28
октябрь
2025
Бастауыш пән бірлестігінің №2 отырысы
28.10 күні бастауыш әдістеме бірлестігінің 2 отырысы өткізілді.Отырыста бастауыш сыныптардың 1- тоқсанның білім сапасы, бөлім, тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстарының жүргізілуі мен тексерілуі, жоспарланған іс-шаралар мен әртүрлі мәселелер қаралды. Үздік тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары сұрыпталды. Бірлестік жетекшісі Тотенова Гульзар анықтама оқып, директордың Оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жумагулов Бақытжан Омарұлына қорытынды жасады. Бастауыш сынып мұғалімдері жарыссөзге түсіп, ойларын айтты.Жакипбаева Серіккүл «Инклюзивті оқыту кезінде әдіс-тәсілдер» тақырыбында ұсынғанүздік жұмыстарымен бөлісті. Білім сапасын төмен көрсеткен сынып жетекшілері оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіп, тиімді әдіс- тәсілдерді қолданып, сабақты түрлендіріп өткізу туралы ұсыныстар айтылды.