бастауыш пән бірлестігінде ашық сабақтар
Ашық сабақтар алаңы
2022 жылдың 16.11-15.12 желтоқсан аралығында Әмеди Хасенов атындағы №11ЖОББМ бастауыш пән бірлестігінде ашық сабақтар айлығы өткізілуде.
Мақсаты: оқу үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және бастауыш сынып педагогтары арасында өз тәжірибелерімен бөлісу арқылы кәсіби шеберліктерін арттыру.
Сабақтар барысында пән мұғалімдері белсенді , интерактивті оқыту тәсілдерін пайдалана білді.
Атап айтқанда: «Стоп кадр», «Фонарик», «Көгершін хаты», «Жедел жауап», «Мен оқыдым, сен де оқы», «Жұбыңмен бірге» , «Ойлан тап», «Кубизм», «Сұрақтар бұрқасыны», «Көңілді ара».
Педагог көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш , қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай , қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы қажет. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді.