24
декабрь
2024
«Білімділер бәйгесі»
«Білімділер бәйгесі»
24.12.2024ж. 4 сынып білім алушыларымен «Білімділер бәйгесі» атты жарыс сабақ өтті. Сабақ мақсаты: оқушыларға интеллектуалдық сайысын түсіндіріп,топта бірлесе жұмыс істеуге,басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету, қатысушылардың шеберліктерін, ой-өрісін, қызығушылығын дамыту, ұйымшылдыққа, шапшындылдыққа тәрбиелеу.
Жарыс сабақ VI кезеңнен тұрды:
I.Таныстыру
II.Кім тапқыр?
III.Ойлан тап.
IV.Сөз тапқыш.
V.Топбасшылар сайысы
VI.Жалғасын тап.
Оқушылар жарыс сабағында өз білімдерін, ұйымшылдықтарын, шапшандылықтарын көрсете білді. Сабақ барысында екі топта бірдей ұпай сандарын жинап, Мақтау қағаздарымен марапаталды. Жарыс соңында балалар «Білім ағашына» кері байланыстарын қалдырды.