Әдістемелік нұсқау хат бастауыш сынып » Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Әмеди Хасенов атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72632) 2-64-38
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-64-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
август
2022

Әдістемелік нұсқау хат бастауыш сынып



 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
























«2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА

ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ»

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ


















Нұр-Сұлтан


 

2

 
2022

 




 
 
 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылды

(2022 жылғы 21 шілдедегі №8 хаттама).




«2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 320 б.



Әдістемелік нұсқау хатта Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мектепалды және 1-11-сыныптарында 2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген.

Әдістемелік нұсқау хат орта білім беру ұйымдарының басшыларына, педагогтеріне, әдіскерлерге, білім басқармалары мен бөлімдерінің, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары мен мамандарына арналған.























© Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022


 

Құрметті әріптестер!


Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат жыл сайын орта білім беру ұйымдарына жолданады. Дәстүрлі түрде бұл хатты педагогтер оқу жылының басында алады.

Әдістемелік нұсқау хаттың мақсаты - еліміздің білім беру ұйымдарына әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау көрсету.

Пандемияның екі жылдық кезеңінен кейін білім беру ұйымдары дәстүрлі оқыту форматына көшті. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру алдағы оқу жылында да өзекті міндет болып қала береді.

Мектеп басшылығы мен педагогтер білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау, олардың орнын толықтыру жұмысын ойластыру және тиімді жүргізу маңызды. Оқу үлгерімі төмен білім алушылармен арнайы жұмысты ұйымдастыру қажет.

Білім беру процесі білім алушыларға бағытталғандықтан оған қолайлы да, қауіпсіз орта құруға негізделуі тиіс. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт баланың жеке басына тілектестік қарым-қатынас, құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу болып табылады.

Алдағы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі балалардың қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қойылатын талаптарды күшейту, ерекше білім беруге қажеттігі бар білім алушылар үшін жағдай жасау болып табылады.

Орта білім беруде білім алушылардың метапәндік дағдылары мен құндылықтарын қалыптастыруға және дамытуға, ерте кәсіптік бағдар беруге, инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударылатын болады.


Құрметті педагогтер! Осы әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу жылында білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз етуде сенімді бағдар болады деп үміттенеміз.


 

ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ

2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Мектепалды даярлық сыныптарына арналған Үлгілік оқу жоспарлары мен Үлгілік оқу бағдарламаларын өзгерту
  • Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 (12)

сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды

Анықтама:

Бір күнтізбелік жылда:

демалыс күндері-117

демалыс және мереке күндері - 75 күн оқу күндері-173

Мектептерде білім алушылар үшін демалыс күндерінің жиыны-192 күн

  • 1 сыныптар үшін Үлгілік оқу жоспарындағы өзгерістер:
  • оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында         «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері,
  • қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде – «Букварь», «Обучение грамоте» және «Қазақ тілі» пәндері оқытылады
  • «Өзін-өзі    тану»    пәні     Үлгілік    оқу    жоспарының    инвариантты компонентінен шығарылды
  • «Көркем еңбек» пәні 1 сыныпта екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және

«Бейнелеу өнері»

  • Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру
  • Үлгерімі төмен білім алушылармен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру
  • Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу
  • Ерекше    білім    беруді    қажет    ететін    білім    алушыларға    тиімді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
  • Білім     алушылардың    білім    жетістіктеріне     мониторинг    жүргізу

(4, 9 сыныптар)

  • «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер үшін білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізу
  • Халықаралық    пәндік     олимпиада     жеңімпаздары     мен         олардың педагогтеріне бір реттік ақшалай сыйақы беріледі
  • 5-11-сыныптар аралығында «Жаһандық құзыреттер» таңдау курсын оқытуды жалғастыру
  • Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру
  • Балалар жылына арналған іс-шараларды өткізу
  • «Оқуға құштар мектеп», «Дебат қозғалыстары», «Мектеп парламенті»,

«Балалар және театр» «Жылыжайлар» және т.б. жобаларын іске асыру

  • «Мектеп-ата-ана    консилиумы»   мектеп-ата-ана    қарым-қатынасының жаңа форматын енгізу

 
  • Ертеден кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу
  • «Кәсіби бағдарлаушы педагогі» лауазымын енгізу
  • Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін жүзеге асыру
  • Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу
  • Аймақтарға үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасын енгізу
  • «Тірек мектебі – магнитті мектептер» кешені», «Виртуалды мектеп»,

«Цифрлық мұғалім» пилоттық жобаларын енгізу


 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТЫ


Қазақстан  Республикасы   Үкіметінің   2021    жылғы    12    қазандағы

№ 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.

Әрбір білім беру ұйымының міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.

2022-2023 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:

  • білім алушылардың білімін толықтыру;
  • қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;
  • білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз

ету;

  • цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау;
  • инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету.

 



  • Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілері

2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:

–«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы;

–«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы);

  • «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы);
  • «Білімді ұлт» «Сапалы білім» Ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы;
  • «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы);
  • «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның    ішінде    электрондық    нысандағы      тізбесін      бекіту      туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы);
  • «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы);
  • «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы);
  • «Арнайы   білім    беру    ұйымдары   түрлерінің    қызметінің    үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы);
  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы);
  • «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығы);

 
  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы);
  • «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы);
  • «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығы);
  • «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы);
  • «Мамандандырылған Білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік Кеңес туралы ережені бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2015 жылғы 1 шілдедегі № 428 бұйрығы);
  • «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы);
  • «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы

№ 137 бұйрығы);

  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі №125 бұйрығымен енгізілген);
  • «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы;
  • «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығы);
  • «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №175 бұйрығы);

 
  • «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы);
  • «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы);
  • «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы);
  • «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы);
  • «Орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығы);
  • «Жеңімпаздар, жүлдегерлер және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен марапатталатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 333 бұйрығы);
  • «Білім беру деңгейлері бойынша сапаны қамтамасыз ету жөніндегі басшылықты бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 23 маусым № 292 бұйрығы).

 




 
 
  • МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Altynsarin Academy (uba.edu.kz) сайтында орналастырылған.
  • Орта білім беру ұйымдарының әкімшілігінде МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларының бір данада шығарылған қағаз нұсқасы болуы керек.
  • Педагогтер    МЖМБС,    Үлгілік    оқу    жоспарлары,    Үлгілік    оқу бағдарламаларының электронды нұсқасымен жұмыс жүргізе алады. Жоба. 2022-2023 оқу жылына арналған ҮОЖ осында орналасқан
  • Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі

  • ҮОЖ) сәйкес жүргізіледі (өзгерістер мен толықтырулармен).

Меншік және оқыту түріне қарамастан, білім беру ұйымдарына оқу процесін жүзеге асыруда педагогикалық кеңестің шешімі негізінде Үлгілік оқу


 

жоспарын таңдауға академиялық еркіндік беріледі.

Білім беру ұйымы педагогикалық кеңестің шешімімен:

  • әр сыныпқа жеке-жеке;
  • параллель сыныптарға;
  • мектеп бойынша Үлгілік оқу жоспарының біреуін таңдай алады.

Күтпеген жағдайларға байланысты оқу апталарын қысқарту кезінде оқыту мақсаттарын оқу материалдарының күрделілігін және білімдегі олқылықтарды талдауды ескере отырып, оларды интеграциялау арқылы оңтайландыру қажет.


2022-2023 оқу жылынан бастап мынадай өзгерістер енгізіледі:



Оқу   жылының  ұзақтығы   1-сыныптарда  35   оқу   аптасын,   2-11  (12)

сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды.


Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарының оқыту қазақ тілінде

жүргізілетін 1 сыныптарына мынадай өзгерістер енгізілді:

  • «Әліппе»  және   «Ана   тілі»   пәндері оқытылады;
  • «Шетел тілі» және «Орыс тілі» пәндері оқытылмайды;
  • «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді:

«Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері»;

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін 1-сыныптарға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді:

  • «Қазақ тілі», «Букварь» және «Обучение грамоте» пәндері оқытылады;
  • «Шет тілі» пәні алынып тасталды;
  • «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері».

Ұйғыр,  өзбек,   тәжік   тілдерінде   оқытатын  1-сыныпқа   арналған Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді:

  • «Қазақ тілі», «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады;
  • «Орыс тілі» және «Шет тілі» пәндері алынып тасталды;
  • «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері».



  • Ата-аналардың қаражаты есебінен оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін (бастауыш сыныптарға арналған жазуларды) сатып алуға жол берілмейді.
  • ОӘК бюджет қаражаты есебінен ғана сатып алынады.

 

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу сыныптарда 24 және одан да көп білім алушылар болған кезде жүзеге асырылады:

  1. қазақ тілінде оқытпайтын сыныптардағы қазақ тіліне;
  2. шет тіліне;
  3. цифрлық сауаттылық (1-сыныптан басқа) негізінде жүзеге асырылады.

Ескертпе: «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша 1-сыныпта сынып екі топқа бөлінбейді.

«Шет тілі» пәні 2022-2023 оқу жылы ҮОЖ сәйкес 2 сыныптарда оқытылады


Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) сәйкес білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес 24 және одан да көп білім алушы болғанда:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптардағы;
  2. шетел тілдері;
  3. көркем еңбек;
  4. информатика екіге бөлініп оқытылады.


Ескертпе:

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу қазақ тілінде оқытпайтын барлық сыныптарда жүргізіледі. Бұл ретте жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда апталық сағаттық жүктеменің өзгеруімен топтарға бөлу сақталған.

Мектептер оқу тіліне қарамастан, мектептен тыс және жалпы мектепішілік іс- шараларды негізінен қазақ тілінде ұйымдастырады.


Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы No

348   бұйрығы)   сәйкес    білім   беру   ұйымдарында   сынып   24   оқушымен толтырылған, немесе одан да көп кезде екі топқа бөлінеді:

  1. оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
  2. шет тілі;
  3. информатика.


Сыныпты екі топқа бөлуге жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болғанда барлық орыс тілінде оқытпайтын сыныптарда екіге бөлу қарастырылады.


 


  • 2022-23 оқу жылынан бастап сыныпты екі топқа бөлу қалалық және ауылдық мектептерде сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылады (бұрын ауылдық мектептерде бөлу сыныпта білім алушылар саны 20 адам болған кезде жүзеге асырылған).
  • «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына сәйкес шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндер бойынша бөлу біріктірілген немесе дербес сыныптарда білім алушылардың әртүрлі жастағы оқуын ескере отырып, 16 және одан да көп білім алушы болған жағдайда жүзеге асырылады.


2024-2025 оқу жылынан бастап мынадай өзгерістер енгізіледі:

Оқыту қазақ / орыс тілдерінде жүргізілетін бастауыш білім берудің Үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізіледі:

«Шетел тілі» пәні 3-сыныптан бастап оқытылады.

Негізгі орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарында:

Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндеріне, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні «Орыс тілі» және

«Әлем әдебиеті» оқу пәндеріне бөлінеді.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінің атауы «Әлем тарихы» пәні болып өзгереді.

9-сыныпта «География» пәнінің атауы «География. Қазақстан географиясы» пәні болып өзгереді.

 




 
 2024-2025 оқу жылынан бастап CEFR деңгейлерінің талаптарына сәйкес қазақ және қазақ емес тілдерде оқытатын мектептерде 3-сыныптан бастап

«Шетел тілі» пәні аптасына 3 сағат көлемінде оқытылатын болады.

 




 
 
 

2022-2023 оқу жылында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарының вариативті компоненті сағаттарын

жүзеге асыру бойынша ұсыныстар


Бастауыш білім беру деңгейінің оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарында вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі:

1-сыныпта – 1 сағатты; 2-сыныпта – 1 сағатты; 3-сыныпта – 1 сағатты;

4-сыныпта – 1 сағатты құрайды.

1-4 сыныптарда оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттарын математикалық сауаттылықты, математикалық сөйлеуді дамытуға бағытталған

«Математика» пәнін оқуға, сондай-ақ шахмат пен домбырада ойнау сабақтарына бөлу ұсынылады.

Шахмат ойнау логикалық ойлауды дамытады және маңызды жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

5-9 сыныптарда вариативтік компонент сағаттары «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінеді. Домбырада ойнау дағдыларын қалыптастыру білім алушылардың эстетикалық және көркем мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Музыка сабағында домбырада ойнауды үйренуді жалғастыру қажет.

Қазақ тілінде оқытатын қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша вариативті компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі жалпы орта білім беру деңгейін құрайды:

  1. сыныпта-5 сағат;
  2. сыныпта-5 сағат.

Оның ішінде 1 сағат «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінеді.

Оқу жоспарының вариативтік компонентіндегі басқа сағаттарды инварианттік компоненттегі пәндерді оқытуға бөлу ұсынылады.

Орыс тілінде оқытатын қоғамдық-гуманитарлық бағыт және қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша вариативті компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі жалпы орта білім беру деңгейін құрайды:

  1. сыныпта-1 сағат;
  2. сыныпта-1 сағат.

Сағаттар «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінеді.


  • Вариативті компонентті анықтау кезінде білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары және білім беру ұйымы қызметінің бағыты ескеріледі.
  • Қазақ және қазақ тілінде оқытпайтын сыныптарының типтік оқу жоспарларында вариативті компоненттің сағаттары әртүрлі. Бұл қазақ тілінде оқытпайтын үлгілік оқу жоспарларында инвариантты компонентке бөлінетін сағаттар көп болуына байланысты, өйткені қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде 1-ден 11-сыныпқа дейін аптасына 2-ден 5 сағатқа дейін оқытылады

 

2-11 (12) сыныптарда сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші сыныптардың оқу сабақтарының режимі: қыркүйекте – күніне 35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес көз шынықтыру жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан өткізіледі

Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау «Меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау, балаларды бастауыш білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады (өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылғы 7 тамыздағы №332 бұйрығымен бекітілген).




Сабақ кестесін құруда мектеп әкімшілігіне әрбір сыныптағы пәндер бойынша оқу сағаттарының нормаларын, мектептің материалдық-техникалық базасы мен кадр ресурстарын ескере отырып, автоматтандырылған бағдарламаларды пайдалану ұсынылады. Білім алушылардың бір күндік және апта ішіндегі ой еңбегінің жұмысқа қабілеттілігі динамикасын ескеру және

 




 
 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес пәндерді қиындығына қарай саралау кестесін пайдалану қажет (ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы).


  • Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар басқа күндерге ауыстырылады. Осы жағдайда сабақтардың тақырыптары/оқу мақсаттары оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес кіріктірілуі қажет.
  • Бұл ретте қосымша сағаттар бөлінбейді. Сабақтардың кіріктірілген тақырыбы журналдың бір жолына жазылады.
  • Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл өзгерістер электрондық журналда көрсетіледі.
  • Электрондық журналдар мен күнделіктерді толықтыру бойынша техникалық қолдау кол-центр, қолдау қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Мектепішілік бақылау

Мектепішілік бақылау оқу-тәрбие процесін үйлестіруді жалпы мемлекеттік талаптарға (нормативтерге) және оқушы мен педагогтің дамып келе жатқан тұлғаларының сұраныстарына сәйкестігін зерделеу және талдау


 

мақсатында жүзеге асырылады.

Оқыту процесінің және білім алушының оқу жетістігінің сапасын арттыру, педагогтерде және білім алушыларда кездесетін проблемаларды зерделеу мақсатында мектепішілік бақылауды күшейту қажет.

Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес дайындалады.

Оқу процесін ұйымдастыру мен мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарының әкімшілігіне келесі нормативтер ұсынылады (1-кесте).


1-кесте. Мектепішілік бақылау нормативтері

Бақылау нысандары

Нормалар



1



Сабаққа қатысу, бақылау және талдау

  • директордың орынбасарлары үшін айына кемінде 8 сабақ;
  • білім беру ұйымының директоры үшін айына кемінде 4 сабақ;
  • 1 сабаққа қатысу ұзақтығы – 45 минут.

2

Қысқа мерзімді және орта мерзімді

жоспарларды тексеру

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

3

Электронды сынып журналдарын тексеру

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

4

БЖБ және ТЖБ-ның жүргізілуін тексеру

мектептің бекітілген кестесі бойынша


5

Оқыту процесінде педагогтердің

қашықтан оқыту технологиялары мен ЦБР қолдануы


мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес


Сабақтарға қатысу алдын ала дайындалған, білім беру ұйымының басшысы бекіткен жоспар және міндетті түрде ақпарат тақтасына орналастырылған кесте бойынша жүзеге асырылады. Сабаққа жоспарланбаған қатысуға педагогке оның кәсіби өсуі мен дамуы үшін нақты әдістемелік көмек көрсету мақсатында ғана жол беріледі.

Білім беру ұйымы әкімшілігінің сабаққа қатысу нәтижелері бақылау парақтарында, сабаққа қатысу журналында тіркеледі.


 




 
 


  • Сабақтарға     қатысу     мақсаттары    білім     беру     ұйымының          мақсаттарына, міндеттеріне және ерекшеліктеріне байланысты анықталады.
  • Мектепішілік бақылаудың мақсаттарына байланысты сабақты бақылау парағы әзірленеді.


Сабақты бақылау, зерттеу мен талдау оқыту процесін жақсартудың, педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, білім алушылардың білім сапасын


 

арттырудың негізі болып табылады. Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында жүйелі түрде талқылануы тиіс.

Сабақты талдау (ауызша жүргізілуі мүмкін) мыналарды көздейді:

  • педагогтің сабақты өзіндік талдауы;
  • сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету;
  • педагогке ұсыныстар беру.

Педагогтердің бір-бірінің сабағына жүйелі түрде қатысуы ұсынылады.

Карантиндік және шектеу шаралары кезеңіндегі оқыту жағдайында мектепішілік бақылау онлайн форматта жүргізіледі.

Электрондық журналдарды тексеру нормаларын тоқсанына 1 рет анықтау ұсынылады.

Білім беру ұйымының әкімшілігі білімнің таңдамалы тақырыптық бақылау кесімдерін жүргізуді, білім алушылардың жазбаша жұмыстарын (эссе, диктант, мазмұндама және шығарма) тексеруді жоспарлайды.

Педагог дәптерлерді, жазбаша жұмыстарды тексеру нәтижелері бойынша білім алушыға кері байланыс (түсініктеме, орындалған жұмыстағы олқылықтарды түсіндіру және т.б.) ұсынады.

Мұғалімдердің тиімді   жұмысын   ұйымдастыру  үшін   әр   мектепте

«мұғалімдер бөлмесі» болуы керек.

Білім беру ұйымының әкімшілігі білімнің таңдаулы тақырыптық бақылау бөлімдерін өткізуді, оқушылардың жазба жұмыстарын (эссе, диктант, презентация және шығарма) тексеруді жоспарлап отыр.

Білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесі өзара байланысты және өзара шартты элементтерді қамтиды:

  1. білім беру сапасын басқарудың ішкі жүйесін жобалау және жоспарлау (орта білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін нормативтік, ұйымдастырушылық, әдістемелік және өзге де құжаттарды әзірлеу және бекіту);
  2. оқу-тәрбиелік, ұйымдастырушылық, әдістемелік (қажеттіліктерді зерделеу, ресурстармен қамтамасыз ету, сапаны бақылау және т. б.) процестерді басқару;
  3. процестер мониторингі және түзету (сапа көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізу бойынша бағалау және талдау, мүдделі тараптармен кері байланыс, басқару жүйесіне және Қызметке білім беру қызметтерін көрсету ретінде түзету іс-қимылдарын енгізу). (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 292 бұйрығы).






  • Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды электронды немесе қағаз форматта ұсына алады.


  • Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау және олқылықтардың орнын толықтыру жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері

 

Педагог бағалауды нормативтік-құқықтық актілерге және мұғалімдерге, ата-аналарға және оқушыларға көмектесу үшін әзірленген әдістемелік материалдарға сәйкес жүргізуі тиіс:

  • «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ -нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы;
  • Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектеп үшін критериалды бағалау мен құжаттарды рәсімдеу бойынша нұсқаулық;
  • Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
  • Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: оқу-әдістемелік құрал;
  • Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы;
  • Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы;
  • Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар.


  • Әдістемелік ұсынымдарды uba.edu.kz, smk.edu.kz сайттарынан жүктеуге болады.

Әрбір сабақ білім алушылардың өздерінің түсіну деңгейінде оқыту мақсаттары мен оларға қол жеткізу критерийлерін дыбыстаудан/көрсетуден басталуы тиіс. Білім алушы оқытудың қойылған мақсатын түсініп, оған қалай қол жеткізуге болатынын түсінуі тиіс.

 




 
 Әрбір сабақта оқушыларды уақтылы қолдау, оқудағы прогресс, балаларды оқуға ынталандыру, білімдегі олқылықтарды анықтау және олардың оқу жетістіктерін көрсету мақсатында қалыптастырушы бағалауды пайдалану ұсынылады.


  • Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалардың қорытындылары бойынша түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.


Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау электрондық журналдарда балл түрінде жүзеге асырылады, қажет болған жағдайда мұғалім түсініктемелер енгізеді. Электрондық журнал болмаған жағдайда қағаз журналға қойылады.

Педагог орындалған жұмыс көлемін, оқу тапсырмаларын ескере отырып, оқу жетістіктері үшін балл қою кезеңдерін және сабақ үшін балл қойылатын білім алушылардың санын дербес айқындайды.

Мұғалім ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы негізінде 2-11-

сынып білім алушыларына арналған жиынтық жұмыс тапсырмаларын құрастырады.


 

БЖБ орындау үшін сабақтың формасын (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және т.б.) және өткізу уақытын педагог дербес айқындайды.

Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын мұғалімдер академиялық адалдық нормаларын сақтай отырып дербес құрастырады.

Формативті бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу мен сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және бір баллдан он баллға дейінгі шекте жүзеге асырылады.

Үйде оқитын, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін мұғалім оқу жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып, жеке тапсырмалар әзірлейді.

Оқу жылының қорытындысы бойынша аралық аттестаттау өткізілмейді.

