«Махмұд Қашқаридің өмірі мен қызметі» дәріс сабақ
Ә.Хасенов атындағы №11жалпы орта білім беретін мектепте 13- қараша күні 10-11 сынып оқушыларымен «Махмұд Қашқаридің өмірі мен қызметі» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.
Дәріс сабақтың мақсаты: Білім алушыларға Махмұд Қашқаридың өмірі мен қызметі жөнінде ақпарат беру. М.Қашқаридің шығармашылығына шолу жасау. Жас ұрпақты өз елінің тарихи тұлғаларын құрметтеуге ықпал ету. Тарихи сананы жаңғырту.Дәріс сабақ барысында жауапты мұғалім Солтанаева Б.К. білім алушыларға Махмұд Қашқаридің өмірі мен қызметі жөнінде ақпараттар берді. Презентацияда Махмұд Қашқари жайында видео көрсетілді. Сонымен қатар білім алушылардың білімдерін кеңейту мақсатында «Шеңберлі сұрақ» әдісі аясында сұрақтар берілді. Білім алушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп өздерінің білімдерін көрсетті.Дәріс сабақ өте жақсы өтті. Білім алушыларға маңызды ақпараттар берілді. Махмұд Қашқридің өмірі мен қызметіне деген қызығушылықтар артып, тарихи саналары жаңарды. Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптасып, өз тұлғаларын құрметтеу маңыздылығын түсінді.
