19
январь
2024
ДҮНИЕТАНУ пәнінен "Біздің тағам" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
19.01.2024ж Ә.Хасенов атындағы №11 ЖОББМ 08.01-31.01.2024ж аралығында бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық "Сапалы білім: Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ" айдарымен ашық сабақтар айлығының жоспарына сай бастауыш сынып мұғалімі Тотенова Гульзар Ташкенбайқызы 2 "Ә" сыныбымен ДҮНИЕТАНУ пәнінен "Біздің тағам" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдері Smart - тақтасы мен Flippity.net қосымшасын пайдаланып топқа бөлді. Wordwall қосымшасы арқылы "Миға шабуыл" әдісімен үй тапсырмасы тексерілді. "Иә/Жоқ" ойындары жүргізілді. Сондай-ақ топтық, жұптық, жеке жұмыс "Құпия суреттер ", "Дейін-кейін", "Сәйкестендіру" белсенді әдіс түрлерін қолданды. Білім алушылар "Домбыра" әдісі арқылы өзін-өзі бағалап,сабақ соңында "Тик-ток" әдісімен кері байланыс орнатты.