Бағалау кезінде бірқатар талаптарды ұстану ескертіледі:

  1. Білім алушылар бағалау үдерісіне белсенді кіреді, соның ішінде сабақта үнемі өзін-өзі бағалау жүргізіледі.
  2. Білім алушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады.
  3. Білім алушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен емес, үздік орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.
  4. Әртүрлі формалар мен тапсырмалар түрлері пайдаланылады, тамаша орындалған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамалары әзірленеді.
  5. Білім алушыларға бағалау критерийлері алдын ала белгілі.
  6. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың рефлексиясында жеке тұлғаның дамуының міндетті шартын білдіреді.
  7. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін формативті бағалау, БЖБ мен ТЖБ оқу тапсырмалары өткен (оқыған) тақырыптар, оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.
  8. Білім алушылармен бірге оқу жетістіктерін бағалау және өзін-өзі бағалау үшін критерийлерді әзірлеуі мүмкін.
  9. Оқу тапсырмаларын таңдау және оқушылардың сабақ барысында өз оқу жетістіктерін өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруды ойластыру маңызды.
  10. Сабақта білім алушыларға өзін-өзі бағалау және өзара бағалау үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.

Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін таңдауда және әзірлеуде еркін.

11-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қорытынды аттестаттау ауызша түрде өткізіледі.

2022-2023 оқу жылында Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер үшін «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні бойынша қорытынды аттестаттау (жазбаша емтихан) «НЗМ» ДББҰ филиалдарының базасында өткізіледі. (2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрыққа 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен).

Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды мұғалімдер жиынтық бағалау түрінде бөлімдерді (қиын тақырыптарды), тоқсандық оқуды аяқтағаннан


 

кейін оқу материалының мазмұнын игеру деңгейін анықтау және бекіту үшін жүзеге асырады.

1-сыныпта оқушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды.


Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.

Жалпы білім білім беру ұйымдарында ББЖМ өткізу 4 және 9-сынып білім алушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, алған білімі мен дағдыларды өмірлік жағдайларда қолдануына бағытталатын болады.

  1. сынып бойынша:
    • оқу сауаттылығы (бір дұрыс жауапты таңдаумен 10 тест тапсырмасы: бірінші мәтінге – 4 тапсырма, екінші мәтінге – 6 тапсырма),
    • математикалық сауаттылық (бір дұрыс жауапты таңдаумен 12 тест тапсырмасы),
    • жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (бір дұрыс жауапты таңдаумен 8

тест тапсырмасы) тексеріледі.

9-сыныпта:

  • оқу сауаттылығы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Тест тапсырмаларының саны – 30, оның ішінде әр пән бойынша -10 тест тапсырмасы (ең жоғары балл-30).
  • математикалық сауаттылық. Бір дұрыс жауапты таңдаумен 13 тест тапсырмасы (ең жоғары балл – 13).
  • жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).

Тест тапсырмаларының жалпы саны – 32 (8 контекст, әр контекстке бір дұрыс жауапты таңдаумен 4 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасынан тұрады (ең жоғары балл -32).


Тестілеу       кешенді       тестілеу       нысанында       ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқыту тілінде жүргізіледі


«Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 333 бұйрығына сәйкес «Жеңімпаздар, жүлдегерлер және оларды дайындаған мұғалімдер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен ынталандырылады».


 



Халықаралық олимпиадалардың тізбесі:

1.

Математикадан Халықаралық олимпиада (International Mathematical Olympiad

(Интернейшэнал Математикал Олимпиад)

2.

Физикадан Халықаралық олимпиада (International Physic Olympiad) (Интернейшэнал Физик Олимпиад)

3.

Химииядан Халықаралық Олимпиада (International Chemistry Olympiad

(Интернейшэнал Кэмистри Олимпиад)

4.

Биологиядан Халықаралық олимпиада (International Biology Olympiad)

(Интернейшэнал Байолоджи Олимпиад)

5.

Географиядан Халықаралық олимпиада (International Geography Olympiad

(Интернейшэнал Джиографи Олимпиад)

6.

Информатикадан Халықаралық олимпиада (International Olympiad in Informatic

(Интернейшэнал Олимпиад Ин Информатик)

7.

Лингвистикадан Халықаралық олимпиада (International Linguistic Olympiad

(Интернейшэнал Лингуистик Олимпиад)


Дарынды білімалушыларды тәрбиелеген мұғалімдер мен жаттықтырушыларды моральдық және материалдық ынталандыру елдегі олимпиадалық қозғалысты дамытуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады. Халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындайтын педагогтар өз шәкірттерімен жұмыс уақытынан кейін айналысады және оған көп уақыт пен күш жұмсайды. Бұл мұғалімдерді ынталандыру жаттықтырушылардың ынтасын, олардың әл-ауқатын арттырады, сонымен қатар ақшалай сыйлықтарды кәсіби өзін-өзі дамыту үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

2022-2023 оқу жылында білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмысы жалғасады.

Оқу жылының басында мектеп әкімшілігіне барлық пәндер бойынша білім алушылардың біліміне әкімшілік бақылау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

Бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің және мектептің жұмыс жоспары әзірленеді.

Білім олқылықтарының орнын толықтыру жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі.

Оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізіледі.

Білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша мектеп жұмысы алгоритмінің үлгісі ұсынылады (uba.edu.kz).

Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері:

  1. пәннің оқу бағдарламасы бойынша біліміндегі олқылықтар;

 
  1. оқу-танымдық іс-әрекетіндегі олқылықтар;
  2. оқуға қажетті өзіндік жеке қасиеттерінің даму деңгейінің жеткіліксіздігі;
  3. эмоционалды қолайсыздық.

Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмі:

  1. бірнеше педагогтің сабақтарды, оқыту процесін бірлесіп жоспарлауы (олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқу материалын қайталау, бекіту, оқу тапсырмаларының минимумын орындау, қателерді талдау және жою бойынша оқу әрекетін реттеу және т.б.);
  2. оқу іс-әрекеті барысында қолдау көрсету және кеңес беру;
  3. бірінші сыныптың білім алушылары мен осал топтың балаларын психологиялық бейімдеуді қамтамасыз ету;
  4. оқу іс-әрекетін ынталандыру (көтермелеу, табысты жағдаяттарды туғызу, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.).
  5. оқушының оқу іс-әрекетінің және оқу жетістіктерінің мониторингі (білім алушыларға жүйелі сауалнама жүргізу, оқу тапсырмаларының орындалуын тексеру, кері байланыс, өзін-өзі бағалауда белсенділікті арттыру және т.б.);
  6. қосымша сабақтарды және өзара көмек беруді ұйымдастыру;
  7. білім алушыға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс;
  8. өздігінен орындайтын тапсырмалар үшін қашықтан оқыту жүйесін пайдалану.

Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарында:

педагогке:

  • білім алушының артта қалу себептерін, оның оқу жетістіктерінің деңгейін және біліміндегі олқылықтарды анықтау;
  • жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу;
  • жеке тапсырмаларды таңдай отырып, оқытудың жеке жоспарын әзірлеу;
  • жүйелі кері байланысты ұйымдастыру ұсынылады.

Педагог оқушылардың білім алу қажеттіліктерін және жеке даму жолын ескере отырып, пән бойынша білім алушылардың білімін толықтыру алгоритмін дербес әзірлейді. Мысалы:

  • өткен   және   ағымдағы  оқу   жылдарындағы  оқу   пәні   сабақтарының тақырыптарын, оқу мақсаттарын кіріктіру;
  • пәндер бойынша өткен оқу жылының материалдарын жаңа оқу жылының барлық кезеңіне бөлу;
  • жаңа тақырыптарды және оқу мақсаттарын меңгертуге дейін бұрынғы оқу материалдарын қайталау;
  • білім алушыларға қиындық тудырған тақырыптар бойынша қосымша сабақтар өткізу;
  • білім алушыларға күрделі тақырыптар/оқу мақсаттары бойынша жеке және топпен консультациялар өткізу;
  • өткен оқу материалы бойынша оқу пәнінен олимпиадалар ұйымдастыру;
  • каникулдық сабақтарды және жазғы мектепті ұйымдастыру;
  • формативті бағалауда өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасы бойынша тапсырмалар әзірлеу және енгізу;

 
  • өткен оқу жылындағы материалдар бойынша зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру сабақтары үшін Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын пайдалану;
  • білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында қосымша білім беру ұйымдарының мүмкіндігін барынша пайдалану;
  • білім беру платформаларын қолдану.

9(10) және 11(12) сыныптар аяқталған қорытынды аттестаттау ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 наурыздағы № 125 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары» бұйрығына сәйкес өткізіледі.



Ы.Алтынсарин    атындағы     Ұлттық     білім     академиясы     2021     жылы

«1-11 сынып білім алушыларының оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» құралын әзірледі.

Әдістемелік ұсынымдарда білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша халықаралық тәжірибе, Қазақстан мектептерінде қашықтан оқыту жағдайында білім алушылардың білім сапасына талдау, 1-11 сынып оқушыларының оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.

Әдістемелік ұсынымдама жалпы бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен педагогтеріне, әдіскерлерге, білім басқармалары/бөлімдері мен білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары мен пән мұғалімдеріне арналған

Altynsarin Academy (uba.edu.kz) сайтында қол жетімді).


  • Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері

Қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 3 қарашадағы № 547 бұйрығымен толықтырулар енгізілген) бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Қашықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқу процесін ұйымдастыру білім алушыларға білім беру бағдарламаларын академиялық күнтізбелікке сәйкес меңгеру үшін жүзеге асырылады.

«Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес білім алушылардың жетістігін бағалау өткізіледі.


 

Ауа райының қолайсыз метеожағдайларына байланысты қашықтан оқыту

«Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 42 бұйрығына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органының бұйрығы негізінде ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірдің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен толықтырулар енгізілген) бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидалары» 8-бөліміне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім алушылар үшін қашықтан оқытуды енгізеді.

 




 
 


  • Ақпараттық жүйені таңдау өте маңызды мәселе, себебі материалды игеру сапасы платформадағы білім мазмұнына байланысты.


Оқыту аудиториялық, қашықтан оқытуды және білім алушылардың өзіндік жұмысын дәстүрлі оқу-әдістемелік материалдармен үйлестіруі керек. Әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Оқу процесі әртүрлі режимдерде өтуі керек: онлайн режимінде, оқу іс- шаралары мен мұғаліммен қарым-қатынас АКТ-ны қолдана отырып нақты уақытта жүзеге асырылады; асинхронды форматта, бұл балаға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта оқу материалын игеруге мүмкіндік береді.

 




 
 



 

Қашықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыру үшін білім алушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату қажет. Ата-аналарға қашықтан оқытудың ерекшеліктерін түсіндіріп, нұсқаулық/жоспар әзірлеу ұсынылады, онда мұғалім, ата-аналар, сабақ барысында оқушы орындайтын іс-әрекеттер нақты жазылуы керек


  • Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері

Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балалар үшін үйде жеке тегін оқыту қарастырылады. Үйде жеке тегін оқытуға «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ - 34 бұйрығына сәйкес үйде оқыту мерзімі көрсетілген баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады. Үйде оқыту мерзімі баланың сырқатына байланысты дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысында көрсетілді.

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін 1-11 сыныптарға арналған бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарлары

«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (53-60- Қосымшалар; толықтыру ҚР Білім және ғылым министрінің 26.01.2022 №25 бұйрығымен енгізілген).


  • Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері

Жазғы мектеп орта білім беру ұйымдарының базасында ата-аналардың

/заңды өкілдердің өтініші бойынша барлық тілек білдірген білім алушылар үшін, тегін ұйымдастырылады және Жазғы мектепте оқыту 1-8, 10-сыныптардың білім алушылары үшін ұйымдастырылады.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары барлық орта білім беру ұйымдарында жазғы мектеп ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады. Білім беру ұйымдарының басшылары өз кезегінде Жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспарын бекітеді және жалпы жауапкершілікте болады.

Орта білім беру ұйымы ауысымдар бойынша білім алушылардың санын, оқу пәндері мен жеке консультацияларды дербес айқындайды. Қажет болған жағдайда білім алушылар үшін кесте бойынша жеке консультациялар ұйымдастырылады.

Сабақтардың кестесі педагогтердің оқу жылы ішінде анықтаған оқу жетістіктерін талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейлерін диагностикалау нәтижелері негізінде құрылған топтарды/сыныптарды ескере отырып жасалады.


 

Педагогтер диагностика нәтижелері негізінде меңгеруге күрделі деген тақырыптарды, бөлімдерді, бөлімшелерді, оқыту мақсаттарын зерделеп, тақырыптық жоспарлар әзірлейді.

Жұмыстың тәсілдері мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды. Білім алушылардың мектеп кітапханасына, қолда бар цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

 




 
 



  • Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді.
  • Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.
  • Жазғы мектепте білім алушылар үшін еркін киім киюге рұқсат етіледі.


Сабаққа дайындық кезінде педагог оқу материалдары мен ресурстарын мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды әзірлеуі керек. Жазғы мектептің оқу процесінде үлгерімі нашар білім алушыларға ерекше назар аудару керек. Қажет болған жағдайда жеке, сараланған тапсырмаларды әзірлеу, жеке консультациялар жүргізу қажет.

Білім алушылардың танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша ойын-сауық материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдалану ұсынылады.

Топтардағы толымдылық 25 адамнан артық болмауы тиіс. Сабақтың ұзақтығы - 40 минут, бір күнде 3-4 сабақ өткізіледі.

Әр күнге жұмыс жоспарын құру кезінде жазғы лагерьдің сауықтыру іс- шараларымен үйлестіре отырып, жазғы сабақтардың кестесін құру ұсынылады.

Жазғы мектепте сабақтарды ұйымдастыру кезінде барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды қамтамасыз ету қажет (медицина қызметкерлерінің сабақ алдында білім беру процесіне қатысушылардың температурасын күн сайын өлшеуі; дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да үй-жайларда ауысымдар арасында ылғалды жинау жүргізу; бетперде кию және басқалар).

Жазғы мектепте тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұйымдастырылады. Асханалардың жұмысы санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарын сақтай отырып, кесте бойынша ұйымдастырылады.

Жазғы мектептің қызметін тиімді ұйымдастыру үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларының (басшы, басшының орынбасары, педагогтер, психологтар, медицина қызметкерлері және т.б.) жауапкершілік алатын тұстарын нақты бөлу қажет.


 

Мектеп психологтары білім алушыларды психологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; білім алушылар мен олардың ата-аналары/заңды өкілдері үшін консультациялар өткізеді.


  • Білім беру ресурстары: қайта басып шығарылған оқулықтар, оқу- әдістемелік кешендер, цифрлық ресурстар мен ақпараттық жүйелер

2022-2023 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу- әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен бекітілген.


  • Білім беру ұйымдарын, басшыларын, педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 бірлескен бұйрығымен өзгеріс енгізілген) сәйкес жүзеге асады.

Конкурстық негізде жұмысқа қабылдау үшін күнтізбелік жылға конкурстық комиссия құрылады. Конкурсқа ҚР БҒМ-нің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен енгізілген) Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес www.enbek.kz сайтынан тіркеуден өткен және конкурсқа қажетті барлық құжаттарды ұсынған педагогтер қатыса алады.

Конкурс 16 сағаттық нормативтік оқу жүктемесімен педагогтің бос лауазымына өткізіледі.

Ұлттық біліктілік тестісінен кемінде 50 балл жинаған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтары бойынша білім алушылары мен түлектеріне «педагог» біліктілік санаты беріледі.

Техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының «педагог» біліктілік санаты бар түлектері конкурс нәтижелері бойынша жұмысқа қабылданады.

«Педагог мәртебесі туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарын іске асыру аясында педагогтің жүктемесі 16 сағатқа дейін төмендетілді. Бір пән бойынша бос лауазымның 16 сағатын педагогтер арасында бөліп беруге рұқсат етілмейді.


 

Қажет болған жағдайда оқу жылының басында бос лауазымға (16 сағат) қосымша педагог қабылданады.

Мұғалімдердің оқу жүктемесін тарифтеу оқу процесін жоспарлаудың негізгі параметрі болып табылады.

Тарификациялау – мектеп педагогтерінің білім деңгейіне, біліктілігіне, орындалатын жұмыс көлеміне, сондай-ақ жұмыстың нәтижелілігі мен сапасына қарай оқу жүктемесін белгілеуге бағытталған іс-шаралар кешені.

Педагогті тарифтеу бойынша келесі жұмыс тәртібі ұсынылады:

  • МЖМБС, мектептің жұмыс оқу жоспарына және сынып- комплектінің санына сәйкес әрбір пән бойынша оқу сағаттарын есептеу (директор және директордың орынбасары жүзеге асырады);
  • Мұғалімдердің оқу жүктемесінің көлемі мектептің жұмыс оқу жоспарындағы сағаттар саны мен мектептің кадрлармен қамтамасыз етілуіне қарай айқындалады;
  • Жұмыс оқу жоспары бойынша әрбір параллель сыныптардың сағат санын есептеу жүргізіледі. Сонымен бірге белгілі бір пәндер бойынша сыныптарды топтарға бөліп оқыту ескеріледі. Топтарға бөлу сыныптағы білім алушылардың санына қарай жүргізіледі;
  • Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесінің көлемі жұмыс оқу жоспарында белгіленген оқу қызметінің түрлері (вариативтік компоненттер) бойынша белгіленеді;
  • Сағаттардың санын есептегеннен кейін педагогтердің жүктемелері мен бақылау табелі анықталады;
  • Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесі оның сыныптарда пәндерді оқыту сабақтастығын, оқыту сапасы мен кадрлармен қамтамасыз етілуін ескере отырып, алдын ала жеке әңгімелесу арқылы (директордың орынбасары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары) айқындалады;
  • Жиынтық тарифтеу тізімі келесі міндетті мәліметтерді қамтиды: мұғалімнің аты-жөні; лауазымы; білім деңгейі; жүктеме көлемі – апталық жалпы сағат саны; қосымша жұмыс түрлері үшін төленетін қосымша ақылар; тұрақты жеке үстемемақылар (магистрлік, тәлімгерлік үшін және т.б.).

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында үш жылда кемінде бір рет педагогтердің біліктілігін арттыруға қатысты «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына өзгерістер енгізілді.

Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 және 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Бұйрық жобасына педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу ұйымдарына қойылатын жаңа талаптар, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және келісу және тағы да басқа нормалар енгізілетін болады.

Мемлекет басшысы берген тапсырмасына сәйкес Мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге үздік педагогтерді тартудың тиісті қолдау шараларының пакеті бар арнаулы бағдарламасы әзірленді.


 

Бағдарлама педагогтерге республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен лауазымдық жалақыдан 150% мөлшерінде ынталандырушы қосымша ақы беруді көздейді.

Талдау қорытындысы бойынша педагогтардың тапшылығы Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарында сақталып отыр. Математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі пән мұғалімдеріне қажеттілік байқалады.

Ұлттық статистика және халықаралық салыстырмалы зерттеулер деректері бірқатар жылдар ішінде нысаналы өңірлердегі білім алушылардың білім сапасының орташа елдік көрсеткіштерден артта қалғанын көрсетеді. Мұны PISA 2018 халықаралық зерттеуінің нәтижелері және Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері растайды. Білім сапасын арттыру үшін арнайы бағдарлама әзірленді.

Педагогтерді іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Іріктелген педагогтер үшін 4 апталық біліктілікті арттыру курстары және онлайн-және оффлайн форматтардағы семинарлар, вебинарлар мен шеберлік сыныптары, сегіз Зияткерлік мектептің зертханалары базасында Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің тағылымдамалары ұйымдастырылатын болады.

Педагогтерді аттестаттау

Педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттау «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) сәйкес жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы

8 қаңтардағы № 410-VI ҚР Заңымен білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау институты енгізілді.

Білім беру ұйымы жыл сайын ұсынылатын білім беру қызметтерінің МЖМБС талаптарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау жүргізеді және білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне өзін-өзі бағалау материалдарын ұсынады.

Өзін-өзі бағалау: талдауды, ішкі бақылауды, диагностиканы, жоспарлау құралдарын, білім беру қызметін жақсартудың түзету механизмдерін қамтиды.

Білім беру ұйымдары білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды ҚР БҒМ 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығымен бекітілген (ҚР БҒМ 2021 жылғы 26 шiлдедегі №366 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын пайдалана отырып жүргізеді.


 

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілді:

Конкурсқа қатысу үшін қатысушы ақпараттық Министрлік жүйелері электрондық форматта мынадай құжаттарды (материалдарды) қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім береді:

  1. оқыту тіліндегі портфолио;
  2. бір бейнесабақ ұзақтығы 7 (жеті) минут (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), бейнесабақ ұзақтығы 15 (он бес) минут (орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін) сабақ жоспарын ұсына отырып, сондай-ақ озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау (ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик) бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес;
  3. Министрліктен анықталатын тақырыпқа 500 (бес жүз) сөзден аспайтын эссе жазуға тиіс.

Бағалау тетіктері:

  1. Комиссия мүшелері үш адамнан топтарға бөлінеді;
  2. конкурсқа қатысушылар кездейсоқ іріктеу әдісімен ұсынған құжаттар (материалдар) комиссияның қалыптастырылған топтары арасында бөлінеді;
  3. топ мүшелері конкурсқа қатысушылардың өз тобына бөлінген әр портфолиосын бағалайды;
  4. бағалауды комиссияның барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес жүргізеді;
  5. комиссия тобының әрбір мүшесінің балдары осы топтың басқа мүшелері қойған балдармен жинақталады және қойылған балдардың орташа арифметикалық мәні шығарылады;
  6. конкурсқа қатысушылар алынған баллдардың орташа арифметикалық мәні негізінде сараланады;
  7. Комиссия отырысында орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған конкурсқа қатысушылардың қорытынды балдары есептеледі, осының негізінде комиссия шешім қабылдайды;
  8. конкурсқа қатысушыларда баллдар тең болған кезде шешім Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады;
  9. комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

Ұсынылған құжаттарда (материалдарда)плагиат анықталған кезде

Комиссия педагогті конкурстың одан әрі кезеңінен шеттету туралы хабардар етеді. Хабарлама педагогтің жұмыс орны бойынша білім беру ұйымына еркін нысанда жіберіледі.

Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:

І кезең-аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгей ағымдағы жылдың қыркүйегінде өткізіледі;

ІІ кезең - облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Астана) деңгей – ағымдағы жылдың қазан айында;


 

ІІІ кезең – республикалық деңгей-ағымдағы жылдың қараша айында. Байқаудың ІІІ кезеңі екі турда өткізіледі:

бірінші тур: Республикалық комиссия мүшелерінің конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарауы;

екінші тур: Министрлік айқындайтын білім беру ұйымдарында конкурсқа қатысушы күндізгі форматта өткізетін сабақты (сабақты) Республикалық комиссия мүшелерінің бағалауы.

Квотаға сәйкес Республикалық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 64 конкурсқа қатысушы Байқаудың III кезеңінің жеңімпаздары болады: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері 10 адамға дейін, Орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері 34 адамға дейін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтері 20 адамға дейін.

Алғаш рет конкурсқа қатысушылардың өтініштерін қарау бойынша апелляциялық комиссия құрылды.


  • Білім беру ұйымдары басшыларын ротациялауды ұйымдастыру

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау

  • облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары арасындағы лауазымдық ауысулар.

Білім беру жүйесінде мектептер, колледждер мен балабақшалардың бірінші басшыларын ротациялау институты пайда болды.

Ұйымның өзгеруі өзгерістерді енгізуге және басшылықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ротацияға бір білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам жұмыс істеген басшылар түседі.

Комиссияның шешімі комиссияның бірінші басшының портфолиосын қарауын ескере отырып, осы білім беру ұйымында лауазымға тағайындалған күннен бастап 4 (төрт) жыл атқарып отырған лауазымдағы бірінші басшы үшін қабылданады. Комиссия ротация туралы шешім қабылдайды немесе бірінші басшы еңбек шарты шеңберінде жұмысын жалғастырады.

Бұл ретте бірінші басшының бір білім беру ұйымында атқаратын лауазымында болуының рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі 7 (жеті) жылдан аспайды. Атқаратын лауазымында жеті және одан да көп жыл болған бірінші басшылар ротациялауға жатады.

Ротация жүргізу шарттары:

  • ротацияны облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары жүргізеді;
  • ротация бір елді мекен шегінде жүргізіледі;
  • ротация бір типтегі ұйымдардың басшылары арасында жүргізіледі;
  • ротация кезінде Бірінші басшылардың біліктілік санаты, яғни ол үшін алынатын қосымша ақы оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

 
  • Орта білім беру ұйымдарын жан басына қаржыландыру

Мемлекеттік мектептерді жан басына қаржыландыру төмендегі нормативтік-құқықтық құжаттармен негізделеді:

  1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы.
  2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығы (өзгерістер ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 41 бұйрығымен енгізілген).
  3. «Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығы.
  4. «Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 502 бұйрығы.
  5. «Жеке меншік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқу үшін ата-ананың ақы төлеу шекті мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бұйрығы.
  6. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы.

Мемлекеттік мектептерді жан басына қаржыландыру жүзеге асыру туралы әдістемелік ұсынымдармен ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» ресми сайтынан таныса аласыздар: https://pnf.kz/


1.11 Пилоттық жобаларды енгізу

І. «Тірек мектебі – магнитті мектептер» кешені» пилоттық жобасы Мақсаты - ауылдық шағын жинақты мектеп білім алушыларының білім

сапасын арттыру.


 

Жобаның міндеттері:

  • ауыл мектептері оқушыларының сапалы білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тірек мектепте білім беру ресурстарын шоғырландыру;
  • тірек мектепте сессиялық және сессияаралық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру;
  • білім алушылардың бейіналды және бейіндік білім беру жүйесін дамыту, ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану.

Жоба аясында шалғайдағы елді мекендерде орналасқан магниттік шағын жинақты мектептердің оқушылары мен педагогтерін әдістемелік сүйемелдеу, менторлық, коллаборация, әлеуметтендіру және басқа да жұмыстар жоспарлануда.

«Тірек мектеп – магниттік мектептер» кешені» жобасы 2022-2023 оқу жылында эксперимент ретінде 5 өңірде енгізіледі: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстары.


ІІ. «Виртуалды мектептер арқылы сапалы білімге қол жеткізу» пилоттық жобасы.

Пилоттық жобаның мақсаты: ауылдық жерлерде шағын жинақталған мектептердің білім алушыларын сапалы біліммен қамтамасыз ету және педагог кадрлардың тапшылығын болдырмау.

Қашықтан оқыту «Ағылшын тілі» (5-11 сыныптар), «Математика» (5-6 сыныптар), «Алгебра» (7-9 сыныптар), «Геометрия» (7-11 сыныптар), «Алгебра және анализ бастамалары» (10-11 сыныптар) пәндері бойынша ұйымдастырылады.

Виртуалды педагогтардың өңірлік орталықтары 5 қалада: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында орналастырылады.

Өңірлік орталықтар қашықтықтан оқыту педагогтерінің жұмысы үшін қажетті материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылатын болады.

Бірінші жылы пилоттық жоба 6 өңірде енгізілетін болады. Бұл өңірлерде 3

өңірлік қашықтықтан оқыту орталығы ашылады.


 



2022-2023 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінде бастауыш білім беруді ұйымдастыру «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (бұдан әрі – Стандарт) бойынша жүзеге асырылады.

Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:

  1. білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу;
  2. сын тұрғысынан ойлау;
  3. зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;
  4. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;
  5. коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;
  6. топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары.

Бастауыш білім беруді ұйымдастыру Стандартта айқындалған мақсат пен ондағы күтілетін нәтижеге бағдарлануы тиіс.

2022-2023 оқу жылында осы Стандартқа мынадай өзгерістер енгізілді:

  1. «Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны «Дүниетану» оқу пәнінде іске асырылады», оқу жүктемесі аптасына 1 сағат.
  2. «Көркем еңбек» пәні «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндеріне бөлініп, тек 1-сыныптар үшін дербес оқу пәндері болып айқындалды.

«Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны «Музыка»,

«Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» оқу пәндерінде іске асырылады», - деген өзгеріс енгізілді.

ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңестің шешімімен осы Оқу жоспарларының бірін таңдау арқылы оқу процесін ұйымдастыру жүзеге асырылады.

2022-2023 оқу жылында республикадағы жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш білім беру процесін ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайтында https://www.uba.edu.kz орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын басшылыққа алу керек.

«Әліппе» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)

Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесіне негізделген «Әліппе» пәнінің мақсаты – әріп таныту, оқуға, жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін үйретіп, ұлттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру.


 

«Әліппе» оқу пәнінінің міндеттер жүзеге асырылуы тиіс:

  1. оқу әрекетіне бейімдеу;
  2. дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін (сөйлеу) туралы қарапайым түсінік (ажырату, салыстыру, топтастыру және талдау) қалыптастыру;
  3. дыбыс пен әріпті (баспа және жазба түрлері) үйрету;
  4. оқу (буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу) және жазу дағдыларын қалыптастыру;
  5. коммуникативтік әрекет түрлерін жетілдіру, сөздік қорын байыту;
  6. ана тіліне, Отанына, халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарай білуге үйрету, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіру.


«Әліппе» оқу пәнінің мазмұны

«Әліппе»          пәні          бойынша         оқу         жүктемесі          аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.

«Әліппе» пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең   – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.

Әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдеріндегі міндеттер «Әліппе» оқулығы арқылы жүзеге асырылады. Оқулық бойынша дыбыстық мәніне қарай топталған әріптер ретімен оқытылады:

  1. тоқсан: әліппеге дейін – 12 сағат;

(әліппе кезеңі) а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат; с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;

  1. тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат;

ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) – 24 сағат.

ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен әріпке 2 сағаттан беріледі. Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен оқытылады.


«Әліппе» пәнінің базалық мазмұны сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым мен айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған.

Әліппе   кезеңінде   қазақ    әліпбиінің   дыбыс   пен    әріптерін   таныту, дыбыстардың айтылуына жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі.

Тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.

І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант –   1-3   таңба,   әліппе   кезеңінде   әріптік диктант

– 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.

Тыңдалым мен айтылымның ерекшілігі: тыңдалым материалының көлемі: 30 сек – 1 мин.


 

Оқылым ерекшелігі: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөздердің саны 2-6-дан аспауы керек.

Жазылым ерекшелігі: 1 сыныптан бастап жазу жұмысына дайындық жаттығуларына аса мән берілуі тиіс. Жазу жұмысына дайындық:

  1. жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;
  2. сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық модельдерін құру;
  3. көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу;
  4. сөйлемнің басындағы сөзді бас әріптен жазу, сөйлем ішінде сөздердің бөлек жазылуы, сөйлемнің соңына тыныс белгісін қою;
  5. қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін құрастыру;
  6. қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

Әліппе кезеңінде жазба жұмыстарын (көркем жазу минуты) күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай айқындайды.

«Әліппе» пәнін оқыту Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған күтілетін нәтижеге бағдарлануы тиіс.

«Ана тілі» оқу пәні (әліппеден кейінгі кезең)


«Ана тілі» оқу пәнінің мақсаты – әліппеден кейінгі кезеңде білім алушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру процесінде функционалды сауаттылықтарын қалыптастыру.

Әліппеден кейінгі кезеңнің мақсатына жету үшін мынадай міндеттер орындалады:

  1. тыңдалым, айтылым әрекеттері арқылы сөз өнеріне баулу;
  2. ауызша тіл мен жазба тілін дұрыс дамыту;
  3. мәтінді дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру;
  4. ауыз   әдебиет   үлгілері  мен   көркем   шығармалар  арқылы  ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу;
  5. тілдік білімнің (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) негіздерін меңгерту;
  6. бастапқы жазу нормаларын сақтап, сауатты жазуға дағдыландыру;
  7. көркем жазу дағдыларын дамыту;
  8. мәтінмен жұмыста дереккөздерді пайдалана білуге машықтандыру.

«Ана тілі» пәнін оқыту  А.Байтұрсынұлының  мынадай ұстанымдарына: оңайдан  қиынға,   жеңілден  күрделіге  өту;   білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу негізделеді.


 

«Ана тілі» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы ІІ жартыжылдықта 114 сағатты құрайды.

Оқу пәнінің мазмұны:

негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс); қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;

орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен;

балалар әдебиетінен (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) құралады.

Оқылым материалының көлемі: көркем шығарма көлемі – 45-65 сөз, ғылыми-танымдық мәтін көлемі – 20-30 сөзден тұрады.

Оқу дағдысының толыққанды қалыптасуы білім алушының оқу жылдамдығы кезіндегі оқу тәсіліне, оқығанын түсінуіне және оқу мәнерлігіне тікелей байланысты болады.

ІІ жартыжылдықтың соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына

25-30 сөз; шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.

Ана тілі сабағында да жазба жұмыстарына, көркем жазу дағдысын жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп: әр сабақта әріп элементтерінің дұрыс жазылуын; әріптерді бір-бірімен байланыстыра жазуын; жазу каллиграфиясының дұрыс қалыптасуын қадағалау әр мұғалімнің міндеті болып табылады.

Жазба жұмыстарының көлемі: сөздік диктант – 4-5 сөз, диктант – 12-20 сөз, мазмұндама – 15-25 сөз, мәтінді көшіріп жазу – 10-20 сөзден көп емес, шығармашылық мәтін – 3-4 сөйлем (мұғалімнің көмегімен).

Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады. Ұсынылған критерийлер мен дескрипторларға сәйкес мұғалім оқушылардың деңгейін анықтай алады.


«Қазақ тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)

Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.

Оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 2-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 144 сағатты;
  2. 3-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 144 сағатты;
  3. 4-сыныпта –аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 144 сағатты құрайды.


Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.

Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі – білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарына басымдық беру.


 

Пән бойынша 2-4-сыныптардағы жазба жұмыстарының көлемі 5.1-кестеде көрсетілген.

5.1-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі:


Жазба

жұмыстарының түрлері

2-сынып

3-сынып

4-сынып

Сөздік диктант

5-7 сөз

9-12 сөз

12-15 сөз

Диктант

25-30 сөз

35-50 сөз

55-70 сөз

Көшіру

25-30 сөз

35-50 сөз

55-70 сөз

Мазмұндама

40-60 сөз

60-80 сөз

80-100 сөз

Шығарма

25-35 сөз

35-55 сөз

55-70 сөз


«Қазақ тілі» пәнін оқытуда мынадай педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады:

оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі – әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту);

дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді);

зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін? Нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);

саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою);

жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады).

Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық құбылыстары мен фактілері өзара байланыста оқытылады және олар білім алушылардың сөйлеу практикасында қолдануға бағытталады.

Оқу мақсаты бір тоқсан ішінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша үйлестіріледі. Сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша оқу мақсаттарын біріктіре алады. Бір сабақта әртүрлі негізгі дағдылардың 2-3 оқу мақсатын біріктіруге болады. Білім

алушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейіне қарай мұғалім сағат санын өзі бөле алады.

Мұғалім жазбаша жұмыстарды өткізуде дескрипторлары бар критерийлер құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Олар тапсырманы орындаудың қай кезеңінде білім алушы қиындыққа және оларды түзетуге тап болды дегенді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға конструктивті кері байланыс беруге мүмкіндік береді. Төменде критерийлермен жұмыс жасаудың үлгілері ұсыным сипатында берілген (5.2-кесте).


 

5.2-кесте.      Жазба      жұмыстарының     түрлері,     критерийлері     мен дескрипторлары

Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1.

Диктант                                   (грамматикалық тапсырмаларымен)

мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету; әріптер         мен     дыбыстар

арақатынасын белгілей біледі; грамматикалық              тапсырмаларды орындайды;

оқылған       материал        бойынша тыныс белгілерін қояды;

жазу кезінде сөздерді дұрыс жазады; сөздерді              жазу             барысында орфографиялық                                нормаларды        сақтай біледі.

2.

Сөздік диктант

сөздерді қатесіз жазады;

ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.

3.

Ескерту        диктанты        –        есту диктантының түрі. Мақсаты – мәтін, сөз    жазғанға         дейін орфограммаларды түсіндіру арқылы қателерді       ескерту.      Тақырыпты өтудің       бастапқы кезеңдерінде қолданылады. Жазу алдында орфографиялық талдау жүргізіледі – білім      алушылар      сөздің      қалай жазылғанын және неге солай

жазылғанын түсіндіреді.

тексерілетін емлеге сай ережені біледі; сөздерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады;

өтілген     материал     аясында                  тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;

ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.

4.

Еркін диктант мәтінді жазу барысында білім алушылар жекелеген сөздерді ауыстыра алады, сөйлемнің құрылымын өзгерте алады. Мәтін әуелі тұтас оқылады, сонан соң бөліктері бойынша (3-4 сөйлем); әрбір бөлігі қайталап оқығаннан кейін жазылады. Білім алушылар мәтіннің әр бөлігін есте сақтау арқылы жазады. Бұл жұмыс түрі білім алушыларды мазмұндама

жазуға дағдыландырады.

сөздерді       мағынасы      жағынан таңдай біледі/алмастыра алады;

мәтіннің       бөлігі бойынша        есте сақтай отырып, жаза біледі;

сөздерді       жазу    кезінде

орфографиялық             ережелерді қолданады;

оқылған       материал        бойынша тыныс белгілерін қоя біледі.

5.

Көру диктанты

Бұл диктант түрі білім алушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді алуға болады.

есте сақтау арқылы мәтін жаза біледі; емлені жазу кезінде ережелерді қолдана біледі;

оқылған       материал        бойынша тыныс белгілерін қояды;

жазылған      мәтін      үлгісі                      бойынша тексереді.


 

6.

Суретті диктант (дыбыссыз диктант) – мұғалімі үнсіз пәндік суретті көрсетеді, білім алушылар заттың атауын жазады.

суреттегі          бейнені          сөздермен сәйкестендіре біледі;

бейнеленген суретті сөздермен жаза біледі;

емлені жазу барысында ережелерді қолдана біледі.

7.

Іріктеу диктанты – есту немесе көру    диктантының    түрі.    Бүкіл мәтінді жазу емес, тек қана оқылған ережелер       орфограммасы       бар сөздерді,      сөз       тіркестерін, сөйлемдерді жазғызу. Қосымша

тапсырма қоса жүруі мүмкін.

оқылған       орфограммалары      бар сөздерді таңдай біледі;

сөзді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана біледі.

8.

Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, білім алушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған

мәтінді      аяқтау     сияқты     басқа диктанттарға          ұқсамайтын өзгешеліктері болады.

белгілі бір сөзді немесе грамматикалық нысанды таңдай біледі;

сөздерді       жазу    кезінде орфографиялық ережені қолдана

алады.

9.

Дұрыс          құралмаған

сөйлемдерден                                       байланысқан мәтін құрау

дұрыс           құралмаған

сөйлемдерден            мәтін құрай алады;

мәтін құрылымын сақтайды;

құралған мәтінді қатесіз көшіре алады.

10.

Қысқартулармен көшіру

сөйлемнің жеңілдетілген түрін жаза алады;

сөзді жазу    кезінде           емле ережелерін қолданады.

11.

Сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді көшіру

сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді жаза алады;

сөйлемдерді      жазу      кезінде      емле ережелерін қолданады.

12.

Мазмұндама

мазмұндау кезінде ойды өзгертпей сақтай біледі;

орфографиялық                  нормаларды сақтайды.

13.

Шығарма

жоспар құра алады;

ой бірізділігін сақтай біледі;

- орфографиялық нормаларды сақтай біледі.


 

Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша оқытылатын «Қазақ тілі» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша бағалау саны 5.3-кестеде көрсетілген.


5.3-кесте - Қазақ тілі пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сыныптар

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

ТЖБ

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

әр тоқсанда

2-сынып

2*

2*

2*

2*

1

3-сынып

2*

2*

2*

2*

1

4-сынып

2*

2*

2*

2*

1

*Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).


 




 
 

Қазақ тілі пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) әр бөлімді қайталау мақсатында берілген сағат есебінен өткізу қарастырылады. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыруда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріліп (мысалы, тыңдалым және жазылым; оқылым және жазылым), жазылым дағдысын дамытуға бағытталған жазба жұмысының бір түрін қарастыру ұсынылады.


БЖБ, ТЖБ ұйымдастыруда білім алушылардың «Жазылым» дағдысын дамытуға бағытталған жазба жұмыстарын (сөздік диктанты, диктант, мазмұндама, шығарма, бақылау диктанты) тақырыпқа сай грамматикалық тапсырмаларымен бірге беруді қарастыру;

Әр БЖБ бойынша жалпы балл саны 10 балл, ал ТЖБ бойынша: 12-18 балл беру ұсынылады.

«Әдебиеттік оқу» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)


Бастауыш білім беру деңгейінің 2 - 4 сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқу»                 пәнінің          мақсаты          –          бастауыш          сынып          білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

«Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің мазмұны

Оқу процесінде мынадай оқу түрлері іске асырылады:

  • дұрыс оқу (дыбыстармен әріптерді сәйкестендіру, буындар құрауы);
  • түсініп оқу (оқылған сөздің мағынасын түсіну және олардың мағынасын түсіндіру);
  • шапшаң (тұтас сөздерді дұрыс және түсініп оқу);

 
  • мәнерлеп (дұрыс, түсініп және шапшаң оқуға және ақпараттың мазмұнына өзінің көзқарасын білдіру).

Білім алушылардың оқу дағдыларының қалыптасуын ескере отырып, мұғалім төмендегі міндеттерді басшылыққа алады:

  • екінші сыныпта сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқу біліктерінің қалыптасуын;
  • оқу қарқыны бойынша оқыған мәтіннің мазмұны түсінуін, оқу кезінде кідіріс жасай білуін, тиісті тыныс белгілерін қоюын, интонациясын, кейіпкерлерінің ерекшеліктеріне тән қасиеттерді білуін тексереді;
  • үшінші сыныпта өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру;
  • дауыстап және іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуіне назар аудару;
  • оқу техникасын қалыптастыру;
  • төртінші сыныпта қалыптасатын оқу дағдылары: шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу.

«Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің мазмұны Оқу жүктемесінің көлемі:

  1. сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 108 сағатты;
  2. сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 108 сағатты;
  3. сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 108 сағатты құрайды.


Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.


5.4-кесте. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жылдамдығының нормасы


Сынып

І жартыжылдық

ІІ жартыжылдық

Міндетті деңгей

Мүмкіндік деңгейі

Міндетті деңгей

Мүмкіндік деңгейі

2 класс

40-50 сөз

50-60 сөз

50-60 сөз

60-70 сөз

3 класс

60-70 сөз

70-80 сөз

70-80 сөз

80-90 сөз

4 класс

80-90 сөз

90-100 сөз

90-105 сөз

100-120         сөз

Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.

Оқу қарқыны (жылдамдығы) оқу тәсіліне, түсінуіне және мәнерлілігіне тікелей байланысты екенін және сол арқылы оқу дағдысының толыққанды қалыптасатынын есте ұстау қажет.

Білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты қажет болған жағдайда, мұғалім таңдауы бойынша басқа да әдеби шығармаларды оқуды тізбеге қосуға болады. Ол шығармалар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.


 

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша мұғалім әр түрлі қосымша жұмыстарды жүргізуге  болады.  Ал   тапсырма  критерийлері  мен     дескрипторлары алдын ала дайындалады. Мұғалім шығармашылық жұмыстардың түрлері мен оларды ұйымдастыру мерзімін өзі анықтайды.



5.5-кесте. Пән бойынша жұмыс түрлері, критерийлері мен дескрипторлары

Оқудың түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1.

Алгоритм     бойынша     әңгіме құрау

алгоритм бойынша әңгіме құрай алады; әңгімедегі     оқиғалардың дәйектілігін анықтайды;

әңгімені аяқтай алады; құралған әңгімені жазады

2.

Кейіпкердің атынан хат

сөйлемдерді нақты әрі анық құрайды; дәйектілікті сақтайды;

кейіпкердің іс-әрекетін      бағалай          алады, қорытынды жасай алады

3.

Кейіпкерге хат

Мұғалім шығарманы өз қалауы бойынша таңдайды. Ал білім алушылар хат жазатын кейіпкерін өз бетінше таңдайды.

өз хатына ат қоя алады;

тірек сөздерді          пайдалана      отырып, ұсынылған тақырып бойынша хат жазады;

өз       ойын қисынды және        жүйелі     түрде жеткізеді;

сөйлемнің ойын дәл жеткізеді;

кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды;

кейіпкердің іс-әрекетін      бағалай          алады, қорытынды жасай алады

4.

