15
март
2024
Қайырымдылық күні
Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі. Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр. Осыған орай Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде 15 наурыз күні «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында «Қайырымдылық» күніне орай, балалардың жазғы демалысын камтамасыз ету мақсатында «QН Жаздық жолдама - 2024» қайырымдылық жобасы бойынша 5жолдама берілді. Жолдаманы салтанатты түрде тапсыру үшін Акермен ауылдық округі әкімінің бас мамандары Дәрменов Қайрат Әлденұлы,Жетпісбаев Жандос директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Конырбаева Мадина Амангелдіқызы 5-8 сынып оқушылары аралығындағы 5 білім алушысына ыстық лебіздерін білдіріп, үлкен жетістіктер мен толағай табыстар тілеп, СЕРТИФИКАТ табыстады.