна барлығын айтулы мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Жиын қатысқан қонақтарымыз қамқоршылық кеңесінің төрағасы Төлеков Нұрбақыт Қашарбайұлы, ұстаздарымызбен бірге жасұландықтарға көк галстуктарын тақты. Өз кезегінде білім алушыларымыз «Отан»,«Туған жер» тақырыбындағы жыр жолдарын оқыды. Соңында «Жас ұлан» ұйымының Гиміні шырқалды. Барлық ұйымға қабылданған жасұландықтарды құттықтаймыз.