Санамақ құрастыру

Санамақ – баланың есептеу, ойлау қабілетін дамытуға арналған тілдік құралы.

санамақтарды          мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан, т.б. ажырата алады;

санамақ        құрастырудың                      принципін түсінеді;

өзінің            құрастырған санамағына таныстырылым жасайды

5.

Диалог

диалог түрінде сөйлесе алады;

диалогтің басында, ортасында және соңында айтылатын сөйлемдерді дұрыс қолданады;

ойын түсінікті және дұрыс жеткізе алады; сөздік қорын көрсете алады

6.

Кітап жасау

Шығармашылық жобаның бұл түрін (жеке немесе топтық) әртүрлі техникада орындауға болады. Бұл өзі суреттерін салып, қолымен жазылған кітап болуы мүмкін. Кітапты аппликациямен әрлеуге болады. Кітап әртүрлі мазмұнда бола алады:

«Бұл қандай аң?»; «Ақ» сөзімен тұрақты        сөз       тіркестері, иллюстрацияланған     (суретті) сөздік.

шығармашылық      жобаның                                  тақырыбын анықтайды;

кітаптың      мазмұнын                      ойластырады (ресурстарды таңдайды);

суреттермен әрлейді;

суреттер мазмұнына сәйкес келеді


 

7.

Берілген рифма бойынша өлең (буриме) шығару және басқа да өлең түріндегі шығармаларды ойлап табу; сондай-ақ бірінші жолдың екінші жолын ойлап табу және т.б.

екі   немесебірнеше       сөздің

қосымшаларынан, соңғы буындарынан ұйқасым таба алады;

берілген рифмаға сәйкес сөздерді таңдай алады; берілген тақырыпқа сәйкес өлеңді жалғастыра алады

8.

Ертегілер елінде

Әртүрлі                   ертегілерден сюжеттерді және кейіпкерлерді таңдайды,    оларды    біріктіріп, ертегі           ойластырады.

Білім алушылар кейіпкерлерін алмастыра отырып, өздерінің сүйікті ертегілерін таңдай алады.

-         әртүрлі           ертегілердің кейіпкерлерін бір

сюжетке біріктіре алады; ойластырған ертегісі түсінікті; оқиғалардың дәйектілігін сақтайды

9.

Аяқталмаған әңгіме

ұсынылған     бастамасы      бойынша     әңгімені жалғастырады;

әңгімедегі    оқиғалардың дәйектілігін анықтайды;

әңгімені аяқтай алады

10.

Оқылған шығармаға диафильм салу

мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді; мәтінді аяқталған мазмұндық бөліктерге бөле алады;

әр бөліктің негізгі ойын анықтай алады; әр бөлікке ат қояды;

дәйекті жоспар құрады; диафильм салады


«Әдебиеттік оқу» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)

Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша оқытылатын «Әдебиеттік оқу» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық бағалау саны 5.6 - кестеде көрсетілген.


5.6-кесте. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сыныптар

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

ТЖБ

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

әр тоқсанда

2-сынып

2*

2*

2*

2*

1

3-сынып

2*

2*

2*

2*

1

4-сынып

2*

2*

2*

2*

1


Ескерту: *Бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және жазылым; айтылым және жазылым; оқылым және жазылым)


 



Әдебиеттік оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға (БЖБ) 2 – 4 - сыныптарда мазмұндама, 4-сыныпқа шығарма жазу жұмысы ұсынылады. Себебі, мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы білім алушы сұраққа жауап береді, талдайды, жоспар құрады және ең тиімдісі өзі ойланып жазып шығады.

Тоқсандық жиынтық бағалауды мұғалім қалауымен әр бөлім бойынша тақырыптар мазмұнын ашатын сұрақтар қамтылған тест немесе жазба жұмыстары түрінде беру ұсынылады.

Әр БЖБ бойынша жалпы балл саны 10 балл, ал ТЖБ бойынша: 12-18 балл беру ұсынылады.

Учебный предмет «Русский язык» (с нерусским языком обучения)


Цель обучения предмета «Русский язык» – формирование навыков аудирования (слушания), говорения, чтения и письма в соответствии с правилами речевого этикета и нормами употребления языковых единиц в речевой деятельности, ориентированной на ситуацию общения.

Изучение предмета «Русский язык» способствует:

развитию коммуникативных навыков в устной и письменной речи; развитию связной речи (монолог, диалог, беседа);

развитию осознанного, правильного, беглого, выразительного чтения; развитию творческого воображения;

формированию общечеловеческих ценностей.

По окончании 4-го класса обучающиеся должны владеть языком на уровне А2 (начинающий уровень) согласно системе уровней Общеевропейской рамки владения языками (CEFR).

Объем учебной нагрузки по предмету «Русский язык» составляет:

  1. во 2-м классе – 2 часа в неделю, 72 часов в учебном году;
  2. в 3-м классе – 2 часа в неделю, 72 часов в учебном году;
  3. в 4-м классе – 2 часа в неделю, 72 часов в учебном году.


Дополнительные часы в связи с продлением учебного года рекомендуется использовать на повторение, закрепление пройденного материала и изучение сложных тем.

Положительным в обучении второму языку является введение единого речетематического режима, позволяющего расширить словарный запас, отрабатывать коммуникативные навыки в рамках интегрированной речевой тематики.

Важным условием успешного овладения языком должен стать эмоциональный настрой, эмоциональный климат в школьном коллективе. При организации учебно-методической работы нужно учитывать разный уровень владения русским языком у обучающихся, формировать положительное мотивационное отношение к русскому языку через развитие познавательного интереса.

Формированию познавательного интереса способствуют:


 
  • занимательные    эмоциональные,    творческие    задания    с    новой информацией, требующие сочетания разных видов памяти;
  • контроль речевой деятельности учащихся, знание ими своих результатов, своих успехов;
  • новизна методов и приемов, преемственность, проблемность в обучении;
  • использование технических средств обучения, ресурсов интернета;
  • создание речевых ситуаций, вызывающих желание высказаться;
  • привитие потребностей в коммуникации, лучшем усвоении языка.

Ниже приведены примеры заданий по видам речевой деятельности, которые рекомендуется проводить на уроках русского языка.

По предмету «Русский язык» (Я2) осуществляется деление класса на две группы.

В рамках инклюзивного образования деление класса на группы осуществляется при уменьшении наполняемости класса общего количества обучающихся на три в расчете на каждого ребенка с особыми образовательными потребностями.


Таблица 5.7. Лексический уровень владения русским языком (Я2)


Русски й язык

как неродн ой

Я 2


Уров ни

владе ния русск им язык ом

Объе м уч. нагру зки

за год

Кол

- во слов за оди н урок

Лексический уровень владения Я2

за нед ел ю

за уч. год

Количество

активных (новых, ключевых) слов

Допустимые нормы

по четвертям

Лекси ка на входе

Лексика

на выходе

1

2

3

4

низки й

сред ний

высок ий

2 класс

А1-2

56 ч.

2

4

112

26

26

3

4

2

6

108

220

280

3 класс

А1-3

56 ч.

2

4

112

26

26

3

4

2

6

220

332

420

4 класс

А1-4

56 ч.

2

4

112

26

26

3

4

2

6

332

444

730


Примечания:

*+12

ч.(в кажд ом класс е


на СОР)


* в учебниках даны как ключевые слова

(они включены в каждый урок по теме

программы)

* Наращивание создается в виде

спирали из общего число активного (не считая пассивного) словарного запаса

учащегося, который в норме составляет

диапазон от низкого к высокому


Таблица 5.8. Требования к уровням языковых компетенций. Русский язык

(Я2)

Виды речевой деятельности

Требования к ним

2 класс


 

Слушание

понимает устную речь и лексическое значение слов в простых фразах; понимает значение простых предложений, составленных из знакомых слов, имеющих отношение к повседневной жизни;

отвечает на вопросы и подбирает соответствующую иллюстрацию/ картину к прослушанному материалу;


определяет героев рассказов, сказок;

определяет сюжетную последовательность событий;

понимает    и   описывает   происходящие    события   в    аудиовизуальном материале при помощи учителя

Говорение

использует в речи слова и словосочетания для составления вопросительных предложений по материалу;

создает высказывание на основе сюжетных картинок; участвует в речевой ситуации на определенную тему; понимает, о чем говорит собеседник; соблюдает речевые нормы;

пересказывает тексты, используя знакомые слова при поддержке учителя, соблюдая последовательность событий;

высказывает простое оценочное мнение

Чтение

читает выразительно текст;

понимает значение простых фраз в тексте, содержащих знакомые слова; определяет жанры различных текстов (стихотворение, сказка, загадка, рассказ);

составляет простые вопросы по тексту и отвечает на них;

находит информацию в словарях и справочниках при поддержке учителя

Письмо

пишет связные предложения по иллюстрации/рисунку, используя слова- описания с помощью учителя;

на        основепрослушанного/прочитанного/увиденного            записывает словосочетания;

использует знаки препинания в конце простых предложений (с помощью учителя);

соблюдает каллиграфические нормы

3 класс

Слушание

понимает устную речь и аудиовизуальный материал;

задает уточняющие вопросы для выяснения смысла конкретных высказываний;

понимает лексическое значение слов в предложении и в тексте;

отвечает на простые вопросы по содержанию прослушанного и подбирает иллюстрации по развитию сюжета;

заполняет таблицу и определяет причинно-следственную связь в прослушанном тексте, в аудиовизуальном материале (идея, события, герои) при поддержке учителя

Говорение

создает высказывание на основе темы, предложенной учителем; участвует в речевой ситуации на определенную тему;

использует в речи тематическую лексику в различных контекстах; понимает, о чем говорит собеседник;

дополняет высказывания собеседника;

пересказывает    истории/рассказы,    используя    план/свои    заметки                             при поддержке учителя;

описывает сюжет из видео- и аудиоматериалов;

высказывает оценочные суждения о прослушанном/прочитанном материале


 

Чтение

читает выразительно текст или его часть, используя различные виды чтения; понимает ключевые моменты в коротком тексте, содержащем знакомые слова и фразы;

определяет    жанры   текстов   (стихотворение,   сказка,    загадка,    рассказ, пословицы);

различает текст-повествование и текст-описание;

задает уточняющие вопросы по содержанию текста и о поступках героев произведения;

находит и извлекает информацию в словарях и справочниках при помощи учителя

Письмо

пишет связные предложения по данной теме и создает постер;

на основе прослушанного/ прочитанного/увиденного делает короткие записи с помощью учителя;

использует знаки препинания в конце простых предложений; соблюдает каллиграфические нормы

4 класс

Слушание

понимает устную речь, аудиовизуальный материал;

определяет значение незнакомых слов и словосочетаний по контексту; отвечает на вопросы и определяет ключевые моменты в прослушанном материале;

определяет основную мысль прослушанного материала; определяет основные моменты в аудиовизуальном материале

Говорение

использует   необходимые     слова   для    поддержания    разговора;   создает высказывание по данному началу текста;

участвует в речевой ситуации;

понимает, о чем говорит собеседник, уточняет, выясняет, перефразирует его высказывания;

пересказывает подробно истории/рассказы;

высказывает оценочные суждения, выражая свою точку зрения

Чтение

читает текст или его часть, используя разные виды чтения;

понимает ключевые моменты в коротком тексте, содержащем незнакомые слова;

определяет жанры разных текстов; различает текст-рассуждение;

формулирует оценочные вопросы по содержанию текста и о поступках героев произведения;

находит и извлекает информацию из разных источников: словарей, справочников, энциклопедий, интернет-ресурсов, инфографики

Письмо

представляет истории в виде иллюстраций;

на основе прослушанного/прочитанного/ увиденного пишет короткий текст с помощью учителя;

ставит самостоятельно необходимые знаки препинания в предложениях при составлении коротких текстов;

совершенствует каллиграфические навыки


 

«Математика» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)

Бастауыш    білім     беру     деңгейінің    1-4-сыныптарына    арналған

«Математика» пәнінің негізгі мақсаты – білім алушылардың логикалық ойлауын дамыту арқылы математикалық білім негіздерін қалыптастыру.

Бастауыш білім беру деңгейінде математикалық білім берудің негізгі мақсатына сәйкес оқу пәнінің келесі міндеттері іске асырылады:

  1. логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;
  2. оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;
  3. сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;
  4. өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;
  5. тұлғалық қасиеттер: білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздікті дамыту;
  6. түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;
  7. коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерді көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;
  8. ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.

«Математика» пәнін оқытудың биылғы ерекшеліктері

«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 1-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 140 сағат;
  2. 2-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 144 сағат.
  3. 3-сыныпта – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 180 сағат;
  4. 4-сыныпта – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 180 сағатты құрайды.


Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.

«Математика» пәні бойынша мұғалім алдын ала дайындалған критерийлер мен дескрипторлар бойынша әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізіп, оқу тапсырмаларын береді (5.9-кесте).


 

5.9-кесте. Пән бойынша жұмыс түрлері, критерийлері мен дескрипторлары


Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1

Берілген мәліметтері жетіспейтін есептерді шешу

Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептерді шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға жетіспейтін

мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады

мәліметтері толық емес     есептерді ажырата біледі;

есепті            жетіспейтін    мәліметпен толықтыра алады;

жазбаны нақты мәліметтермен толықтыра алады

2

Артық мәліметтер берілген есептерді шешу

Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға артық мәліметтері бар есептерді

ұсынуға болады.

артық мәліметтері бар есептерді ажырата алады;

есептің шартын өзгерте және дәлелдей алады;

бақылай, салыстыра және қорытынды шығара алады

3

Графикалық модельдеу

Графикалық модель – сюжеттік есептің сызбасы, ол білім алушыларға есеп шартында берілген абстрактілі қатынастарды нақты кеңістіктік формада түсінуіне көмектеседі

есеп мәтінін сызбамен келтіре алады; есеп    мәтінін    және    оған   сай    келетін сызбаны сәйкестендіре алады;

есептің          берілгендерімен модельді толтыра алады;

сызба бойынша есеп құрастыра алады

4

Заңдылықтарды табу және өзінің заңдылықтарын жасауға арналған шығармашылық тапсырмалар.

Математикалық заңдылық – бұл белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша элементтердің сандық, пішіндік немесе басқа да қатарында белгілі бір сәйкес тәртіппен элементтердің немесе

олардың қасиеттерінің қайталануы немесе өзгеруі болып табылады.

заңдылықтың белгілі бір ереже, іздеу екенін біледі;

элементтері/заттар     белгілі     бір    ереже бойынша орналасқанын түсінеді; топтастыра     және     қорытынды    жасай алады.


«Математика» пәнін оқытуда мұғалім төмендегі жұмыс түрлерін ұйымдастырады:

  1. оқушыларға негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету;
  2. ақпаратты іздестіру және оны таңдауға байланысты өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту;
  3. математиканың түрлі бөлімдерін оқу кезінде презентациялар құру үшін керекті компьютерлік бағдарламаны қолдану, математикалық тапсырмаларды орындау барысында фото/видео әзірлеу (геометриялық фигураларды жасау);
  4. өздігінен жоспар мен графиктер құру.

«Математика» пәнін оқытуда оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту көзделеді.

Математиканы оқыту үдерісінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ететін жұмыс түрлері:

тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру;


 

математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру;

тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша).

Аталған жұмыс түрлерін білім алушының қабылдауына қарай әр түрлі әдістерді қолдануға болады. Мысалы:

оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу және оларды қолдау; жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;

проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру; білім алушылардың жетістіктерін бағалау;

оқушыларды  зерттеу   іс-әрекеттеріне   баули   отырып,  белсенді   оқуға ынталандыру;

оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.

Мұғалімдерге математиканы оқытуда төмендегідей әдістер ұсынылады: оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын

ұйымдастыру;

түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар құру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру: жеке және топтық жұмыс. түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді шығаруға

көмектесу, АКТ ның мүмкіндіктерін пайдалану;

математиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру;

оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылардың жұмыс барысында сандық ресурстарды қолдану құзыреттілігін арттырып, бос уақытында технологияларды сенімділікпен және шығармашылықпен пайдалануын қамтиды.


Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша оқытылатын «Математика» оқу пәнінен өткізілетін бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау саны 5.10-кестеде көрсетілген.


5.10-кесте. Математика пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сыныптар

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

ТЖБ

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Әр

тоқсанда

2-сынып

2

3

3

3

1

3-сынып

3

3

3

3

1

4-сынып

3

3

3

3

1


 



Математика пәнінің ерекшелігіне байланысты әр БЖБ бойынша жалпы 8-10 балл, ал ТЖБ бойынша жалпы 12-18 балл беру ұсынылады.


«Жаратылыстану» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)


Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің мақсаты – білім алушының жаратылыстану ғылымы негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру және зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту.

ҚР БҒМ 26.01.2022 жылғы №25 бұйрығымен бекітілген қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін Бастауыш білім берудің 1-қосымшасы және қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін Бастауыш білім берудің 11-қосымшасы (қысқартылған оқу жүктемесі бар) бойынша үлгілік оқу жоспарларына сәйкес бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану» пәнін оқытуға бөлінетін оқу жүктемесінің көлемі 5.11 - кестеде көрсетілген.


5.11 – кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі


Сынып


Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

1-қосымша

11-қосымша

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

1

Жаратылыстану

1

35

1

35

2

Жаратылыстану

1

36

1

36

3

Жаратылыстану

2

72

1

36

4

Жаратылыстану

2

72

1

36


Үлгілік оқу бағдарламасы пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады. Бұл оқу бағдарламаларында, ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей, сол тоқсанда игерілуі тиіс.

«Жаратылыстану» пәнін оқытудың ерекшеліктері:

  • пән мазмұнындағы деректер мен білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады.
  • пән оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын: сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау, сұрақтарға жауап табу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
  • бастауыш сыныпта оқушылар пәнді меңгеру барысында дәстүрлі емес ойлау формаларына үйренеді, ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын табуға, сұрақтар қоюға дағдыланады, ғылыми-зерттеу тәсілдерін түсініп, ойлауға және бақылауға дағдыланады.

 
  • білім алушыны зерттеу жұмыстары мен тәжірибелер жасау арқылы тапсырманы өздігінен ізденіп орындауына және дұрыс тұжырым жасауына бағыттайды, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.

Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқу пәнінің төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының басты ерекшелігі

  • зерттеушілік білік пен дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған

«Мен зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттары «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің оқу мақсаттарымен кіріктіріле жүзеге асырылады.

Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша оқытылатын «Жаратылыстану» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 5.12-кестеде көрсетілген.


5.12-кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сыныптар

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

ТЖБ

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Әр

тоқсанда

2-сынып

1

1

1

1

1

3-сынып

1

1

1

1

1

4-сынып

1

1

1

1

1



Жаратылыстану пәнінің ерекшелігіне байланысты әр БЖБ бойынша 8-10 балл, ал ТЖБ бойынша 12-18 балл беру ұсынылады.

БЖБ-ны әр бөлім бойынша тақырыптар мазмұнын ашатын тест сұрақтары түрінде беруге болады.


«Дүниетану» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)


«Дүниетану» пәнін оқытудың мақсаты - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалыптастыру.

«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 35 сағат;
  2. 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат;
  3. 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат;
  4. 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағатты құрайды.

 

Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.

Бұл пәннің ерекшелігі – біз өмір сүретін әлем туралы мағлұмат алу болып табылады.

«Дүниетану» пәнін оқытудың ерекшеліктері

Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.

«Дүниетану» пәнін оқыту:

  1. білім алушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыруға;
  2. білім алушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін түсінуге;
  3. білім алушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуына;
  4. білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуға;
  5. білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбилеуге;
  6. білім алушылардың өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастарын қалыптастыруға бағытталады.

5.13-кесте.    «Дүниетану»    оқу    пәнін    оқытудағы    жұмыс    түрлері, критерийлері мен дескрипторлары.


Жұмыс түрлері

Критерийлер/Дескрипторлар

1

Отбасы туралы

Білім алушылардың отбасы туралы білімі тереңдетіледі, отбасы құндылықтарын ажыратады.

Отбасы туралы түсінік бере алады; Отбасы      туралы      құндылытарды біледі.

2

Мәдениеттілік

Білім алушы мәдениет, мәдениеттілік туралы адамгершілік қасиеттерді ажырата алады.

Ұлттық мәдениеттің құндылыққа жататытын, әдептілік негізі болатынын ұғындыру.

  • мәдениет пен мәдниеттілік ұғымын ажырата алады;
  • ішкі     мәдениет     пен       сыртқы мәдениетті сипаттай алады;
  • ұлттық және өзге елдің мәдениеті туралы түсінігі қалыптасқан.

3

Денсаулық, жеке бас гигиенасы, тамақтану режимі туралы.

Денсаулықтың маңыздылығы, оны сақтаудың жолдары туралы білімін тереңдету.

  • жеке    бас    гшигиенасын     сақтай біледі;
  • тамақтану режимін сақтай біледі;
  • денсаулықты сақтау шараларын біледі, қолданады.

 

4

Өмір қауіпсіздігін сақтау туралы білімін тереңдету

Табиға      апаттар      туралы      түсініктерін қалыптастыру

  • жолда жүру ережесін біледі;
  • алғашқы көмек көрсету туралы біледі;
  • өрт, су, газ қауіпсізідігін сақтау ережелерін біледі;

-табиғи қауіп-қатер туралы түсінігі қалыптасқан.


«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігі қалыптастырушы бағалау шеңберінде сұрақ-жауап нәтижелері, бақылау жұмыстарының, тест тапсырмалары, практикалық жұмыстар мен диктанттар нәтижелері бойынша кері байланыс беру және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті форматтағы сабақты құру мақсатында, сонымен қатар, рәсімдер саны нақты анықталынған жиынтық бағалау шеңберінде бағаланады және сынып журналына балл қою қарастырылады.


5.14-кесте. «Дүниетану» пәні бойынша жинытық бағалаудың саны


Сыныптар

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

ТЖБ

1- тоқсан

2- тоқсан

тоқсан

4- тоқсан

Әр

жартыжылда

2-сынып

1

1

1

1

1

3-сынып

1

1

1

1

1

4-сынып

1

1

1

1

1


«Еңбекке баулу» оқу пәні

«Еңбекке баулу» пәні 2022-2023 оқу жылынан бастап, тек 1 – сыныптар үшін «Көркем еңбек» оқу пәнінен ажыратылып, бөлек пән ретінде оқытылады.

