"Ғылымға бастар жол" «Зерде» ғылыми жоба сайысы
Қазан айының 10-ы күні мектепте 2-7-сынып оқушылары арасында «Зерде» ғылыми жоба сайысы өткізілді.
Мақсаты: балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру
«Зерде» ғылыми жоба сайысына 6 оқушы қатысты. Әділ-қазылар алқасы оқушылардың жұмыстарын бағалап, тиісті орындар берілді. 7 сынып оқушысы Жолшыбекова И. І орын, Жұмысының тақырыбы "Газдалған сусындардың химиялық құрамы және олардың тірі ағзаларға әсері", жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Исмаилова Р.Т., 5 сынып оқушысы Адылхан Гулдірайхан ІІ орын, жұмысының тақырыбы: "Ауылым - алтын бесігім!" жетекшісі: география пәнінің мұғалімі Мағзымбаева Уміт Болатқызы 3 сынып оқушысы Төлебай Еңлік Ильясқызы ІІІ орын, жұмысының тақырыбы: "Шаш сұлулық пен құпия қасиетке ие, жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Кенжебекова А.К., 2 сынып оқушысы Базарбай Ерке Нұрғалиқызы ІІІ орын, жұмысының тақырыбы: "Жауын құрттарының топырақ түзілуіне әсері", жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Тотенова Г.Т. 7 сынып оқушысы Жакен Нұрбек ІІІ орын, жұмысының тақырыбы: «Шәйдің адам ағзасына пайдасы мен зияны», жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Шаргын З.Б
Жобаға қатысты талаптардың барлығы орындалды. Оқушылар ізденушілік қабілеттерін көрсетіп, жобада қосымша материалдар қолдана білді.
Оқушыларға алдағы уақытта шығармашылық ізденіс тілейміз!