9-11 сыныптармен «Еңбек күніне» арналған «Білікті білім жинап, кәсіп етер!» атты дөңгелек үстел
Ә. Хасеноватындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2024 жылдың 26 қыркүйек күні 9-11 сыныптармен «Еңбек күніне» арналған «Білікті білім жинап, кәсіп етер!» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; білім алушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру; мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында білім алушыларға ой қозғау мақсатында «Мамандық дегеніміз не?» сұрағы қойылып, білім алушылардың ой пікірі тыңдалды
Қорыта келе «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» екендігі білім алушыларға жете түсіндірілді.
Орындаған: КББП:Қилыбаева Г.Т.