«Еңбекке баулу» пәнінің мақсаты – білім алушыны еңбек іс-әрекетіне дағдыландыру, олардың қарапайым құралдармен және әртүрлі материалдармен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

«Еңбекке баулу» пәнінің міндеттері:

  • қол еңбегі арқылы оқушының байқампаздық, ұқыптылық, ептілік, жинақылық, жасампаздық, еңбексүйгіштік, төзімділік, шыдамдылық қасиеттерін тәрбиелеуді;
  • қолөнер туындылары мен олардың маңызы туралы ұлттық- дүниетанымдық түсініктерін қалыптастыруды;
  • еңбек      етуге      психологиялық     дайындығын,     қызығушылығын, құлшынысын дамытуды;
  • еңбекті, еңбек адамын, кәсіп иесін құрметтеу, еңбектің адамзатқа пайдасы туралы түсінігін қалыптастыруды,
  • бастапқы еңбек дағдыларды игеруін;
  • еңбек   мәдениетін   үйренуге  бейімдеуді,   еңбек   қауіпсіздігін   сақтау дағдысын қалыптастыруды;
  • көркемдік-шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыруды;
  • түрлі материалдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді;

 
  • мүсіндеу,   құрастыру,  құрау,   жапсыру,   ою,   тігу,   илеу   жоспарлау, модельдеу біліктілігін дамытуды;
  • қолөнер    туындылары    жайлы    ақпарат    жинақтау,    талдау    және шығармашылықпен қолдануды;
  • өз қолымен жасалған туындылар арқылы өз мүмкіндігіне деген сенімін арттыруды;
  • отбасында, мектепте, мектептен тыс ортада қоғамдық пайдалы еңбекпен шұғылдану дағдысын қалыптастыруды көздейді.

«Еңбекке баулу» пәнін ұйымдастыру оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге қарай, жүйелілік, сабақтастық, бірізділік және көрнекілік ұстанымдарына негізделеді.

«Еңбекке баулу» пәнін ұйымдастыру білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, заманауи білім беру технологиялары мен ресурстарын ұтымды қолдану арқылы жүзеге асады.

«Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 35 сағат; Ескерту: 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.


«Бейнелеу өнері» оқу пәні

«Бейнелеу өнері» пәні 2022-2023 оқу жылынан бастап, тек 1- сыныптар үшін «Көркем еңбек» оқу пәнінен ажыратылып, бөлек пән ретінде оқытылады.

«Бейнелеу өнері» пәнін оқытудың басты мақсаты - білім алушының қоршаған ортаны бейнелі қабылдау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларды көркем өнерге баулу.

«Бейнелеу өнері» пәнінің міндеттері:

  • көркем өнер туындылары арқылы оқушының ұлтжандылық, рухани- адамгершілік, көркемдік-эстетикалық, сезімталдық, талғам, байқампаздық, мейірімділік, әдептілік қасиеттерін тәрбиелеуді;
  • қазақтың ұлттық, кәсіби музыка, бейнелеу өнері, этностардың мәдениеті туралы түсініктерін қалыптастыруды;
  • өнер (бейнелеу, қолданбалы-сәндік, сәулет, дизайн) түрлері туралы бастапқы білім беруді;
  • өнер түрлеріне қызығушылығын дамытуды, өнер арқылы ұлттық әдет- ғұрып пен салт-дәстүрлерді құрметтеу сезімін қалыптастыруды;
  • оқушының көркемдік-бейнелеу іскерліктерін, шығармашылық әлеуеті мен қиялын дамытуды;
  • өнер туындылары жайында ақпарат іздестіру, қабылдау, түсіну, талдау, өздігінен пайдалану дағдыларын қалыптастыруды;
  • өз шығармашылық іс-әрекеттері арқылы ойын бейнелеп және дәлелдеп бере алу дағдыларын қалыптастыруды;
  • эстетикалық талғамын, сезімталдығын дамытуды көздейді.

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 35 сағат;


 

«Бейнелеу өнері» пәнін ұйымдастыру оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге қарай, жүйелілік, сабақтастық, бірізділік және көрнекілік ұстанымдарына негізделеді.

Ескерту: 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.


«Көркем еңбек» оқу пәні

«Көркем еңбек» – «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін кіріктірілген пән.

«Көркем еңбек» кіріктірілген оқу пәні әртүрлі шығармашылық әрекеттің түрлері барысында көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Оқу пәні түрлі шығармашылық іс-әрекеттегі кеңістіктік-бейнелілік ойлауын, шығармашылық ойлауын, рухани-адамгершілік мәдениетін, елесін, қиялын және аңғарымпаздығын, жеке тұлғаның қалыптасуын және өз ойын білдіруін дамытуға бағытталған.

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат;
  2. 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағатты;
  3. 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағатты құрайды.


Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.

Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, қиялы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.

Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған.

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл көркем жұмыстарды жасау кезінде цифрлық компьютерлік технологияларды пайдалану, слайдтық презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, шығармашылық жұмысты жасау үшін басқа білім алушылармен ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу және т.б.

«Көркем еңбек» сабақтарында мұғалімнің өзі анықтайтын әртүрлі көркемдік-шығармашылық әрекеттер қарастырылады. Бұл ретте көркемдік- шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі:

  • құрылымдау;
  • бейнелеу;
  • сәндеу әрекеттері міндетті түрде іске асырылуы қажет.

Мұғалім және білім алушылар әртүрлі жұмыс түрлерін орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаулары қажет.

Ескерту: 2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ»


 

деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек.


Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары

2022 - 2023 оқу жылында мектептердің дайындығына (кадрлық, ресурстық және т.б.) байланысты вариативтік компонент сағаттарының есебінен академия сайтында орналасқан курстарды таңдауға немесе басқа да элективті курстарды өткізуге болады.

2022-2023 оқу жылында Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен бастауыш білім беру деңгейінің оқу пәндері бойынша жүргізілетін элективтік курс тақырыптары ұсынылады:

«Қазақ тілі» пәні бойынша: «Тіл дамыту», «Сауатты жазайық», «Көркем жазу»;

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша: «Парасаттылық және әдеп», «Балалар әдебиеті», «Оқу сауаттылығы», «Мәнерлеп оқу», «Отбасылық оқу сағаты»;

«Математика» пәні бойынша: «Математика және логика», «Математика күнделікті өмірде», «Математика және экология», «Математикалық жобалар»;

«Жаратылыстану» пәні бойынша: «Жас зерттеуші», «Жаратылыстану жұмбақтары»;

«Дүниетану» пәні бойынша: «Экономикаға кіріспе», «Жасыл ел», «Мен және экология» курстары.

Бұл курс тақырыптарын мұғалім өз сыныбындағы білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін, білім деңгейлерін ескеріп, таңдап алуы тиіс. Соған сәйкес мұғалім өзі таңдап алған курстың оқу бағдарламасын жасайды және ол мектептің әдістемелік бірлестік отырысында талқыланып, нәтижесінде педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілуі тиіс.

Курс мазмұны білім алушылардың метапәндік құзыреттіліктерін (ғылыми- танымдық, мәдени-әлеуметтік, тілдік-коммуникативтік, ақпараттық- технологиялық) дамытуға бағдарланған заманауи білім беру технологиялары мен ресурстарын ұтымды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

«Парасаттылық және әдеп» курсы білім алушылардың бойында әдептілік, ізгі-ниеттілік, адалдық, толеранттылық, іс-әрекеттеріне жауапкершілік, ұжымда жұмыс істей білуі сияқты жеке қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді.

«Математика күнделікті өмірде» курсы білім алушылардың бойында теориялық білімдерін күнделікті өмірмен нақты, практикалық әрекеттер, ойындар, саяхаттау әрекеттері арқылы байланыстыра отырып, білімдерін өмірде пайдалана білу жағдаяттарына төселдіреді, үнемділік, еңбекқорлық, адамзат еңбегін құрметтеу сияқты адами қасиеттерге баулиды.

«Математика және экология» курсы білім алушыларды математика мен экологияны байланыстыра отырып, табиғатқа, адамзат баласына жанашырлықпен қарауға, үнемшілдікке, жауапкершілікке дағдыландырады.

«Математикалық жобалар» курсы білім алушылардың өзіндік алғашқы математикалық жобалар жасау біліктілігін, іскерлігін және зерттеу дағдысын қалыптастырады. Бастауыш сынып оқушылары зерттеу жұмыстарын жүргізе білуге төселеді.


 

«Отбасылық оқу сағаты» курсы білім алушылардың отбасымен бірге оқуға арналған шығармалар тізімі таңдалып алынады. Сол шығармаларды оқушы үйде ата-анасымен бірлесе оқиды. Апта сайын бір отбасы өздері оқыған шығарма мазмұны жайлы әртүрлі формада (презентация, бейнежазба және тсс) баласының сыныптастарымен таныстырады, қойылған сұрақтарға жауап береді. Сынып ұжымында сол шығарманы талқылап, түйінді ой шығарылады. Курс өзара коммуникативтік қарым-қатынасының артуына ықпал етеді. Ата-ана мен бала, мұғалім арасындағы байланысты күшейтеді. Оқушының танымдық ойлау қабілетін дамытады.

«Оқу сауаттылығы» курсы оқу және жaзу apқылы oқушылapдың cын тұpғыcынaн oйлaу дағдыларын дaмытуды негізге ала отырып, шығармаларды түсініп оқуға, оқылған шығарманы жан-жақты талдап, еpкін oйлaуғa, жaзбaшa, aуызшa oй aлмacуғa, мәтін мазмұнын aшуғa, aвтop іpіктеген cөздеp мен cөз тіpкеcтеpінде жaтқaн ұғымдapды түcінуге баулиды.

«Мәнерлеп оқу» курсы дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін қойып, кейіпкердің көңіл күйін сезініп оқу. Мәнерлеп оқу арқылы оқушы шығарманың мазмұнын түсініп, ондағы көңіл күйді сезінеді, қиялына ерік береді. Оқушы сөйлеудегі ритм мен үнді, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін қолдана отырып сахналау өнеріне талпынады.

«Жаратылыстану жұмбақтары» курсы бастауыш сыныпта оқыту үдерісін жаратылыстану саласы бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік- мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды.

«Жас зерттеуші» курсы білім алушылардың қоршаған ортаны зерттеуге деген қызығушылықтарын ояту, өз өмірлерінде кездесетін жағдаяттардан шығуға арналған пайдалы ой - тұжырым дағдыларын қалыптастыруға бағыттау және мұғалімнің басшылығымен тәжірибелер ұйымдастыра отырып, әр бала өзінің нені зерттегісі келетінін, қалай зерттейтінін, нәтижесінде неге қол жеткізгенін айта алатын тұғаның дамуына бағыт беру; білім алушылардың қоршаған орта туралы анағұрлым көп мағлұмат алып, өздері құбылыстың пайда болуының себептері туралы болжамдарын, оларды тексеру амалдарын (қарапайым тәжірибелер) жасауларын көздейді.

«Экономикаға кіріспе» курсы бастауыш сынып оқушыларына қарапайым экономикалық ұғымдарды өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру, өздерін қоршаған табиғи орта және адамдар дүниесі ретінде, олардың қажеттілігімен және осы қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдерімен таныстырады.

Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын әдістемелік тақырыптар

Әдістемелік бірлестік отырыстарында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар:

  1. «Педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің алғышарттары»

 
  1. «Оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы білім беру сапасын арттыру»;
  2. «Бастауыш сынып оқушыларының тілід дамытудың тиімді жолдары»;
  3. «Білім беру үдерісін нәтижелі қорытындылау – білім сапасының кепілі»;
  4. «Қалыптастырушы бағалауды қалай тиімді ұйымдастыруға болады?»
  5. «Бастауыш сыныпта цифрлық ресурстарды қолданудың тиімділігі»;
  6. «Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер»;
  7. «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»;
  8. «ҚМЖ-дың тәрбиелік мақсатын іске асыру жолдары»;
  9. «Бастауыш сыныпта оқытудың белсенді әдістері»;
  10. «Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту»;
  11. «Қашықтан оқытуда білім беру платформаларын тиімді пайдалану»;
  12. «Математикалық сауаттылықты дамыту»;
  13. «ZERDELI» есептері туралы не білеміз?
  14. «Математика сабағында стандартты емес есептерді шешу»;
  15. «Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру»;
  16. «Диaлогтік оқыту – мотивация тудыру негiзi»;
  17. «Бейне сабақты қалай құруға болады?»
  18. «Мұғалім мен оқушыға көмектесетін ақысыз білім беру онлайн- ресурстары»;
  19. «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу, жоба жазу жұмыстарын практикалық тұрғыда ұйымдастыру ерекшеліктері».

Бастауыш сыныпта оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру

Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы басты мақсат – білім алушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу негізінде білім беру.

Қазіргі сабақтың құрылымы бірінші кезекте тәрбиелік мақсатты жүзеге асыру арқылы пәндік білім бере отырып, тәрбиенің негізін қалайтын адамгершілік, табиғатты қорғау, жалпы адамзат баласына, қоршаған ортаға деген мейірімділік сияқты құндылықтарды бала бойына дарытуды көздейді.

Білім алушының ұлттық санасын оятуға, ана тіліне, өз еліне, туған жеріне деген құрметін қалыптастыруға, салт-дәстүрлерін білуге және қолдануға ықпал ететін тәрбиелік мәні бар тақырыптар («Мен атамның көмекшісімін», «Мен анамның көмекшісімін», «Қазақ халқының құнарлы ас мәзірі», « Салауатты өмір мәні – ата –баба мұрасы», «Ата ақылы», «Еңбек және өнер», «Ұлттық ойындар»,

«Денсаулық- табылмас байлық», «Маған ұнайтын ойындар», «Менің отбасым»,

«Отбасы құндылықтары», «Менің ата-анам», «Менің сүйікті кітаптарым»,

«Қазақстанның көрікті жерлері», «Менің туған өлкем», «Қазақстан Республикасының мерекелері» және т.б.) негізінде оқыту ұлттық құндылықтарымыздың мәнін түсінуге, өзінің іс-әрекетіне талдау жасауына, өзіндік қорытынды тұжырым жасай білуіне жағдай жасайды.

Бастауыш сынып пәндерін оқытуда жұптық, топтық, өзіндік жұмыстарға негізделген және түрлі модельде даярланған логикалық, шығармашылық, жағдаяттық тапсырмалар, ойын түрінде берілген материалдар, рөльдік ойындар


 

білім алушы бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастыруға негіз болуы тиіс.

Бастауыш сынып білім алушыларының бойында рухани- адамгершілік құндылықтарды дамыту көбінесе мұғалім мен отбасының үйлескен, келісілген жұмыстарына байланысты ұйымдастырылады. Өйткені ата- аналар мұғалімнің қандай адамгершілік нормаларына тәрбиелейтінін, бала тәртібіне қандай талаптар қоятынын, олардың әрекеттері адамгершілік өлшемшарттар бойынша қалай бағаланатынын, сынып ұжымындағы қоғамдық пікірдің қандай екендігін білуі тиіс. Ата-аналар мен педагогтердің тәрбиелік әсерінің бірлігі тәрбиенің мақсаты мен нақты міндеттерін түсінуінен, оларды әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып жүзеге асыру білігінен көрінеді.

Оқу процесін ұйымдастыруда ата-аналарды тартудың түрлі тәсілдері арқылы қол жеткізуге болады. Мысалы, бірлескен үй тапсырмалары (балалар мен олардың ата-аналары үшін), тақырыптың мақсат-міндеттері ашатын әдебиеттер ұсыну, таныстыру сабақтары мен тренингтер, әңгімелер өткізу және тағы басқа әдістерді кеңінен қолдану қажет. Мұндай жұмыстар балаларды мектепте де, үйде де үздіксіз тәрбиелеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесі

Ескерту: Тізбе жаңа редакцияда – «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020жылғы 22 мамырдағы №216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021жылғы

25 тамыздағы №428 бұйрығымен бекітілген бастауыш сыныптар бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін мына сілтеме бойынша көрсетілген сайтта қарауға болады.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100024126


 



3.1 Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жүзеге асыру

Осы бөлімде орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды ескере отырып, жаңа оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басым бағыттары қарастырылады. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі басымдықтар білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу болып табылады.

 




 
 


  • Білім күні салтанатты жиын өткізіледі. Өткізу форматын білім беру ұйымы дербес айқындайды.
  • 1-11 сыныптарда 2022 жылдың 1 қыркүйегінде балалар жылына арналған

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында сынып сағаты, ашық сабақ өткізіледі.

  • Сынып сағаты аясында мұғалімдерге білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастыруға, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын ашуға кеңес беріледі.


2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде іске асырылады, оның негізгі идеясы Абайдың «Толық адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық бейнесі болып танылады. «Толық адам» тұлғалық жеке қасиеттері білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында, Мемлекет басшысының

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» және «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» бағдарламалық мақалаларында және басқа да мемлекеттік тұжырымдамаларда айқындалған құндылықтар мен басымдықтарды жеке тұлғаны тәрбиелеудің бірегей жүйелік тәсілімен қамтамасыз ету үшін біріктіреді.

2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек Білім күнін және «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізу Тұжырымдамасы.

Қыркүйектің бірінші күні білім беру ұйымдарында білім күніне арналған салтанатты жиын өтеді.

Өңірлік білім басқармалары жаңа 2022-2023 оқу жылын жариялайтын іс- шараның жоғары идеялық-құндылықтық мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында қажетті іс-қимылдарды үйлестіреді.

Білім беру ұйымдары оған бүкіл мектеп қоғамдастығының қатысуын қамтамасыз етеді.


 

Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты бұл мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылады.

Салтанатты жиынды өткізу түрін, қатысушылар құрамын білім беру ұйымдары дербес айқындайды.

Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізіледі 1.

Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.

Міндеттері:

  • қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;
  • білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;
  • білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
  • өзара    құрмет   пен    түсіністікке    негізделген    мектеп    мәдениетін қалыптастыру.

Салтанатты жиынға келесі өкілдердің қатысуы ұсынылады:

  • аудан/қала/облыс әкімдері;
  • бөлімдердің/білім басқармаларының басшылары;
  • қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
  • 1-сынып оқушысының ата-анасы/заңды өкілі.

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің іс-шараларға қатысуының маңыздылығына назар аударамыз.

2022 жылғы 1 қыркүйекте республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.

Сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударылады.Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың қатысуы ұсынылады.

1https://www.akorda.kz/ru/official_documents/constitutional_laws/o-gosudarstvennyh-simvolah-respubliki-

kazahstan-1


Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.

Міндеттері:

  • білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
  • білім   алушылармен  бірге   құндылықтардың  адам   өміріндегі  рөлін талқылау;
  • отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

 
  • сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Ұсынылады:

  • балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан күтулерін талқылау;
  • заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану.

Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілуі тиіс.

Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» республикалық онлайн- акциясын өткізу ұсынылады.

Бейнероликті орналастыру күні: 2022 жылғы 1 қыркүйек. Әлеуметтік желілерде орналастыру уақыты: 17.00-21.00. Хэштег: Bilim_quni

Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар:

  • барлығы үшін «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»;
  • Бірінші сынып оқушыларына арналған «Менің мектептегі алғашқы күнім»;
  • 2-4 сынып оқушыларына арналған «Менің жарқын жазғы оқиғаларым»;
  • 5-8 сынып оқушылары үшін – «Менің саяхатым»;
  • 9-11 сынып оқушылары үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім»;
  • Ата-аналар, 1 сынып оқушылары үшін – «Біздің мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып-өмірдің жаңа кезеңі»;
  • Сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!».

* Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралардың және бірыңғай сынып сағаттарының материалдары білім беру ұйымдары және білім басқармаларының

сайттарында орналастырылады.


Тұлғалық ерекшеліктерді қалыптастыру оқу бағдарламаларының мазмұны, оқу-тәрбие және оқудан тыс қызметті ұйымдастыру тәсілдері, тәрбие ортасының мүмкіндіктері арқылы, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың: отбасының, білім беру ұйымының, қоғамның кеңінен қатысуы арқылы іске асырылады.



Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде жатқан және күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесінде байқалатын құндылыққа бағдарланған тәсіл арқылы іске асырылады. Сонымен бірге құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асыруда педагог тәрбие мақсатын білім беру процесіне енгізуді


 

қарастырады; рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының элементтерін білім берудің барлық деңгейлеріндегі барлық оқу пәндері бойынша сабақтардың мазмұнына міндетті тәрбиелік компонент ретінде кіріктіреді деп болжайды.

Қолайлы білім беру ортасы педагогтердің, білім алушылардың, ата- аналардың, мектеп әкімшілігі мен қызметкерлердің өзара қарым-қатынасының сапасымен айқындалады.


Мектеп қауымдастығында бір-біріне құрметпен қарау маңызды:

  • педагогті «мұғалім» немесе аты-жөні бойынша атауы;
  • педагогтің білім алушыны аты-жөнімен атауы;
  • мұғалімдер бір-бірін аты-жөні бойынша атауы.

Қазақтың мақалында: «Сәлем-сөздің анасы», - делінген. «Қайырлы таң!»,

«Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!», «Сау болыңыз!», «Сау бол!» сөздерін қолдана отырып, білім алушылар мен педагогтер арасында достық қарым- қатынасты қалыптастыру маңызды.

Физикалық және психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әр мектепте зорлық-зомбылықтың, буллингтің/кибербуллингтің алдын-алу және әрекет ету бойынша мынадай шаралар ұсынылады:

  • барлық білім алушыларға, олардың ата-аналарына және мектеп қызметкерлеріне, соның ішінде әкімшілікке, мұғалімдерге және қызметкерлерге бағытталған жалпы мектептік тәсіл. Жүйелі алдын-алу жеке тұлғалардың немесе топтардың мінез-құлқына ғана назар аудармайды, бүкіл мектептің мәдениетін өзгертуді талап етеді.
  • білім алушылар арасында оң қарым-қатынасты дамыту;
  • педагог тарапынан білім алушыға қолдау білдіретін қарым қатынас;
  • білім алушылардың ата-аналары үшін үлгілі ата-ана болуды насихаттау.

