Жетістіктеріміз » Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72632) 2-64-38
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-64-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Кітап оқитын мектеп» атты сырттай бейнероликтер байқауы
22
апрель
2025
«Кітап оқитын мектеп» атты сырттай бейнероликтер байқауы
Ә. Хасенов  атындағы № 11 ЖОББМ кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық  «Кітап оқитын мектеп» атты сырттай бейнероликтер байқауы  ұйымдастырылды. Байқау төрт номинация бойынша өткізілді: «Кітапханашы мәртебелі мамандық!» номинациясы бойынша «Мен және менің мамандығым» «Кітапхана- оқырман елі» «Оқитын мектеп- табысты мектеп» «Әдеби пост»
"Менің сүйікті атам және әжем"
21
апрель
2025
"Менің сүйікті атам және әжем"
Ә.Хасенов атындағы № 11 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың   21 сәуірде  1-4 сынып оқушыларының арасында өткен «Менің сүйікті  атам және әжем» атты сырттай фотобайқау аудандық  кезеңі өтті. Сабақтың мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты ата-әже орнының ерекше екендігін ұғындыру.  Фотобайқаудың жеңімпазы 1А сынып білімалушысы   Бейбіт Сабыр 1дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Жакипбаева Сериккуль Тлеужановна
Орта ғасыр ғұламалары
25
ноябрь
2024
Орта ғасыр ғұламалары
Әмеди Хасенов атындағы №11ЖОББМ   Білім алушылар білімдерін жетілдіру, шыңдау мақсатында "Тарихи тұлғалар" үйірмесі  "Орта ғасыр ғұламалары" атты тарауға қайталау тақырыбында сабақ өткізілді.                Сабақтың мақсаты: Орта ғасырлардағы атақты ғұламалар туралы мәлімет алып, олардың ғылымға қосқан үлесін зерттеу.   Сабақ  барысында  оқушылар "Арқан тартыс"  әдісін пайдалана отырып, сұрақтар қойып,  жауап берді.  Ұйымдастырушы: Аубекова М
"XXI ғасыр көшбасшысы" интеллектуалды ойыны
11
ноябрь
2024
"XXI ғасыр көшбасшысы" интеллектуалды ойыны
11.11.2024 ж. "XXI ғасыр көшбасшысы" интеллектуалды ойынының  аудандық кезеңіне Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Аманжол Әмина қатысып, I дәрежелі дипломмен  марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Джумагулова Бану Омарқызы Құттықтаймыз!!!
Алтын тұғыр" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің жүлдегері
07
ноябрь
2024
Алтын тұғыр" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің жүлдегері
           07.11.2024ж. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық "Алтын тұғыр" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне  Әмеди Хасенов атындағы №11ЖОББМ Мустафаева Қарлығаш Абдыкадыровна қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
Dикториналық сайыс
30
октябрь
2024
Dикториналық сайыс
Үйірменің үйретері-көп💠💠💠 Әмеди Хасенов атындағы №11ЖОББМ   Білім алушылардың күзгі демалыс күндеріндегі бос уақытын тиімді пайдалану, білімдерін жетілдіру мақсатында "Тарихи тұлғалар"    үйірмесі бойынша викториналық сайыс өткізілді. Сайыс барысында Т.Рысқұлов туралы тың мәліметтер берілді. Ұйымдастырушы: Аубекова М.Б.
«Жас әуе құрастырушы»
29
октябрь
2024
«Жас әуе құрастырушы»
Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББМ 4 «Ә» сынып білім алушысы  Несіпхан Әмір «Жас әуе құрастырушы» аудандық 9-10 жас аралығындағы білім алушылар арасындағы жарыста жүлделі 2-ші орын иеленді.  Жетекшісі: Байтелиев Т. Ж.
Тарихқа тағзым
24
октябрь
2024
Тарихқа тағзым
2024 жылы  қыркүйек  айында Әмеди Хасенов атындағы #11ЖОББМ  Оқушылардың білімін жетілдіру және шыңдау мақсатында 7 сынып білім алушыларымен  "Тарихқа тағзым" викториналық сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Тарих пәннің мұғалімі: Аубекова М.Б.
Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы
22
октябрь
2024
Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы
Әмеди Хасенов атындағы №11ЖОББМ   Білім алушылар білімдерін жетілдіру, шыңдау мақсатында "Тарихи тұлғалар" үйірмесі  "Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы" тақырыбында сабақ өткізілді.                Сабақтың мақсаты: М.Х. Дулати туралы ақпарат беру, оның тарихи және мәдени мұрасын зерттеу. Сабақ  барысында  оқушылар "Түсін,талда,жеткіз" әдісі мәтінмен жұмыс  жүргізіп, постер қорғады.  Ұйымдастырушы: Аубекова М