16
сентябрь
2025
«Өзін-өзі бағалауға» арналған сауалнама
2025 жылдың қыркүйек айының 15-22 күндер аралығында Ә.Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-10-11 сынып білім алушыларынан өзін-өзі анықтау және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіби ақпарат пен кәсіби кеңес беруді жүзеге асыру аясында «Өзін-өзі бағалауға» арналған сауалнама және таңдау пәндеріне арналған тест алынды. Кәсіптік бағдар беруші педагог Г.Қилыбаева білім алушылардан сауалнама, тест алу барысында қандай пәндер қызығушылығына жақын және қай салада болғысы келетіндігіне мән беру керектігі мен қатар, таңдау алдында кәсіптік бағдар беруші немесе ата-анасымен кеңесу маңыздылығын түсіндіріп өтті.