 




 
 

Буллинг/кибербуллингтің алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар материалдары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://uba.edu.kz/qaz).


Сонымен бірге, білім беру ұйымдарында медиация қызметін енгізу мәселесі өзекті болып отыр, өйткені медитация сындарлы диалог және оңтайлы нәтижеге қол жеткізу тәсілі және дауларды шешудің жалғыз баламалы тәсілі болып табылады. Білім алушылар қатысатын медиация білім беру ұйымындағы тұлғааралық қақтығыстарды басқарудың тиімді әдісі бола алады. Мектеп медиациясы қызметінің жемісті жолға қойылған жұмысы мектепті қауіпсіз кеңістікке айналдырып қана қоймай, өскелең ұрпақтың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру бойынша маңызды тәрбиелік және профилактикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.


 


Мектеп медиациясын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://uba.edu.kz/qaz).


Мектептің жайлы кеңістігін жобалау білім алушылардың оқу процесіне қатысуына, академиялық жетістіктеріне, сабаққа қатысуына, мінез-құлық үлгілеріне, сондай-ақ балалардың әлеуметтік-эмоционалды әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді, өйткені олар өмірінің көп бөлігін мектеп қабырғасында өткізеді. Сонымен қатар, мұғалімдердің кабинеттері үшін кеңістіктер, сабақтан тыс уақытта мұғалімдердің жұмысы үшін бұрыштар ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің әл-ауқаты үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету қажет.

Жарақтандыру кезінде кабинеттер атрибутка сәйкес келмейтін артық ресімдеумен безендірілмеуі тиіс.

Жеке кабинетке есім беру кезінде білім беру ұйымдары белгілі бір ережелерді ұстанады, соған сәйкес:

  • кабинетте заманауи жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оны толық жабдықтаған мектеп түлегі / меценат / қоғам қайраткері немесе кабинет ашуға ниет білдірген кез келген адам кабинетке ат қоюға құқылы;
  • кабинеттің салтанатты ашылуы өткізіледі және қабырғаға тақтайша бекітіледі.


  • Үзілістер мектеп өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл сабақтар арасындағы қысқа үзіліс, бұл білімалушылар мен мұғалімдерге басқа пәннің алдында демалып, күш алуға мүмкіндік береді. Үзілістер білімалушылардың әлеуметтік- эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін еркін ойын әрекетіне ықпал етуі керек.


ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ- 76 бұйрығымен бекітілген Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде білім алушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.

Үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, қозғалыс ойындарымен өткізеді.

Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.

Мектеп алды сыныптардағы сабақтардың барынша рұқсат етілген саны – ұзақтығы 25-30 минуттан төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минут болуы тиіс.


 

1-сыныпта оқушылар демалып, келесі сабаққа дайындалуы үшін мазмұнды демалыс пен физикалық минуттар үшін үзілістерді ұзарту ұсынылады.

Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап оқу. 2022-2023 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін («Кітап оқу – сән») арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы жалғасады. Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға ата- аналарды қатыстыруды көздейді.

Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту бойынша ресурстар (интернет-викториналар, сервистік ұсынымдар, кітапханалар туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы тиіс. Әрбір мектепте және отбасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылады. Мектеп холдарында үлкен үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрыштарын құру ұсынылады.

Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құмар балалар санын арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдалануға болады.


Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру

Мектептің тәрбие жүйесінде білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асырылуын қамтамасыз ететін сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау маңызды. Сабақтан тыс қызмет шеңберінде мынадай жобалар іске асырылуы мүмкін:

  1. «Отбасы-орта мектеп»,
  2. «Оқуға құштар мектеп»,
  3. «Еңбек – елдің мұраты»,
  4. «Ерте жастан экологиялық мәдениет»,
  5. «Қоғамға қызмет»,
  6. «Психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру»,

Осы жобаларды іске асыру білім алушылардың тәрбиелік, өмірлік кеңістігінің әлеуетін кеңейтуге, жеке тұлғаның өзекті қажеттіліктері мен қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді. Жобаларды білім беру ұйымы білім алушылардың отбасыларымен, басқа да әлеуметтендіру нысандарымен – білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тұрақты өзара іс-қимылда және тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.


 


  • Білім алушыларды тәрбиелеуге құндылықтық-бағытталған тәсілді іске асыру бағдарламасының материалдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған. (https://uba.edu.kz/qaz)


Қазіргі уақытта «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысы, мектеп парламенті, «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Жас Сарбаз» балалар қоғамдастығы оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың табысты нысандары болып табылады.



  • Оқушылардың мектептегі өзін-өзі басқаруы білім беру процесін демократияландыруға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болуы керек.
  • Дебаттың мақсаты-зияткерлік рөлдік ойын, білім беру технологиясы, ол бар білімді қолдана білуді қалыптастырады, функционалдық сауаттылықты дамытады және болашақта өзін-өзі сәтті жүзеге асырудың кепілі болады.
  • 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдары пікірсайыс клубтары мен мектептің өзін-өзі басқару клубтарын ашуы, оның ішінде мектептің аудандық, қалалық, облыстық деңгейлерінде пікірсайыс қозғалысының мектеп лигасын іске қосуы қажет.


  • Білім беру ұйымдарында «Мектеп парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы https://www.ziyatker.org/schoolparliament сайтында орналастырылған.


Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың құрамдас бөлігі жалпы мектептік іс-шаралар болып табылады. Жалпы мектептік іс-шаралардың идеялық-құндылық мазмұны білім алушылардың қажеттіліктеріне, мектептің ерекшеліктеріне, сондай-ақ мемлекеттік саясат қағидаттарына бағдарланады. Жалпы мектептік іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды насихаттау маңызды.

Жалпы мектептік іс-шараларға мыналар кіреді:

  • ұлттық және мемлекеттік мерекелерге байланысты іс-шаралар;
  • еліміздегі атаулы күндер мен маңызды оқиғаларға арналған іс-шаралар;
  • оқу жылының басталуына, аяқталуына арналған салтанатты іс-шаралар;
  • олимпиадалардағы, спорттық және шығармашылық конкурстар мен жарыстардағы жетістіктері үшін білім алушылар мен педагогтерді марапаттау рәсімдері;
  • оқушылар мен педагогтардың бастамасы бойынша ұйымдастырылған флешмоб акциясы;
  • мектептегі әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға арналған іс- шаралар;
  • отбасылармен және мектеп серіктестерімен бірлесіп өткізілетін іс- шаралар;

 
  • білім алушылар мен педагогтердің қатысуымен көшпелі іс-шаралар. Жалпы мектептік салтанатты іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптар:
  • іс-шараларды   өткізу    кезінде    шарларды,   көгершіндерді   аспанға ұшырмау;
  • барлық жалпы мектептік іс-шаралар түрлі компанияларды тартпай мектеп тарапынан тегін өткізіледі;
  • патриоттық тәрбиеге, мемлекеттік рәміздерге деген құрметке ерекше көңіл бөлінеді.



  • Ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер

«Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының 2001

жылғы 13 желтоқсандағы N 267 Заңымен реттеледі.


Сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың бір түрі-мектеп театрлары. Мектептегі театр үйірмелері білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға және эстетикалық талғамға ықпал етеді. Әр түрлі спектакльдерді дайындауға және қоюға қатыса отырып, білім алушылар әдеби шығармаларды тереңірек зерттеуге, костюмдер жасауда шығармашылық танытуға, сондай-ақ эмпатия, ынтымақтастық, эмоционалды интеллект сияқты әлеуметтік- эмоционалды дағдыларды дамытуға мүмкіндік беріледі. Сондықтан білім беру ұйымдарына жетекшілік ету үшін мүдделі білім алушыларды, тілдік пәндердің педагогтерін, жергілікті театр әртістерін қатыстыра отырып, мектеп театр үйірмелерін құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы мектеп тәрбие процесінде сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың инновациялық әдістерін, формаларын, модельдерін іздеуді жүзеге асырады, олар:

  • қайырымдылық әлеуметтік жобалар;
  • елдің мәдени көрікті жерлеріне экскурсиялар;
  • Ted форматындағы кездесулер;
  • кәсіби бағдар беру мақсатында шақырылған қонақтармен кездесулер;
  • стартап-жобаларды қорғау;
  • мектеп подкастын жүргізу;
  • мектеп газетін ұйымдастыру;
  • мектеп серіктестерімен желілік байланыс.

Мысалы, білім алушыларды «Қоғамға қызмет» әлеуметтік волонтерлік жобасына, «Мектепке жол», «Biz birgemiz» акцияларын жүзеге асыруға кеңінен тартуға болады.

 




 
 
  • Орта білім беру ұйымдарында волонтерлік қозғалысты ұйымдастыру туралы толығырақ ақпарат «Білім беру саласындағы волонтерлік пен қайырымдылық және

 

олардың қазіргі жағдайдағы білім беру жүйесін жаңғыртудағы рөлі» әдістемелік

ұсынымдарында қамтылған (https://uba.edu.kz/qaz).


Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуі. Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысы кезінде балалардың мүддесі үшін ынтымақтастық қажет. Ата

  • аналарға арналған дәрістерді, ата-аналар кештерін, Ашық есік күндерін, тренингтерді онлайн және офлайн форматта өткізу, «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебін», «Аға мектебі» және с.с. құру ұсынылады. Бұл мектептерді құрудың мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыру.

Тәрбие жұмысында орта білім беру ұйымдарында мектеп пен ата- аналардың өзара байланысын ұйымдастырудың жаңа форматы анықталды.

Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысының жаңа форматын іске асыру шеңберінде ата-аналар қоғамдастығымен жұмыс бағытының мынадай деңгейлері айқындалды:

  • жеке (педконсилиум, әңгімелесу, консультация, бала туралы ата-аналарды толық хабардар ету);
  • топтық (ата-аналар комитетімен өзара әрекеттесу; топтық кеңестер; ата- аналармен практикалық сабақтар; тренингтер; әкелермен кездесулер);
  • ұжымдық (ашық есік күндері; «дөңгелек үстелдер»; тәрбие тәжірибесімен алмасу бойынша конференциялар; ата-аналар лекторийі; ата-аналар апталығы).

Отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырудағы басты міндеттердің бірі-ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі, мектеп пен сыныптың білім беру процесіне қатысу қажеттілігі туралы дұрыс түсінігін қалыптастыру.

Мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимыл форматын ұйымдастыру бойынша жұмыстың жаңа мазмұны мыналарды көздейді:

  • ата-аналарды баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіне толық тарту;
  • ата-аналарды тәрбиелеу әдістерімен, балалардың физиологиялық және психологиялық даму кезеңдерімен таныстыру;
  • ата-аналардың балалармен бірлескен жұмысы (үйірмелер, секциялар, клубтар, тренингтер, сапарлар);
  • балаларды тәрбиелеу деңгейін бірлесіп бағалау;
  • ата-аналардың мектептегі өзін-өзі басқаруға қатысуы.

Ата-аналар үшін балаларға мамандық таңдауда дұрыс бағытты көрсету, еңбекке деген құрметке баулу өте маңызды. Мұғалімдер ата-аналармен баланың мамандық таңдау мәселесі бойынша түсіндіру және тәрбие жұмыстарын жүргізуі керек. «Баланы жұмысқа ал», «Он күн ата-ана жұмысында» («НЗМ» ААҚ тәжірибесі) сияқты жобалар білім алушылардың кәсіби бағдарлануына ықпал етеді, әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттырады.

Ата-аналардың,  қоғамның,  үкіметтік  емес   ұйымдардың  қатысуымен

«Мектептегі бір күн» жобасын іске асыру ата-аналардың қажеттіліктерін, сұраныстарын, отбасылық ерекшеліктері мен отбасылық тәрбиесі ескеріледі, ата-аналарды мектептің, сыныптың, өз баласының істеріне жұмылдыруға, білім


 

беру процесінің барлық қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі

«Отбасы – мектеп» жобасы отбасының тәрбиелік әлеуетін, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың ата-аналарымен өнімді өзара іс-қимыл және отбасылық тәрбие бойынша педагогтердің әдістемелік тәжірибесін жетілдіруге бағытталған.

Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы педагогтер мен ата-аналардың жеке әңгімелесулері, электрондық журнал, телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, жеке консультациялар, ашық сабақтар, Ашық есік күндері, сыныптан тыс іс- шаралар (ата-аналармен бірлескен мерекелер, экскурсиялар, сапарлар, саяхаттар), балалар жұмыстарының көрмелерін ресімдеу (суреттер, аппликациялар) арқылы жүзеге асырылады.

Білім алушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру үшін сыныптан тыс қосымша іс-шараларды негізінен мемлекеттік тілде өткізу ұсынылады.

Ата-аналармен жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі:

  • Оқушылардың оқу жетістіктерін талдау.
  • Ата-аналарды сыныптағы эмоционалды климаттың жағдайымен таныстыру. Мұнда әңгіме тақырыбы білім алушылардың қарым-қатынасы, сыртқы келбеті және басқа да мәселелер болуы мүмкін.
  • Психологиялық-педагогикалық ағарту.
  • Ұйымдастыру мәселелерін талқылау (экскурсиялар, сынып кештері және т.б.).


Педагогикалық консилиумдарды мектептер кесте бойынша сыныптар мен пәндер бөлінісінде жүргізеді, онда ата-аналарды балалардың оқу жетістіктері және оларды оқудан тыс қызметке тарту туралы хабардар етеді.



  • Отбасылық      құндылықтарды      қалыптастыру      бойынша       әдістемелік ұсынымдарды uba.edu.kz/qaz сайтынан жүктеуге болады..


Сонымен қатар, отбасыларды: жас отбасы клубтары, болашақ ата-аналарға арналған дәрісханалар, ата-аналар мен балаларға арналған клубтарды дамыту отбасылық оқу жобасына тартуға болады. Отбасылық оқырмандар клубының мақсаты – білім алушылар мен олардың ата-аналарының бірлесіп оқуға және шығармашылыққа деген қызығушылығын ояту. Клубтың міндеттері оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу; ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу; кітапқа қызықтырудың стандарттан тыс түрлерін енгізу; оқу процесінде отбасының рөлін арттыру болып табылады.

Қолайлы білім беру ортасын құруда сынып жетекшісі ерекше рөл атқарады. Сынып жетекшісі үнемі сынып сағаттарын және оқушылармен жеке кездесулер өткізеді. Сынып сағаттары білім мазмұнының маңызды бөлігі болуы


 

тиіс. Сынып сағаттарының жоспарларын жасау кезінде оқушылардың жеке қажеттіліктері мен мүдделеріне назар аудару керек. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу формалары:

  1. нақты тақырыптағы әңгіме,
  2. пікірталас, диспут, дебаттар,
  3. рөлдік ойындар,
  4. тақырыптық дәріс,
  5. сынып жиналысы,
  6. байланыс сағаты,
  7. ойын-саяхат,
  8. тренингтер,
  9. конференциялар,
  10. шеберлік сыныптар,
  11. театрлық қойылымдар

Сынып сағаттары кезінде сынып жетекшісі білім алушылармен бірге сыныптың жалпы нормалары мен ережелерін әзірлеуге бастамашылық жасай алады. Қазіргі зерттеулерге сәйкес, бұл мінез-құлықтың жалпы нормаларын бірлесіп талқылау және үйлестіру, олардың жауапты сақталуына әкеледі.


  • Сынып сағаттарын өткізудің инновациялық тәсілдері туралы материалдар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған. Алтынсарин https://uba.edu.kz/qaz).


Тәрбие саласындағы мұғалімнің үздіксіз дамуы мектептегі әдістемелік бірлестіктер аясында құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін бірлесіп талқылауды, рефлексияны және зерттеуді қамтиды. Педагог үшін білім беру мақсаттарына қол жеткізуде шығармашылық жобалық қызметті, командалық жұмысты, құрдастар арасында өзара оқытуды (peer learning) көтермелеу үшін

«төңкерілген сынып», сторителлинг, театр педагогикасы сияқты оқытудың тиімді технологияларын үздіксіз жетілдіру және іздеу маңызды. Сонымен қатар, педагогтерге оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың бойында өсуге, өзіне деген сенімділікке, мақсатқа жетуде табандылыққа және осыған сай өзін-өзі бағалауға психологиялық көзқарасты дамыта білу маңызды.

Мектептің тәрбие жүйесін басқару.

Мектептің тәрбие жүйесі білім беру процесіне қатысушылармен жасалады. Әрбір мектеп жергілікті қоғамдастықтағы рөлін ескере отырып, өзінің миссиясы мен даму стратегиясын айқындайды, сонымен қатар, тәрбие жұмысының жоспарын әзірлейді. Жоспар білім алушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін, мектеп                орналасқан    аймақтың     әлеуметтік-экономикалық    және     мәдени ерекшеліктерін көрсетуі тиіс жүйені құрайтын іс-шаралар төңірегінде құрылады.

Директордың тәрбие жұмысына жетекшілік ететін орынбасары педагогтармен, ата-аналармен, білім алушылармен, мектеп серіктестерімен тиімді ынтымақтастық құрады; білім алушылардың оқудан тыс қызметін және кәсіптік бағдарлануын ұйымдастыруды үйлестіреді. Сонымен қатар, ол сынып


 

жетекшілерінің қызметін үйлестіреді, мониторинг жүргізеді, әдістемелік қолдау көрсетеді және сапалы кері байланысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ сынып жетекшілеріне апта, ай және жылға арналған тәрбие жұмысының жоспарын әзірлеуге көмектеседі.



  • Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын басқару туралы толық ақпарат келесі сілтемедегі әдістемелік ұсынымдарда берілген: https://uba.edu.kz/qaz


  • Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері

Беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет – бұл білім беру ұйымының алқалық органы, оның қызметі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық салауаттылығын сақтауға және нығайтуға, білім беру қызметіне қатысушылар арасында қолайлы психологиялық ахуал жасауға, білім алушыларды оқытуда, олардың оқу-танымдық процесін дамыту мен тәрбиелеуде әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған.

Білім беру ұйымының психологиялық қызметін құрудың мақсаты – білім алушыларды табысты оқыту, дамыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру, кәсіби білім беру траекториясын саналы таңдауды қалыптастыру үшін білім беру ортасына қолайлы жағдай жасауға бағытталған психологиялық-педагогикалық қолдауды жүйелі ұйымдастыру.

Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері:

  • оқыту процесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму жағдайын психологиялық-педагогикалық талдау, негізгі проблемалар мен олардың туындау себептерін анықтау, оларды шешу құралдарын айқындау, сондай-ақ ұжымның педагогикалық қызметі үшін қауіпсіз орта құру;
  • оқу процесінде баланың психологиялық-педагогикалық мәртебесін және оның психологиялық даму динамикасын мониторингтеу; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу қызметін дараландыру;
  • білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту нәтижелеріне қойылатын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын орындау;
  • әлеуметтік қауіпсіздік, психологиялық денсаулық проблемаларын еңсеруге және деструктивті мінез-құлық нысандарының алдын алуға, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бейімдеу, оқыту және тәрбиелеу қиындықтарына бағытталған жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
  • жаңа әлеуметтік тәжірибені саналы және белсенді түрде беру арқылы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойында өзін-өзі дамытуға және өзін- өзі жетілдіруге әмбебап оқу дағдыларын қалыптастыру мен қабілеттерін дамыту.
  • білім беру процесіне қатысушылардың жеке құқықтарына нұқсан келтірмей өзара көмек, эмпатия, жауапкершілік, өзіне сенімділік, шешім

 

қабылдау қабілеті, белсенді әлеуметтік өзара іс-қимыл қағидаттарын тәрбиелеу мен қалыптастыру;

  • білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік қолдау саласындағы ғылыми және практикаға бағдарланған жетістіктерін тарату және практикаға енгізу;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оларды әлеуметтендірудің тиімді жағдайларын жасау үшін білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсететін педагогтер мен мамандардың пәнаралық, топтық өзара ынтымақтастығын қамтамасыз ету;
  • білім беру ұйымының алқалы органдарымен және білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер мүдделі органдарымен өзара ынтымақтастық орнату.

Орта білім беру ұйымындағы психологиялық қызметтің қызметінің принциптері:

  1. кәсіби этиканы сақтау;
  2. баланың жеке басына эмпатия және құрмет көрсету;
  3. білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке және жас ерекшеліктерін есепке

 

алу;


 
  1. психологиялық және педагогикалық білімді интеграциялау;
  2. баланың  құқықтары мен  мүдделерін  сақтай отырып, ақпараттың

 

құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті;

  1. білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың, педагогтердің денсаулығына, ар-намысына және қадір-қасиетіне зиян келтіру мүмкіндігін болдырмау;
  2. білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру процесінде қолдаудың ғылымилығы, кешенділігі, бірізділігі, кезеңділігі мен үздіксіздігін сақтау.

Психологиялық қызметтің жұмысы білім берудің барлық деңгейінде ұйымдастырылады:

  1. Бастауыш білім беру деңгейінде – оқушыны танымдық және оқу уәждемесін, дербестікті және өзін-өзі реттеуді дамытуда, әрбір білім алушының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда қолдау;
  2. Негізгі орта білім беру деңгейінде – оқытудың жаңа жағдайларына бейімделу, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің танымдық және оқу іс- әрекетін дамыту, жеке және құндылықты-мағыналық өзін-өзі дамыту және өзін- өзі тану міндеттерін шешуде қолдау көрсету, танымдық процестерге тұрақтылықты қалыптастыру;
  3. Жалпы орта білім беру деңгейінде – білім алушы мен тәрбиеленушіге өзін-өзі анықтауға және жеке бірегейлікке, бейінді бағдарлануға көмек көрсету, мақсат қою және дербес шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға, тұрақты дүниетанымның қалыптасуына көмектесу.

Білім беру ұйымының психологиялық қызметінің құрамына орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары, педагог-психолог (штат кестесіне сәйкес), әлеуметтік педагог енеді. Психологиялық қызметтің құрамы білім беру


 

ұйымы басшысының бұйрығымен рәсімделеді және бекітіледі. Сынып жетекшілері, тәрбиешілер, кураторлар, пән мұғалімдері, медицина қызметкерлері білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық- педагогикалық қолдау процесіне қатысады және лауазымдық міндеттеріне сәйкес ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара ынтымақтастық жасайды.

