01
октябрь
2025
"Орыс тілі мен ағылшын тілі-мәдениет тоғысы"
Әмеди Хасенов атындағы #11жалпы орта білім беретін мектебінде орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пән бірлестік мұғалімдерінің ұйымдастырумен "Орыс тілі мен ағылшын тілі-мәдениет тоғысы" тақырыбында айлықтың ашылу салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиын барысында білім алушылармен қызықты ойындар ойнатылды.Орыс тілі мен ағылшын тілінде тақпақтар, өлендер айтылды.Білім алушылар би билеп, сыйлықтар алды.Ұстаздар айлық аясында өтетін түрлі сайыстар мен ашық сабақтарға оқушыларды белсене қатысуға шақырды.