Педагог-психологтың білім беру қызметінің бағыттары: диагностикалық, консультациялық, дамытушылық (түзету), психологиялық- педагогикалық ағарту және ұйымдастыру-әдістемелік.

  1. Диагностикалық бағыт – жеке және топтық жұмысты, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытудың бүкіл кезеңі бойы психологиялық- педагогикалық зерделеуді, олардың жеке ерекшеліктері мен бейімділіктерін, оқыту және тәрбиелеу процесінде, өзін-өзі кәсіби тұрғыдан айқындауда әлеуетті мүмкіндіктерін айқындауды, сондай-ақ оқытудағы, дамудағы, әлеуметтік бейімделудегі олқылықтардың себептері мен тетіктерін анықтауды көздейді;
  2. Консультациялық бағыт – білім беру процесіне қатысушыларға: туындаған қиындықтардың табиғатын немесе себептерін түсінуінде, психологиялық проблемаларды талдау мен шешуде, жеке ерекшеліктерін өзектілендіру; жаңа әлеуметтік тәжірибені саналы және белсенді түрде беруге; жаңа көзқарастар қалыптастыруға және өз шешімдерін қабылдауға; түрлі әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын тұлғааралық қатынастардағы, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудағы қиындықтармен байланысты психологиялық проблемалар нысанында жеке және топтық қызметте көмек көрсетуді көздейді;
  3. Дамытушылық (түзету) бағыт – білім алушылармен және тәрбиеленушілермен жаңа білімге, дағдылар мен икемдерге уәждемені қалыптастыру, оларды қабылдау мүмкіндіктері, оқу және танымдық қызметті қарастырады. Диагностика процесінде анықталған оқу қиындықтарымен және мінез-құлық проблемаларымен жұмысты ұйымдастыруды қамтиды; педагог- психологтың пән педагогтерімен, әлеуметтік және арнайы педагогтермен кешенді өзара іс-қимылы негізінде оқу материалын меңгерудегі қиындықтарды жеңуде, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психикалық және физикалық жай-күйін түзетуді жүргізу бойынша жеке жұмысты көздейді;
  4. Психологиялық-педагогикалық ағарту – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің жеке кәсіби өсуіне, өзін-өзі анықтауына; педагогтердің, ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің психологиялық- педагогикалық білімге қажеттілігін және оларды білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуда, тәрбиелеуде және дамытуда кездесетін қиындықтардың алдын-алу үшін пайдалануды қалыптастыруда жүйелі қолдауды көздейді (сынып сағаттары, семинарлар, ата-аналар жиналыстары, педагогикалық кеңестер, педагогтер, ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер үшін интерактивті әдістер мен лекториялар);
  5. Ұйымдастырушылық-әдістемелік бағыт – ұйымдастырушылық- әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізуді: білім беру және дамытушы ортаның жай-күйін бақылау, мониторинг жүргізу, психологиялық- педагогикалық қамтамасыз ету және оны қолдау бойынша түсініктемелерді

 

әзірлеу, білімалушылар мен тәрбиеленушілердің қолдау мен пәнаралық бақылауды дамыту; білім беру ұйымдарында, семинарларда, конференцияларда психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік қолдау көрсету бойынша отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибені зерделеу; білімалушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау технологияларын меңгеру бойынша семинарлар, тренингтер ұйымдастыру және өткізу.


 




 
 


  • Білім беру ұйымдарында әлеуметтік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Білім туралы» Заңдарының негізінде баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау мектепте мынадай бағыттар бойынша қалыптастырылады:

  • балалардың құқықтары мен заңды мүдделері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
  • ата-аналар, оқушылар, мектеп мұғалімдері үшін кеңестер, тренингтер, диагностикалық жұмыстар;
  • сапалы білім беру және балаларды дұрыс тәрбиелеу үшін әлеуметтік жағдайлар жасау;
  • әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу;
  • балалардың бос уақытын ұйымдастыру
  • тиісті ведомстволармен (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Балалардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау, қорғаншылық және қамқоршылық комитеті, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия) тығыз байланысты қолдау.

Әлеуметтік педагог баланың жан-жақты психологиялық дамуы үшін жағдай жасау, тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оң көзқарас қалыптастыру, баланың жеке басының дамуының бұзылу себептерін анықтау, профилактикалық іс-шаралар өткізу, насихаттау жұмысы арқылы педагогтар мен балалардың жоғары психологиялық, құқықтық біліктілігін қамтамасыз ету арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсетеді.


  • Білім беру ұйымдарында білім алушылардың өзін-өзі басқару қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Қазір әр білім беру ұйымдарында балама шешімдері бар проблемалар бар. Оқушылардың өзін-өзі басқару пікірін ескере отырып, осы мәселелердің көпшілігін шешуге болады. Мектепте оқушылардың өзін – өзі басқару жүйесін


 

құрудың ең оңай жолы-оқушылардың «белсенділігін» күтпей-ақ, мектеп әкімшілігі мектеп оқушыларының өкілдерімен кеңесусіз шеше алмайтын мәселелердің шеңберін анықтау.

Мектептегі өзін-өзі басқарудың инновациялық жүйесінде адам мен қоршаған әлем арасындағы қатынастардың көп деңгейлі жүйесі ретінде салауатты өмір салты бағдарламасы болуы керек, дамудың әмбебап заңдылықтары мен алгоритміне сәйкес кезең-кезеңмен қалыптасуына, адамның тікелей және кері себептік қатынастар кешенін құруға ықпал етуі керек.

Өзін – өзі басқарудың инновациялық жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі- шығармашылықтың жеке және ұжымдық формалары арқылы адамның: жауапкершілік, тұрақтылық, ізгі ниет және қатысу секілді негізгі қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал ету.

Мектептегі өзін-өзі басқару деңгейлері

Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымы төрт деңгейлі:

  1. деңгей. Сыныптардағы өзін-өзі басқару: сынып жиналысы, сынып активі, жұмыс секторлары.
  2. деңгей. Мектептің өзін-өзі басқаруы: мектеп активі.
  3. деңгей.
  4. Жалпы мектептік оқушылардың өзін-өзі басқаруы: жоғары сынып оқушыларының Кеңесі.
  5. Жалпы мектептік өзін-өзі басқару: мектеп кеңесі: оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер.
  6. деңгей. Жалпы мектептік конференция.


3.5 Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру

Отбасы мен мектептің өзара байланысы

Отбасы мен мектептің педагогикалық өзара әрекеттесуінің мақсаты – баланың жайлы, қуанышты, бақытты өміріне, оның жеке басының дамуына жағдай жасау.

Отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуінің мәні ең алдымен:

  • отбасындағы тәрбие жағдайларын зерттеу;
  • ата-аналармен жеке және топтық жұмыс жүргізу; тақырыптық ата-аналар жиналыстары;
  • ата-аналарды оқудан тыс қызықты, мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыруға тарту;
  • баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы білім алушының электрондық

күнделігі, телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, әңгімелесу, жеке консультациялар, сынып ата-аналар жиналысы, ашық сабақтар, ашық есік күндері, сыныптан тыс іс-шаралар (ата-аналармен бірлескен мерекелер, экскурсиялар, сапарлар, саяхаттар), балалар жұмыстарының көрмелерін ресімдеу (суреттер, аппликациялар) және т. б. арқылы жүзеге асырылады.

Ата-аналар жиналысын өткізу бойынша ұсыныстар:

  • Ата-аналар жиналысында балалардың оқудағы қателіктері мен

 

сәтсіздіктерін емес, ата-аналарды сындарлы және ағарту жұмыстарын жүргізу керек.

  • Жиналыстың тақырыбы балалардың жас ерекшеліктеріне бағытталуы

 

тиіс.


 
  • Жиналыс теориялық және практикалық сипатта болуы керек: жағдайларды талдау, тренингтер, пікірталастар және т. б.
  • Жиналыс оқушының жеке тұлғасын талқылаумен немесе айыптаумен

 

айналыспауы тиіс.

Қамқоршылық кеңес және оның қызметін ұйымдастыру

Қамқоршылық кеңестің мақсаттары:

білім беру ұйымдарына жәрдемдесу, бекітілген жарғылық функцияларды орындау;

білім беру ұйымының білім алушылары мен педагогтары үшін қажетті жағдайлар жасау;

білім   беру   ұйымдарына   қаржылық   қолдау   көрсету,   материалдық- техникалық базаны нығайту;

білім беру ұйымын одан әрі дамытуға жәрдемдесу.

Қамқоршылық кеңестің қызметі «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген

«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен» реттеледі.

Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.


 




 
 
 

         4 БІЛІМ БЕРУДІҢ ИНКЛЮЗИВТІК СИПАТЫ                                   


  • Инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Қазақстанда, әлемнің көптеген елдеріндегідей, инклюзивті білім беру білім беру жүйесін дамытудың маңызды бағыты болып табылады, өйткені дамыған халықаралық қоғамдастықта инклюзивті білім беру әрбір адамның білім алу құқығын іске асыру құралы ретінде танылған. Біздің еліміз де аталмыш ұстанымды қолдайды. Мұны әрбір баланың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етудің білім беру саласын дамытудағы басты міндет болып есептелетіндігі айғақтай түседі.

Еліміздің президенті Қ.К. Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында: «Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек»   деп   атап    өтті.   Сонымен   қатар    мемлекет   басшысы   2021    жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс» деп белгілеп өтті.

Инклюзивті білім берудің басты аспектілерінің бірі болып есептелетін инклюзивті саясаттың соңғы жылдары елімізде қарқынды түрде дамып келе жатқандығын байқауымызға болады. Бірқатар құжаттар ратификацияланды, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілуде, барлық мүдделі тараптардың қатысуымен әртүрлі деңгейлерде талқылаулар іске асуда.

Мектеп әкімшілігі мен педагогтерге еліміздің мектептерінде білім беру процесінің қолжетімділігі мен инклюзивтігі қағидаттарын іске асыру үшін басты мәнге ие нормативтік құқықтық құжаттарға шолуды ұсынамыз.


  • Инклюзивті білім беру ортасын құру бойынша ұсынымдар

Барлық білім беру ұйымдарында инклюзивті практиканы инклюзивті саясат пен инклюзивті мәдениет негізінде дамыту қажет. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті педагогиканың негізгі принциптерін терең түсінбей жалпы білім беру процесіне қосу мүмкін емес.

Инклюзивті білім берудің сегіз принципін еске түсірсек:

1. Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктерімен өлшенбейді.

2 . Әрбір адам сезінуге, ойлауға қабілетті.

  1. Әрбір адам қарым-қатынасқа түсуге құқылы.
  2. Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж.
  3. Шынайы қарым-қатынас негізінде ғана сапалы білім алуға болады.
  4. Барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
  5. Кез келген адамның жетістіктері қолынан келетін істерімен өлшенуі

тиіс.

  1. Әртүрлілік адамды тек дамыта түседі.


*Берілген принциптер 1959 жылдың 20 қарашасында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында жарияланған Бала құқықтарының декларациясы принциптеріне негізделген.


 

Инклюзивті білім беруге сәйкес барлық балалар ақыл-ой немесе физикалық дамуына; мәдени, әлеуметтік, этникалық, нәсілдік, діни ерекшеліктеріне қарамастан құрдастарымен тең дәрежеде жалпы білім беретін мектепте білім алуға құқылы.

Инклюзивті білім беру принциптеріне сәйкес білім беру ұйымдары барлық білім алушылардың білім алудағы әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.

Педагогтер балалардың ақыл-ой қабілеттері түрліше болатындығын, берілген білімді түрліше қабылдайтындығын ескеруі керек. Мысалы, бір білім алушы жаңа материалды жылдам игерсе, келесі білім алушы үшін көбірек уақыт қажет болуы мүмкін. Сәйкесінше берілген білімді бекіту үшін бірнеше рет қайталау немесе жаңа ақпаратты айтып не көрсетіп түсіндіру қажет болуы мүмкін.

Білім алушылардың бағдарламалық материалдарды меңгеру деңгейі оқытудың деңгей бойынша сараланған тәсілдерін пайдалануға байланысты. Білім беру процесінде саралау тәсілдерін пайдаланғанда әрбір білім алушының жеке мүмкіндіктері мен қабілеттері ескеріліп, оқыту деңгей бойынша шағын топтар жүйесі негізінде іске асады. Яғни педагогтер білім алушыларға жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып оқу бағдарламаларын бейімдеу негізінде сараланған тапсырмалар, вариативті әдістер қолдану арқылы көмек көрсетеді.

Оқытуды саралау оқу процесін білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастыруға, барлық білім алушылардың білім мазмұнын меңгеруіне мүмкіндік береді. Білім мазмұны түрліше берілгенімен, барлығына бірдей ортақ инвариантты бөлік сақталуы тиіс. Саралау жағдайында оқыту процесі білім алушылардың танымдық қажеттіліктерін, олардың жеке ерекшеліктерін ескереді.

Осылайша сараланған оқу процесінің мақсаты – әрбір білім алушының қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып сапалы білім алуына, қабілеттері мен мүмкіндіктерін максималды түрде дамытуға жағдай жасау.

Оқыту процесіндегі жеке сараланған тәсілді пайдаланудың негізгі міндеті

  • білім алушының біліміндегі олқылықтардың алдын алу. Мұндайда басты назар білім алушылардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыруға аударылады. Педагог жеке білім алушыларда пайда болуы мүмкін қиындықтарды болжай білуі тиіс. Мұндай жағдайларда педагог білім алушыға оқулықтағы материалмен алдын ала танысу, мәтінмен жұмыс істеуде қиналатын оқушылар үшін көрнекіліктер, иллюстрация, сызбалар қолдану, ұқсас жаттығуды қайта орындауға ұсыну арқылы бекіту жұмысына көп көңіл бөледі немесе білім алушыны ойландыратын сұрақтарды қоя алады.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудағы жеке тәсіл әрбір пәннің ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді. Педагог сыныпта кез келген білім алушы сұрақ қоя алатындай ахуалды қалыптастыруы керек. Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыстың әдістерін меңгеру білім алушылардың психикалық ерекшеліктерін зерделеуге байланысты. Әрбір білім алушының жеке


 

ерекшеліктерін білу онымен жұмыс істеудің оңтайлы жолын табуға көмектеседі. Мұндайда білім алушының келесі ерекшеліктерін ескеру маңызды:

  • баланың   физикалық   және    психикалық   дамуына    әсер   ететін ерекшеліктер;
  • сөйлеу, зият, эмоциялық-ерік аясы;
  • балалардың жас және жеке ерекшеліктері;
  • балалардың    қызығушылықтарын,   қабілеттерін,    мүмкіндіктерін анықтап, дамытуға жағдай жасау;
  • психикалық процестері (қабылдау, назар аудару, есте сақтау, ойлау);
  • темперамент типі.

Жеке тәсіл аталған ерекшеліктерді ескеріп қана қоймай, әрбір білім алушымен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Кейбір білім алушылар үшін жеке жұмыс істеу – дамудың негізгі шарттарының бірі екендігін естен шығармау керек.

Осылайша, инклюзивті білім беру жағдайында қазіргі педагог қызметінің негізгі ерекшелігі – кәсіби қызметінің көп бағыттылығы және әртүрлілігі. Сабақта мұғалім шешетін міндеттердің ішінде ең бастысы – білімді меңгеруіне қолайлы жағдай жасау негізінде білім алушыны кез келген оқу әрекетіне қосу.

«Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың келесі топтары анықталған:

  1. мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары, қолайсыз психологиялық факторлары (отбасындағы тәрбиенің бұзылуы, бала-ата-ана және отбасыішілік қарым-қатынастар) бар балалар;
  2. әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, лингвистикалық мәдени сипаттағы кедергілері (әлеуметтік қауіпті отбасы балаларының педагогикалық немқұрайлылығы; жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар (босқындар, мигранттар, кандастар және т.б. отбасылар);
  3. даму мүмкіндіктері шектеулі (есту, көру, интеллект, сөйлеу, тірек- қимыл аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалдық-еріктік бұзылыстар) бар балалар.

Төменде ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, балаларды оқыту стратегиясын құруда мұғалімдерге арналған ресурстар мен сілтемелер берілген.


Ерекше білім беру қажеттіліктері

Мұғалім стратегиясы

Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары, қолайсыз психологиялық факторлары (отбасындағы тәрбиенің бұзылуы, бала-ата-ана және отбасы ішілік

қарым-қатынастар) бар балалар

Мінез-құлықтың айқын виктимділігі бар балалар. Бұл топтағы балаларды бірнеше топқа бөлуге болады:

Бұл категорияға жататын балалармен жұмыстың әрбір нақты тәжірибесі жеке сипатқа ие. Мұғалімнің барлық стратегиялары білім беру процесін бейімдеуге көмектесетін


 

– соматикалық аурулармен ауыратын немесе әлсіз, жиі әрі ұзақ ауыратын балалар;

  • гипоактивті немесе қимылы баяу балалар;
  • депрессивті балалар;

Эмоциялық-ерік бұзылыстары бар балалар (негізінен жасөспірім балалар).

– гиперактивті балалар, сонымен қатар назар жетіспеушілігі синдромы бар балалар;

  • агрессивті балалар;
  • девиантты мінез-құлыққа ие балалар;

отбасымен,        психологпен        және        өзге мамандармен серіктестікте анықталуы тиіс.

Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар

Мектепте білім беру процесінде жетім балалардың қиындықтарының болуы және сәйкесінше одан кейін қоғамда сәтсіз әлеуметтенуінің себептері келесідей болуы мүмкін:

  • депривация;
  • дисфункциялы отбасыдағы, асоциалдағы ортадағы өмірлік тәжірибе;
  • жетім балаларға арналған мекемелердегі әлеуметтендіру нәтижелерінің төмендігі.

Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалардың қиындықтарын келесі жолдар негізінде еңсеруге болады:

  • асырап алған отбасыда бейімделіп бастағанда оқу үлгеріміне қойылатын талаптарды жеңілдету;
  • оқытудың стандартты емес формаларын пайдалану: әртүрлі жастағы топтарда оқыту, жасы үлкен балалардың жасы кіші балаларды оқытуы;
  • баланың қызығушылықтарын ескеру, мұндайда бір қызметтегі табысты тәжірибе қызметтің өзге формаларына ауыстырыла алады.

Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, лингвистикалық мәдени сипаттағы кедергілері (әлеуметтік қауіпті отбасы балаларының педагогикалық

немқұрайлылығы, жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар (босқындар, мигранттар, кандастар және т.б. отбасылар) бар балалар

Қандас баланың білім беру қажеттіліктері сипаттамалардың бес ерекше түрімен байланысты: тіл, бастапқы білімдер, эмоциялық жағдай, әлеуметтік дағдылар, мәдени нормалар және қағидаттар. Бұл білім беру қажеттіліктері бірінші кезекте тіл мәселелерімен байланысты. Бұл өз алдына мемлекеттік тілді оқытуды ерекше ұйымдастыруды жобалайды.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған бала (көшіп қонушы, босқын) әлеуметтенуді қажет етеді.

Кез келген сабақта тілдік мәселелерді ескеру керек және білім алушыға білімді меңгеруге көмектесетін әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Әдетте балаларға тапсырманы орындау түрі (ауызша немесе жазбаша жауап) және орындау уақыты бойынша таңдау құқығы берілуі тиіс. Баланың жұмысты берілген уақыттан асырып орындауға, графикалық сызбаларды, қысқа нұсқаулықтарды, алгоритмдерді пайдалануға мүмкіндігі болуы тиіс.

Даму мүмкіндіктері шектеулі (есту, көру, интеллект, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалдық-еріктік бұзылыстар) бар

балалар

Естімейтін балалар

Естімейтін балалар құлағының түбінде қатты сөйлеген дыбысты естуі мүмкін, бірақ арнайы үйретпесе, адамның сөйлеген сөзіне қарап, сөздер мен тіркестерді түсінбейді.

Есту қабілеті зақымдалған баланы білім беру ұйымындағы оқыту процесіне табысты қосу үшін оның есту қабілетінің қаншалықты зақымдалғанын анықтау, дәрі-дәрмекпен қолдау, баланың аудиограммасына сәйкес есту

аппараты моделін нақты талғау маңызды.


 

Есту аппаратын немесе кохлеарлық импланттарды пайдаланғанымен, балалар айналасындағылардың сөзін қабылдауда және түсінуде қиналады.

Мұндай балалардың ауызша сөйлеу қабілеті өздігінен дамымайды. Сол себепті олар ұзақ мерзімді жүйелі түзете- дамытушы жұмысты қажет етеді.

Есту қабілеті зақымдалған балалар сөзді есту-көру, есту, көру тәсілдері арқылы түсінеді.

Ойын ауызша және жазбаша білдірумен қатар баланың танымдық даму процесі қатар жүреді. Баланың педагогтің сөйлеп тұрғанын көріп тұруы маңызды. Сыныпта көп қозғалмаған да жөн. Бұл балаға мұғалімнің айтқанына қарап сөзін түсінуге көмектеседі. Жұппен жұмысты дамыту қажет (жанындағы көршісінің кітаптың парағын аударып, тапсырманы, нұсқаулықты түсіндіріп көмектесуі және т.б.).

Нашар еститін балалар

Бұл балалардың ерекшелігі қатты дыбыстарды естігенде өздерін қолайсыз сезінеді. Және баланың есту қабілеті нашар болған сайын қатты дыбыстарға қатысты қолайсыздық өрши түседі.

Нашар еститін балалардың вибрациялық сезімталдығы өте жақсы дамыған, сол себепті ырғақты суретті оңай ажырата алады, музыкалық аспаптарда ойнай біледі және билей алады.

Педагог мұндай баламен қарым-қатынасқа түскен кезде ойын ауызша жеткізуі керек, ым- ишаратты пайдалануы керек.

Сұрақты нақты әрі қысқа құрауы керек. Бұл балаларға сұрақтың мазмұнын түсінуге, оған қатысты ойлануға мүмкінідік береді. Сондай-ақ жауап беруге асықтырмау керек. оларға ойлануға уақыт беру керек.

Оқыту процесінде көрнекі материалды көбірек пайдаланған жөн.

Айтылым мен сөйлесімге берілетін тапсырмалар көлемі мен мазмұны білім алушының психикалық-сөйлеу қабілеттерінің дамуына байланысты өзгеруі мүмкін.

Көзі көрмейтін балалар

Көзі көрмейтін баланың қоршаған ортаны қабылдауы да шектеледі. Бұл, әрине, баланың даму қарқынына да өз әсерін тигізеді: көрнекі-бейнелі ойлау білу, кеңістіктік ойлау, кеңістікте бағдарлану, ірі және ұсақ моториканың дамуы нашарлай түседі. Бұл оқуда, жазуда, сөйлеуде қиындықтардың пайда болуына себеп болады.

Көру қабілетінің зақымдалуы қосалқы функциялардың ауытқуына алып келеді (көру өрісінің, көз жітілігінің тарылуы және т.б.). Бұл психикалық процестердің (сезу, қабылдау, елестеу және т.б.) дамуына кері әсерін тигізеді.

Мектепте көзі көрмейтін балаларға білім беру зақымдалған және жеткілікті түрде дамымаған функцияларды қалпына келтіруге және түзетуге бағытталған тапсырмаларды пайдалану есебінде іске асуы тиіс.

Білім алушыны пәндік-кеңістіктік және оқу ортасында бағдарлаудың әдіс-тәсілдерін меңгеруге үйрету қажет:

  • жұмыс орнында отыру, оқулықпен, дәптермен, құралмен жұмыс істеу (қажетті парақты, жолды, әріпті таба білу);
  • оқу құралдарын партада дұрыс орналастыра білу; қарым-қатынасқа түсу үшін ауызша формаларды пайдалану;
  • білім алушыларға мектеп құралдарын іздеуде педагогтен, сыныптастарынан көмек сұрай білуін үйрету.

Көзі нашар көретін балалар

Бұл балаларға көру қабілеті нашар балалар жатады. Олардың көбін амблиопия және қылилығы бар балалар құрайды.

Көру қабілеті зақымдалған балалардың қарқыны баяу келеді, көру қабілеті тез шаршайды, сол себепті көзге көп жүк түсірмей, демалдырып тұру қажет болады.

Баланың көру қабілеті жөнінде офтальмолог дәрігердің қорытындысымен танысқан маңызды. Егер білім алушы үнемі көзілдірік тағып жүруі керек болса, оның бұл талаптарды орындауын қатаң қадағалау қажет. Баламен қарым-қатынасқа түскен кезде жарыққа қарсы тұру керек. Тапсырмаларды орындауға көбірек уақыт беру керек.

Көрнекі және үлестірмелі материалдың үлкен болғаны жөн және түсі, контуры және мүсіні


 

Бұл топтың білім алушыларына жалпы және көру жұмыс қабілетінің төмендігі, пәндік-практикалық             іс-әрекеттерді қалыптастырудың баяулығы, өлшеу

дағлыларын меңгеруде қиындықтардың туындауы тән.

бойынша танылуы маңызды.

Сабақ барысында әр баланы атымен атаған маңызды, себебі көру қабілеті зақымдалған бала қай білім алушының жауап беріп жатқандығын түсінуі тиіс.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалар өте көп және олардың зақымдары әртүрлі келеді. Олардың бәріне тән ортақ сипат – қозғалыс функцияларының қалыптасуының тежелуі, дамымай қалуы, зақымдалуы немесе мүлдем тоқтауы. Балаларда тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы туа біткен немесе жүре пайда болған ауруларға не зақымдарға байланысты туындауы мүмкін.

Қимыл-қозғалысының            зақымдалуы неврологиялық сипатқа ие балаларға психологиялық-педагогикалық және логопедиялық қолдау, сонымен қатар әлеуметтік көмек қажет.

Қимыл-қозғалысының            зақымдалуы ортопедиялық сипатқа ие балалар психологиялық қолдауды және жеке қозғалыс режимін сақтауды қажет етеді.

Ұсынылады:

  • кедергісіз кеңістікті қамтамасыз ету;
  • демалу және сабақ өткізу үшін қажетті орындарды ұйымдастыру қажет;
  • қозғалыс патологиясына байланысты санитариялық-тұрмыстық,                әлеуметтік- тұрмыстық шарттарды сақтау қажет.

Мектепте арнайы жабдықталған медициналық кабинеттің және емдік дене шынықтырумен айналысуға арналған жабдықталған залдың болғаны жөн.

Баланың сөзі мүлдем түсініксіз болса, бейвербал коммуникация технологиялары пайдаланылады (карточкалар, пәндер).

Баланың практикалық іс-әрекеттері меңгеруіне қарай барлық іс-әрекетті толыққанды қолдаудан жеке әрекет етуге ойысу керек. Сондай-ақ көмектің түрін бейвербал амалдан (әрекет, зат, ым-ишара) сөйлеуге (кемшіліктер бар тұстарға нұсқау, іс-әрекеттерді бағалау, ынталандыру) ауыстыру қажет.

Баламен сөйлесу кезінде онымен бір деңгейде, жанында отырып сөйлесу қажет.

Сөйлеу қабілеті ауыр зақымдалған балалар

Сөйлеу қабілеті ауыр зақымдалған балаларға сөзді қабылдау және түсіну үшін, сөйлемдегі сөздерді анық әрі ретімен айту үшін, айтылған ойды есте сақтау үшін ұзағырақ уақыт қажет.

Сөйлеу қабілеті зақымдалған балаларға сөзді қабылдап түсіну үшін, мәтіндегі сюжеттік желілердің кезектілігін есте сақтау үшін көмек керек.

Жұмыс өнімділігінің төмендеуі және тез шаршау оқытудың баяу қарқынын қажет етеді.

Сөйлеу қабілеті ауыр зақымдалған балалар тапсырмаларды орындауға бірден кіріспейді.

Оларға импульсивті және ретсіз қозғалыстарды орындаған жеңілірек.

Әрбір нақты білім алушының сөйлеу қабілетінің дамымау себептерін түсіну үшін логопедпен кеңесу ұсынылады.

Балалаларға тапсырмаларды бере отыра бір баланың әлеуетті мүмкіндіктері әртүрлі тапсырмалар типін орындау кезінде ерекшеленетінін түсіну қажет.

Сұрақтарды қысқа да нұсқа қоя білу керек. Себебі балалар сұрақтың мазмұнын түсіну үшін тереңірек үңілуі тиіс. Ойлануға уақыт беріп, жауаппен асықтырмау қажет.

Білім беру міндеттеріне сәйкес әртүрлі көрнекі материалдарды пайдалана білу керек.

Баламен көбірек сөйлесу қажет, барлық іс- әрекетті ауызша айтып отыру қажет. Бір сөзді бірнеше рет қайталаудан қашпау керек. Сөздерді нақты, сабырмен, жылы әуезбен айту керек.

Психикалық дамуы тежелген балалар Бұл        білімнің         жалпы                    қорының жеткіліксіздігімен,                      ойлау             қабілетінің

жетілмегендігімен,                               ойын

Балалардың жас ерекшеліктерін, жақын және алыс даму аймағын ескерген жөн.

Сұрақтарды қысқа да нұсқа қоя білу керек. Себебі балалар сұрақтың мазмұнын түсіну үшін


 

қызығушылықтарының басым болуымен, интеллектуалды          қызметтен           тез шаршаумен ерекшеленеді.

Балаларға білім беру ұйымында қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтау қиын.

Психикалық дамуы тежелген балалар ерекше назарды талап етеді, себебі олар өз             қызметін             ұйымдастыруда қиындықтарға тап болады.

Қиындықтар жүйке жүйесіне әсерін тигізеді: балалар тез шаршайды, жұмысқа өнімділіктері төмендейді, кейде бастаған істі аяғына дейін бітірмейді.

тереңірек үңілуі тиіс. Ойлануға уақыт беріп, жауаппен асықтырмау қажет.

Баланың оқудағы нәтижелерін өзге балалардың нәтижелерімен салыстырмау қажет. Қандай да бір баланың жеке дамуын үнемі ынталандыру қажет. Және мұндайда соңғы нәтиже емес, баланың танымдық процесін, қызметін, даму динамикасын бағалаған маңызды.

Зердесі зақымдалған балалар

Зердесі жеңіл формада зақымдалғанда физикалық жағдайда қандай да бір өзгерістер байқалмауы мүмкін. Зақымның анық көрінуі, әсіресе, хромосомаларға байланысты туа біткен ауруларда (мысалы, Даун ауруы, зат алмасудың бұзылуына байланысты олигофренияның тұқым қуалайтын формалары) байқалады. Зердесі зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – әлеуметтік бейімделуі және кәсіби еңбекке дайын болуы.

Зердесі зақымдалған білім алушыны қарапайым сыныпқа қосу үшін мектептің педагогикалық кеңесі мұндай білім алушы үшін жеке оқу жоспары мен жеке оқу бағдарламасын әзірлейді, олар зердесі зақымдалған (жеңіл немесе ауыр) білім алушылар үшін Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде құрылады.

Оқу тапсырмаларының көлемі мен күрделілігін білім алушының жұмысқа қабілеттігі мен зияты мүмкіндіктерін ескере келе мөлшерлеу керек; оқу материалын түсіну үшін қажет жағдай жасайтын пәндік-практикалық қызметті пайдалану қажет.

Зердесі орташа зақымдалған білім алушы үшін қызметінің негізгі түрлері келесідей болуы керек: жанды және жансыз табиғатты және әлеуметтік өмір құбылыстарын бақылау; пәндік-практикалық қызмет; ойын іс-әрекеттері және ойын қызметі; білім алушылардың шығармашылық-еңбек қызметі, әлеуметтік- тұрмыстық қызмет; білім алушылармен және

жақын аймақтағы ересек адамдармен қарым- қатынас.

Эмоциялық-ерік бұзылыстары бар балалар

Баланың ақыл-ойы зақымдалған болуы мүмкін немесе жоғары интеллектуалды не дарынды болуы мүмкін, десе де қарапайым тұрмыстық және әлеуметтік дағдылары болмауы мүмкін. Бір бала бір жағдайда ебедейсіздік танытса, екінші жағдайда керісінше ептілігімен көрінуі мүмкін.

Эмоциялық-ерік бұзылыстары бар балалардың танымдық белсенділігінде ерекшеліктер болуы мүмкін:

Білім алушымен жұмыс істейтін барлық педагогтер мен мамандар білім беру процесінде ортақ тәсілді ұстануы тиіс. Мұндайда қойылған орындалуы тиіс міндеттерден шегінбеуге тырысу қажет.

Педагог-ассистентті аутизмі бар баланы жиі қолдауы, әсіресе баланың бейімделуі кезінде қолдауы білім беру ортасына сәтті қосудың қажетті шарты болып табылады.

Баланың танымдық қызметтерге қажеттілігіне назар аудару қажет, мәжбүрлеп оқытуға болмайды. Жағымды ахуалда білім беру керек. Барлық балаларға өз іс-әрекеттерінің тізімін


 

қоршаған әлемді меңгеруде қызығушылықтың және белсенділіктің болмауы;

  • заттар мен материалдарды оларды пайдалану мүмкіндіктеріне қарай сараламайды, олардың неге арналғанын ескермей пайдаланады;
  • ақпаратты ұзақ өңдейді;

-назарды бірлесіп бір жерге аудара алмайды.

Әлеуметтік өзара байланыс аясындағы ерекшеліктері:

  • жақын адамдарымен байланыстың бұзылуы;
  • ересек адамның айтқанына мүлдем күлмей жауап беру;
  • балалармен байланысқа түспеу: басқа балаларды елемеу, байқамау, достастуға не қарым-қатынасқа түсуге тырыспау;
  • қоғамда өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелерін түсінбеу.

Мінез-құлық ерекшеліктері:

  • стереотипті (қайталатын) қозғалыстарды жасай береді: саусақпен түрте береді, қолын сілкілей береді, тербеле береді және т.б.;
  • кейбір дыбыстық тітіркендіргіштерге шектен тыс сезімтал келеді, ал кейбірін мүлдем елемейді;
  • қандай да бір заттарға шектен тыс назар аударады;
  • көп нәрседен қорқуы мүмкін: қандай да бір тұрмыстық шуылдардан, газеттің сыбдырынан, масаның ызыңынан қорқуы мүмкін. Денеге жанасқанға аса сезімтал болуы мүмкін, бірақ шынайы қауіптен қорықпауы мүмкін және т.б.

ауызша дыбыстау қажет. Аутизмі бар бала үшін алгоритмді білу маңызды.

Аутизмі бар баланың ерекше сипаттамаларын еңсерудің келесі жолдары ұсынылады:

- ақпаратты сызбалар, көрнекі суреттер арқылы беру; зорығуына жол бермеу; оқу кеңістігін тәртіппен ұйымдастыру; бала қолданатын заттардың сыртына атын жазып қою; баланы атымен атау; өз-өзіне қызмет көрсету және тұрмыстық бағдарлау дағдыларын үйрету.

Бала жаңа жерлерден қорықпайтын жағдайда білім беру ұйымының кеңістігімен біртіндеп таныстыру маңызды, сыныптың қай жерде екендігін, сабақтардың қай жерде өтетіндігін, балалардың тамақты қай жерде ішетіндігін және т.б. көрсеткен маңызды;

Баланың сыныптағы жеке орындарын белгілеуде (кішкене шкаф, парта) көрнекі маркерлерді пайдалануға болады: белгілі бір суретті салуға болады немесе бала оқи алатын болса – оның есімін жазуға болады.

Педагогтер сыныптың білім алушылары мен олардың ата-аналарына аутизмі бар баланың өзін құрдастарымен салыстырғанда неге ерекше ұстайтындығын түсіндіруі тиіс. Қоршаған адамдардың әртүрлілігіне құрметпен қарауды дағдыландыру қажет.


*Инклюзивті білім беру ортасында педагог стратегиялары жөнінде толыққанды ақпаратпен http://engime.org/ob-osobennostyah-organizacii-obrazovatelenogo-processa-v- obshe-v4.html?page=189 сайтынан және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен әзірленген әдістемелік ұсынымдардан таныса аласыз: https://uba.edu.kz/.

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" РММ https:// special-edu.kz/


Оқу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әмбебап дизайн қағидаттарын сақтау маңызды. Себебі бұл педагогке қабілеттеріне, жасына, жынысына, мәдени немесе тілдік ерекшеліктеріне қарамастан барлық білім алушылар үшін оқу процесін ұйымдастыруға көмектеседі. Әмбебап дизайн әртүрлі қажеттіліктері бар балаларды оқыту және қамту үшін қажетті


 

стратегиялар, материалдар, бағалар және құралдарды әзірлеу жоспарын қамтиды.

Осылайша, мектептің білім беру ортасы барлық білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс, бұл ретте инклюзивті білім беруді іске асырудағы қажетті элемент білім беру сапасы болып табылады және білім алу құқығы әрбір баланың ерте жастан ересек өмірге дейінгі білім беру процесінде табысқа жетуін қамтамасыз ету ретінде қарастырылады.


*Оқытуды саралау және дараландыру мәселелері бойынша толыққанды ұсынымдармен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен әзірленген әдістемелік ұсынымдардан таныса аласыз: https://uba.edu.kz/. және "Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы " РММ сайтында https:// special-edu.kz/


Бағалау жүйесі инклюзия жағдайында білім беру процесінің сапасын анықтауға, оқытудың стратегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешімдер қабылдауға, білім берудің мазмұнын да, күтілетін нәтижелерді бағалау нысандарын да жетілдіруге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерін өлшеу мен проблемаларын диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады. Білім беру жетістіктерін бағалау кезінде оқу барысында алынған нәтижелер мен жоспарланған мақсаттардың арақатынасы маңызды екенін ескеру қажет.

Инклюзивті ортадағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде білім алушылардың психикасына барынша ұқыпты қарау керек, баланың көңіліне тиюі мүмкін жағдайлардан аулақ болу керек, ерекше білім беруді қажет ететін балалар дамуының психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді.


*Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды бағалау бойынша толыққанды ақпаратпен    https://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005191_      сілтемесі     бойынша,    сондай-ақ

Ы.    Алтынсарин    атындағы    Ұлттық   білім    академиясымен    әзірленген    әдістемелік ұсынымдардан таныса аласыз: https://uba.edu.kz/.


  • Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды психологиялық- педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру


Инклюзивті практиканы дамыту процесінде білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау білім беру процесінің міндетті


 

компоненті болып табылады. Оның өзектілігі пандемия уақытында қашықтан білім беру кезінде өрши түсті.

Еліміздің мектептерінің маңызды міндеті – ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере келе білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру. «Қолдау» деп білім беру процесінің барлық қатысушыларының (әкімшілік, мұғалімдер, мамандар, ата-аналар және білім алушылар) өзара байланыста және сабақтастықта жұмыс істеуін түсінуіміз керек. Баланы қолдау оның білім беру ұйымына қабылданған сәтінен бастап оқу аяқтағанға дейін жалғасуы керек, ал кейбір жағдайларда қолдау одан кейін де қажет болуы мүмкін.

Инклюзивті білім беру дамуында қиындықтары бар балалардың ғана емес, барлық балалардың ерекше қажеттіліктерін ескереді. Осылайша психологиялық- педагогикалық қолдау қызметі әртүрлі пән мұғалімдері, сынып жетекші және мамандардан (арнайы педагог, логопед, педагог-психолог, әлеуметтік педагог) тұрады. Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрамына педагог-ассистент кіруі мүмкін. Сәйкесінше оқытуда жеке тәсілді қамтамасыз ету, нақты баланың ерекшеліктерін ескеру ұжымдық жұмысты, педагогтер мен мамандардың тығыз өзара байланысын қажет етеді. Аталған қызмет педагогтер және ата-аналарды жеке білім беру бағытын іске асыруға тарту, балалардың одан әрі ілгерілеуі мен олардың табысты әлеуметтенуі туралы күтілетін нәтижелерді зерделеу мақсатында ұйымдастырылады.

Қазіргі уақытта елімізде нормативтік құқықтық актілермен ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды кешенді психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз ету қажеттілігі бекітілген.

Педагогтердің назарын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрімен 2022 жылдың қаңтар айында бекітілген бұйрықтарына аударамыз:

  1. «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығы;
  2. «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы.

«Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрықта оқу қиындықтарының себептеріне байланысты арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібі анықталды. Оқу қиындықтарының себептеріне байланысты балалар топтарының сипаттамалары және білім беру қажеттіліктерінің түрлері берілген.

«Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықта білім беру ұйымдарында психологиялық- педагогикалық қолдау тәртібі, мазмұны, шарттары бекітілді. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыру кезеңдерінің сипаттамасы, осы процеске қатысушылардың құрамы, олардың функциялары берілген. Қағидаларда психологиялық- педагогикалық қолдау процесін бақылауды нормативтік құқықтық актілер, білім


 

беру процесіне қатысушылардың лауазымдық міндеттері негізінде білім беру ұйымының әкімшілігі жүзеге асыратыны көрсетілген.

Сонымен қатар ҚР «Білім туралы» заңының 45-бабының 3-тармағының 4- 1 тармақшасының толықтырылғанын атап өту қажет. Оған сәйкес «Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бұзғаны немесе білім алу үшін арнаулы жағдайлар жасамағаны үшін жауаптылықта болады...».

Қазақстандық педагогтер ерекше білім беруді қажет ететін білім алушы – психофизикалық дамуы бұзушылықтары ғана емес, оқытуда қандай да бір қиындықтары бар кез келген білім алушы екендіктерін түсінулері қажет.

Ол үшін әрбір мектепте психологиялық-педагогикалық қолдаудың тұрақты қызмет істеуі тиіс, оның міндетіне мамандардың балалармен дамытушылық жұмысы ғана емес, педагогтер, мамандар және ата-аналардың тұрақты серіктестігі жатады.

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға кәсіптік бағдар беру олардың денсаулығын, психофизиологиялық мүмкіндіктерін, психикалық ерекшеліктерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын ескерумен кәсіби оқытуға қабілеттерін анықтау, кәсіптік өзін-өзі анықтауда көмектесу мақсатында жүргізілуі керек.

Осыған байланысты, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды кәсіби бағдарлау осы процеске әртүрлі мамандар мен ата-аналарды тарта отырып, кешенді түрде жүзеге асырылуы керек, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушының мүмкіндіктеріне мамандық таңдайтын тұлғаның типологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелік құралдарды бейімдеу, кәсіптік бағдар берудің бүкіл кезеңінде ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың кәсіби жоспарларын олардың мүмкіндіктеріне сәйкес түзету қажет.

Инклюзивті ортада ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар өзін- өзі бағалауды және өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттырады, олар саналы түрде дайындық бағытын таңдай алады, бұл болашақта оларды қызықтыратын кәсіп бойынша жұмысқа орналасуға көмектеседі.


*Білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кәсіптік бағдар беру бойынша толыққанды ақпаратпен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен әзірленген әдістемелік ұсынымдардан таныса аласыз: https://uba.edu.kz/.


 

МАЗМҰНЫ


1

Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

8


1.1

Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды

қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілері

8


1.2

Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың

ерекшеліктері

10


1.3

Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау және олқылықтардың

орнын толықтыру жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері

18


1.4

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері

23


1.5

Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың

ерекшеліктері

25


1.6

Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері

25


1.7

Білім беру ресурстары: қайта басып шығарылған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, цифрлық ресурстар мен ақпараттық

жүйелер




27


1.8

Білім беру ұйымдарын, басшыларын, педагогтерді

аттестаттауды ұйымдастыру

27


1.9

Білім беру ұйымдары басшыларын ротациялауды ұйымдастыру

31


1.10

Орта білім беру ұйымдарын жан басына қаржыландыру

32


1.11

Пилоттық жобаларды енгізу

33

2

Бастауыш білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері, 1-4 сыныптар

34

3

Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыруды

қамтамасыз ету

62


3.1

Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жүзеге асыру

62


3.2

Білім       беру       ұйымдарында      психологиялық      қызметті

ұйымдастырудың ерекшеліктері

73


3.3

Білім беру ұйымдарында әлеуметтік қызметті ұйымдастырудың

ерекшеліктері

76


3.4

Білім беру ұйымдарында білім алушылардың өзін-өзі басқару

қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері

76


3.5

Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру

77

4

Білім берудің инклюзивтік сипаты

79


4.1

Инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

79


4.2

Инклюзивті білім беру ортасын құру бойынша ұсынымдар

79


4.3

Орта      білім      беру      ұйымдарында     білім      алушыларды

психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру

87


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив